Сағындым (Ажар Түзелбекқызы)

Айдынға аққу-қаз оралды, сағындым сені,
Жайнады дүние, жаңарды, сағындым сені.
Жаз өтті, жапырақ тоналды, сағындым сені,
Ақ қайың ақ мамық оранды, сағындым сені.

Қайырмасы:
Күн батты, таң атты тағы да,
Ем таппай жаралы жаныма,
Жоғыңа сенбестен қарайлаймын жолыңа.
Сен едің ертегі аралым,
Дертімнің таба алмай амалын,
Таусылып ішімнен барамын-ау, қарағым.

Ақ қайың арылды ақ қардан, сағындым сені,
Сандуғаш сайрады бақтардан, сағындым сені.
Елесің жоқ болған тәтті арман, сағындым сені,
Келесің, жаным, қай жақтардан, сағындым сені.
Бөлісу:

37 пікір

VKM
Бірде Алматыға осы кісінің көршілерімен бірге бардым.Мен онда осы әнді де авторын да білмейтінмін.Жолдасы тамада болған, балаларымен жалғыз қалды.Ешқашан осындай әдемі ән шығарады деп ойламайсың, кәдімгі үйде, балармен отырған адам деді.Қыздың флешкасында бар екен, мен ноутқа жазып алдым. Кейін тыңдап, керемет ұнады. Мағналы, жақсы ән.Айгера, респект!
omarbirat
Жолдасы тамада болған
Айтыскер ақын да болған еді.
VKM
Ол кезде мән бермеппін, шалақазақ кезден естелік ғой)
omarbirat
Мына жігіт болатын. Оразалы Досбосынов деген.
AKY
Ия, Оразалы Досбосынов деген айтыскер ақын. Бір жылдары финалға дейін барып, машинаға бір-ақ қадам қалып жүрген талантты жігіт болатын.
Nurgisa
Машинаға бір-ақ қадам болғанда…
Өлшемі өзгешелеу ақын еді ғой. Кейбір айтыстанушылар оны «айтыстың барометрі» деп те атаған екен.
Жас пері боп жұртты дүр сілкіндіріп жатқан кездері «масаның ызыңымен, желмен ...» «айтысатынын» естігенімді түсінбеп едім. Астарын кейін ұқтық қой.
Ал «машина өлшем» призмасымен қарастыру кейде орынсыздау ма деймін. Көп ретте, ақындарға алдағы айтысты кім "ұту керектігі" алдын ала жария болатын кездер болған. Сахнаның арғы төріндегі саясатын қазбаламай-ақ қою керек, әсілі.
Бай боп көрмеген екен өткенде бір мемуарды оқып отырсам. Кейде сондай жоқшылық адамды ширататын да сияқты ғой. Бірақ бұл талантты болу үшін қолы қысқа боп, азап шегуі керек деген догмаға әкеп тіремесе игі.
Мықты ақын еді.
AKY
Жалпы, таланттылығын айтайын дегенім ғой. Әйтпесе, «машина өлшеммен» өлшеп жатқам жоқ.
ken
«Men syiga tartqan oramal bir kuni jogalar» degen joldary bar andi oryndaityn anshi de osy kisi me?
AKY
Менің білетінім:
«ағайын-туыс, бауырға,
сәлем айт туған ауылға,
өзім де барып қайтармын,
көргенше аман бол, жан ана»
saken
ол әнді Роза Әлқожа орындайды.
ademi_alem
«Мен сыйға тартқан орамал» әнін орындаушы — Роза Әлқожа.
boztorgai
_www.KazClub.kz_A.Tyзелбеккызы-Досым кайда[KazClub.kz].mp3
meirzhan
Ажар Түзелбекқызы Оразалы Досбосынов деген айтыскер ақынның әйелі. Оразалы кезінде мықты ақын болған. Жол апатынан қаза тапты. Ажар Түзедбекқызы да жақсы әнші. Әндері аз емес. Әндерінен мұң есіп тұрады. Біле жүріңіздер. Оларды «тамада, үйде отырып ән шығарған әйел» демей. Олар қазақтың мақтанышы.
Zilola
Ажар қазір тағы тұрмыс құрған, жұбайының есімі Ербол ғой дим.
Ал Оразалының қазасына кінәлілерді қазір қамауда ұстап отыр, неше жыл өтсе де әділдік бір күні бой көтереді екен, Аллаға шүкір!
sammita
аха, тұрмысқы шыққалы да біраз болды-ау деймін. Қазасына кінәлі дегенді ұқпадым, біреудің қолынан қаза болған ба сонда?
Zilola
иә қазасына себепкерлер болған
Gastarbaiter
Қазақтың мақтанышы жағын қайдам, бірақ Оразалы өте жұмсақ, жекеге шықпай сөздерді өрнектеп тұрып ою салғандай айтыса білетін шебер айтыскер еді. Бір кездері Оразалыны Бегарыс-ау деймін, өзінің азулы бірақ қатынша-шайпау мәнерімен төпелеп тастады. Жиналған халықтың көпшілігінің интеллекті жалпақ қарапайым сөздерді тез ұғатындықтан барлығы Бекарыс Шойбековке көбірек шапалақ ұра бастады.
Жасөспірім едім сол кезде.
AKY
Мүмкін Бекарыстың жерлестері поклонниктері көбірек болған шығар залда)
Сосын әлгі айтыстың вручениесінен кейін, Әселхан Бекарысқа бірдеңе деп, Бекарыс шапанын бір жаққа, гүлін бір жаққа лақтырып кетіп бара жатқан кадрлар есімде қалып қойыпты. Мен де жасөспірім едім ол кезде))
Gastarbaiter
Бекарыс шапанын бір жаққа, гүлін бір жаққа лақтырып кетіп бара жатқан кадрлар есімде қалып қойыпты. Мен де жасөспірім едім ол кезде))

Мына тірлігіне қарап, Бекарыс та жасөспірімдік кризисті бастан кешіріп жатқан кезі шығар деп түйдім.
Zilola
Жездем (туған жездем), кезінде мектепте жүргенде осы Оразалымен бірге бастаған айтыскерлікті. КЕйін ауырып тастап кеткен, Ажармен араласып тұрады.
boztorgai
өзі тым нәзік жанды болса керек
ана бір сөмкесіне наркотик сап жіберетін клипте осы келіншек емес пед
құдай аясын
Zilola
тап сол клип, анасына арнаған әнді орындайды.
негізі аясын дегенді неге жаздыңыз?
boztorgai
үнемі егілед те жүред
тыңдасаң қосыла жылайтындайсың, тұқымы жайылғыр
сағындым әнінде құдды байын жоқтап отырма деп қалам
Zilola
Әндерінде ғана егіліп жүргені болмаса, өмірде өте қайратты адам.
Сағындым расында да жоқтау сияқты шыққан.
AKY
Ажар Түзелбекқызы қайтыс болыпты((( Розатайдан оқыдым
ademi_alem
Your text to link... Мына жерде Ажар Түзелбекқызының Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Сен менің...» әніне түсірілген клип.
aza
Осы әнді кеше Ажарды еске алу кешінде Жігіттер орындады. Дәл тиді маған, жігіттер базар жоқ, езіп жіберген екен, енді сұрақ әнді Жігіттердің орындауында таба алатын адам бар ма?!
aikarakoz
Мен залда отырып, жылап оттым осы әнді орындағанда. Тапсаңыз, маған да хабар беріңізші.
aza
Ммм, жарайды… Сізге де сондай өтініш…
Armanjan
Осы концертті өткенде телевизордан көріп отырып, соңына қарай барлық әнші сахнаға кеш иелерінің балаларын алып шыққанда, көзі мөлтілдеп жылауға шақ отырған Айқаракөзді крупный планда көрсеткенде, телевизордан емес, театрға барып көргенде менде кемсеңдеп отырармедім деп ойладым.
Didi
Очень красивая песня! Напишите пожалуйста кто-нибудь перевод. Спасибо!
asaubota
Гуглдан осы әннің сөздерін іздеп, осы сайтқа тап болдым. пост авторына рахмет. көп адам іздейді екен