Шехерезаданың шаһарындамын

Барлықтарыңыз да “ Мың бір түн” ертегісін біледі деген бек сенімдемін. Ең болмаса, “ е-е, анау ма еді” деп басты ырғай-ырғай салуға ыңғайлы өзі. Ындыны келіп тұрған соң, ырлатқан жөнім емес, сол ертегіде ай десе мұрны бар Шехерезаданың қаласы делінетін шаһар бар.

Ол – Шарджа. Өзі Дубайдан он минут жерде орналасқан. Мына жазбаны сол қаланың айырпортынан жазып отырған жайым бар. 
Біріккен Араб әмірліктеріндегі ең бай қалаға қалтамды босатайын деген қаммен келген жоқпын. Бас бағдарымыз – қасиетті Мекке мен Мәдине, анық ниетіміз умра қажылықты атқару болғандықтан, жолшыбай осы жерге тоқтауымыз керек екен. Бір сөзбен, “ пересадка”. Келесі ұшақты күту үстіндеміз. Иә, Алла тағаланың қалауымен, “ аһ” десе, ар жағынан жүрегі көрінетін ағаларымыздың қолдауымен айтыскері бар, ақын-жазушы, ішінде өзім сияқты жорналисі бар ағайын умраға ниеттеніп жүрген. Ақпанның аяғында аттанамыз дедік. Болмады. Билеті сай келсе де, визасынан шілік шығып, бір үшақ бос ұшып, бос қайтып дегендей, қызыл шығынға батып, бір шыққан деседі.
Одан кейін наурыз… очм, кеше, сәуірдің 13-інде, Алматының әуежайынан, “ Эйр Арабияның” Айырбасынан мініп, жолға шығып кеттік. Төрт сағат, он минут дегенде Шарджаға келіп қондық. Шай-пайымызды ішіп, намазымызды оқып, ішінара ұйықтап, уағыз тыңдап дегендей, енді 11-12 сағат айырпортта аялдай тұруымыз керек. Ары қарай Джидда, одан әрі автобуспен Меккеге… деген сияқты маршрут жалғасып кете береді, бұйырса.
Айтпақшы, умраның үлкен қажылықтан айырмашылығы да сол, бұған жылдың кез келген мезгілінде баруға болады. Әрі Минада түнеу, Арафат тауында тұру, Муздалифаға қону мен шайтанға тас ату секілді рәсімдер орындалмайды. Дегенмен, Алла тағаланың қасиетті еткен жерінде, Адам ата мен Хауа ана кездескен, Ибраһим пайғамбар (ғ.с) мен Исмайл пайғамбардың (ғ.с.) уағыз айтып, Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с) дүниеге келген қаласында құлшылық қылу, жасаған күнәларына кешірім сұрап, тәубаңа келуге таптырмайтын тұс емес пе? Әрі десе, шетелге жасаған алғашқы сапарым осындай рухани зияраттан басталып тұр… Мұны да жақсы нышанға балай салайық.
Жарайды, көп сөзді көпіртіп қайтейін. Мүмкіндік болып жатса, жазып тұруға тырысамын!
Қазақ түгілі, дәже орысшаны қақпайтын стюардессаларға 5-шы сыныпта оқыған ағылшын граммикасын тексеріп көрдік. Жаман шықпаған сияқты, әр кофесіне 2 доллардан қағып алып кетті :-)
Тереземіздің тұсынан осы бір қызыл қүс қалмай қойды)))))
Мына жігіт тәблияны не басқа бір дұғаны жаттап жатқан болар шамасы….
Шарджаның панорамасы
Ринат бауырымызбен бірге. Үстіміздегі жилетка қалың нөпірде адасып кетпеу үшін арнайы тігілген….
Мынау жәшік көзіме оттай басылғаны бар ма? Бес жылдай Тараздағы Қызыл Жарты ай мен Қызыл Крест қоғамында жастар ұйымның жетекшісі болғаным есіме түсіп кеткені…
Қызық, ә! .“Ү” деген әрпіміз оларда кері төңкерілген Ү…



Мақала сілтемесі: http://orkenegro.wordpress.com/2011/04/14/%d1%88%d0%b5%d1%85%d0%b5%d1%80%d0%b5%d0%b7%d0%b0%d0%b4%d0%b0%d0%bd%d1%8b%d2%a3-%d1%88%d0%b0%d2%bb%d0%b0%d1%80%d1%8b%d0%bd%d0%b4%d0%b0%d0%bc%d1%8b%d0%bd/
Бөлісу:

17 пікір

TERISKEI
Бәсе деймін-ау, соңғы сәт дін жайында, иман жайындағы посттардың легі ағылып жатыр еді, дайындық екен ғой! ИншАллаһ, Алла қабыл етсін құлшылықтарыңызды! Мны жақта да ел барын естен шығармай, дұға етсеңіз тамаша болар! Жолдарыңыз болсын!
Zilola
Судың үстінен ұшып өткенде, Құдайдың құдыретін сезінесің, керемет сұлу қылып жаратқан барлығын!!!
ken
Ajethanaga kirgen shybyn da Kudaidyn' qudiretin sezinetin shygar, iisine tamsanyp.

Jolaushylardyn' joldary bolsyn. Aqjol!
alisha
құдыретті сезінер болса шыбының құдіретті екен…
ken
Qudiretti sezingen Zilola da qudiretti boldy goi, demek, senin' paiymdauyn' boiynsha?
Zilola
мен сондай сұлулықты көріп, жаратушының ең құдыретті, ең мейірімді, ең сүйікті екенін тағы бір рет түсіндім!!!
alisha
қойыңызшы, онда адамның басқа тіршілік иесінен айырмасы болмай қалады ғой…
Abilakim
Өркенжан, кіші қажылықтарыңды АЛЛА қабыл етсін!
blackbeard
Аллах қажылығыңызды қабыл етсін! Бізге де Аллах нәсіп етсін! Сізбен бірге бір танысым ұшқан еді:) Көз қырыңызды сала жүріңізші:)))))))
Onlasyn
Иншаллаһ аман-есен барып қайтыңыздар…
KILYZAMAN
Ниетің қабыл болғай бауырым… Иә, біріккен араб әмірліктерінің тарихы қызықтыралық қой(уақыт тауып үңіле түс). Аздаған жылдардағы соншалықты жетістіктері таңқалдырарлықтай емеспе???
seken
Өркен-жан умра-қажылық қабыл болсын! Сен үшін қуаныштымын! Алладан тілеген тілектерің қабыл болсын!
Ahi
Аллаһ ісіңді ықыласты етіп, умраны пайғамбардың үлгісіне сай жасауыңды нәсіп етсін! Ал біздер (әзірге баруға мүмкіншілігі болмай жатқандар) пайғамбардың мына хадисіне амал ете тұрайық: «Кімде-кім мешітке жақсылық үйренуге немесе жақсылықты үйретуге келген болса, оған толық қажылық жасаған адамның сауабы жазылады». (әт-Табәрани. Хадистің сенімділігін имам әл-Хәким, хафиз әл-’Ирақи мен шейх әл-Әлбәни растады. Қараңыз: “Тахрижул-Ихъя” 2/317 және “Мәжмә‘у-ззауәид” 1/123.)
Dinara
Nur Otan jibergen 60 adamnin işinde siz de bar ekensiz ğoy :)
kişi kajılığınız kabıl bolsın! osındağı barlığına da Alla nasip etsin!
satvaldo
не үшін келгеңізді ұмытып қалатындай болмаса далбаса ғой
satvaldo
Айтпақшы, умраның үлкен қажылықтан айырмашылығы да сол,… Әрі Минада түнеу, Арафат тауында тұру, Муздалифаға қону мен шайтанға тас ату секілді рәсімдер орындалмайды
біздің ауылдың шалдары секілді базар аралап, сувенирлер алып қайтсаң да бола ма екен?
konvict
Қабыл болсын. Анау бірінші суреттегі Өркеннің арт жағында төртінші болып отырған Шорабектің басына құсайды екен