Қош бол, Интер!

Сонымен, чемпиондар лигасы ақтық бәске бір табан жақындай түсті.
Ақтық жұп Реал-Барселона және МЮ-Шальке төрттігі арасынан іріктеледі.
Испандық эль-классико жеңімпазы финалдық доптебістің фавориті болады деген ой бар.

Кешегі ширекфинал ойындарында Реал реномесін кезекті мәрте дәлелдеді. Бастапқы 4-0 Тоттенхемнің салын суға кетіріп қана қоймай, стимулдың быт-шытын шығарған секілді.



Интердің өз алаңындағы абыройсыздануынан кейін неміс жерінде жігерлене қоюына сену қиындау еді. Рауль бастаған Шальке ішкі біріншіліктегі қолайсыздығын осы жетістігімен жібітіп-жіпсітіп жатқан сыңайлы.



Екі аптадан кейінгі төрт алыптың жұптасып жұлынуына куә боламыз енді. Түнгі үшке дейін ұйқықиярлыққа бар болсаңыз.

Менің таңдауым МЮ мен Барселона. Оның өз себептері бар :)
Бөлісу:
  • 6

26 пікір

asaubota
Реал мен Барса осы сенбі күні чемпионатта кездеседі, одан кейін кубокта, сосын Чемпиондар лигасында.
Nurgisa
Біздің «Ақтөбе» мен «Тобыл» сияқты десейш :)))
Abilakim
Бұл жерде қайсы «тобыл»?
Nurgisa
Бұныңа Барселона үшін Реал тобыл, ал Реалға Барселона тобыл екендігін атап өтпеске болмайды.
satvaldo
эмаа, біздің стадионды ластайтын болды ғой…
asaubota
маған бәрібір, сол күні кімге бәс тігем сол ұтса болғаны
Erlan
Астананы Атырау 0-2 кылып ұтты! хокқиден ден басым түсті!
qisyq
Реал һәм Шальке! Нұрғиса, әттең, әттең)))
Nurgisa
Өй, маған бәрібір, терлесем болды.
Onlasyn
Реал-Барса (Ла Лига) қай каналдан болады? Білетіндер бар ма?
Nurgisa
Дәр-ТВ
qisyq
Бір жаманы, олар түрлі-түсті қылып көрсетпейді.
Nurgisa
Дегенмен, комментаторларының нақты-нақты кәменттеуі тәнті етпей қоймайды.
satvaldo
қайсысы? футболды қақпайтыны ма? әлде, орысша ойлайтыны ма?
konvict
Барса мен МЮ-дің асығы алшысынан түсетін секілді. Бірақ, өз кезегінде Реал мен Шальке қарап қалмас. Бірінші ойын Бернабеуде өтетінін ескерсек, алғашқы ойында Реал жеңуі мүмкін. Есеп 2-1 болтаны шығар.
satvaldo
ұят-ай, спикерінді-сс дайындалмайды ғой. даусы дірілдемей «интердің Футболкасындағы айдаһары несс?» деп қоят…
Onlasyn
«Кейін анықтай жатармыз» деп па?))
asaubota
Спартак та қоштасты, жалпы есебі 2-10

бірақ, кеше Дзюбаның голы әдемі болды. 4 қорғаушыны өтіп салды:

satibaldi
Пешеходы юродивые.
satibaldi
Барселона айырад нақ.
satibaldi
Принципке барып көп гол салад, Спартақты Порту айырғаны сияқты айырад.
qisyq
Кімді? Реалды ма?
satibaldi
Аха. Ең болмаса Роналдудың әнебір лузерше өтірік жынданатынын көру үшін қараймын. Жыным келед осы Роналдуға, мал әкесс!!!
asaubota
суботы күні нешеде болады екен. сол күні тойда болатын едім, тойдан кейін қарайтын.
satibaldi
))))))))))
asaubota
Голпас екеуі де гол салады дегенге 1.49 беріп жатыр. 100 мың салып жолдың ақшасын шығарып алайын ба? :)