Бейнебояннн: Ескііііі хит әндер!

Мына әндер кезінде хит болған еді. Интернеттен табам деп мүлде ойламаппын :))

Арқас ансамблі — Қасқалдақ


Талғат Кеңесханов — Жалаң аяқ қыз


Талғат Кеңесханов — Сұлуым
Бөлісу:

27 пікір

sammita
"Қасқалдақ«тың авторы Шымкенттік Лесбек Аманов кезінде біраз қысым көріпті ауылдасының айтуынша. Анық-қанығын білетіндер жазсын.
Кезінде мықты әндер еді мыналардың бәрі, жатқа айтпайтын адам аз еді.
Abilakim
Иә, керемет әндер еді. Жастық шағыма қайта оралғандай болып отырмын…
omarbirat
Соңғы екі әнді көбінесе «Тамашада» немесе басқа концерттерде шығара беретін. Тіпті «Сұлуымның» клипі де болды. Бірақ бұл екеуіне қарағанда "Қарабауыр қасқалдақ" нағыз хит еді.
edige
Қасқалдаққа мағанасын білмей өліп билегенбіз шешессс… Қазір ұялам соған
Zilola
мағынасы жаман ба сонда?
omarbirat
Саяси астары бар.
Zilola
ааа, мен оны ойламаппын
Zilola
Әскерде де осы әнге шагайттайды па моему
alisha
Осы Желтоқсан оқиғасына байланысты шыққан ән ғой, иә?
alisha
Қаңғып келген шүрегей — Колбин емес пе
TERISKEI
Есенғали ағама осы өлеңі үшін ризамын! Нақ Қонаев пен халықтың парқы көрінеді…
sammita
қой, жаман сөз айтпа:)
sammita
Қасқалдаққа билейтін еді көбі, әуені соған келе ме… Есімде, "Қазақстан әйелдері"-нің соңғы бетіне осы ән сөзімен, нотасымен шығып еді. Тарихын кейін оқыдық қой.
(Едіге жазып үлгеріпті)
Erlan
жігіттер жыртыватырғо, шет жағасын бізде естіп қалғанбыз осы андердын, жақсы андер
VKM
мүлде естімеппін… бірақ жақсы әндер екен)
ken
«Aman aman elaman..» degen an de hit bolgan. Al «otyzdan asyp baramyn» degen ansiz bir toi otpeitin, on'tustik jakta.
omarbirat
Еламанға қарағанда мыналардың сақалдары ұзынырақ :))
TERISKEI
Талғат Кеңесханов емес, ТАЛҒАТ КЕНІШҚАН еді ғой! «БҰЛБҰЛЫМ» деген әнді айтушы еді…
omarbirat
Бұрын Кеңесханов болып жүретін. Кейін Кеңесханұлы да болды. Одан кейін қалай өзгергенінен хабарым жоқ екен :)
asaubota
ол кездерде ән айту әлі өнер болып саналатын. әншілер кедей тұрушы еді, айлық алмағанымызға көп болды деп жылап отырушы еді ТВде.
TERISKEI
ауылда 81-83 жылғылар ішіп алса, «жааааанныыым, бір көріп ғашық болдым сағааааан» деп, ӨКТЕМдікін "өкінішке" айналдырып, өкіріп отырушы еді… сол ән қайда?
saken
көз жасымды бір сүртіп алдым :))
Aizhantabyn
songysy bizge korwi turgan, Alfarabi degen uly bolatyn :))) bala kezde ustinen kulip, kalanyn aty sende dep. Bilmedik koi sosyn Astanagulder, Samithandar t.s.s paida bolatynyn :))))
bazuka
ол уақытта бір дәурен еді деп күрсініп қояйыншы, біздің ауылда ОРТ ғана көрсететін ол кезде, арасында Қазақстан арнасын қосқанда концерттерден естіп қалатынбыз осы әндерді.