Эстафета: "Бағдаршам" һәм "Дениз бақыты" . Поторепартаж:))))
Уа, жамағат!!!
Түнеукүні Нұрғиса ағам салып берген эстафеталық сара жолды жалғастыруға рұқсат ет! Ағам Теріскейдің аспаздық қабілетін байқалық деген сәтте, тесікке кірер жер таппадым. Біз пенде өмірінде жетістіріп тамақ істеп көрмеген, керек десеңіз әлі «маңдайына таба тимеген» (© «Рапунцель») жігіт ек :))) Қой, ұят болмасын деп, бұрынырақта үйренген бірдеңелерді еске түсіруге тура келді.
Әлқисса. Кешкі сағат 21-15. Қасыма «потогрып-помощнигімді» ертіп, асханаға кірдім. «Тыңда, Сәнәй, қазір мен істеп жатып, мынаны түсір, мынаны түсір деймін, сен түсіріп тұрасың, жарай ма?» Жауап «мақұл» болды. Қарындасыммен диалог қой…
Сонымен, мен тамақ істей алмайтынымды "үшеу білсе, бесеу білмес" ©. Салат істегелі жатырмын, аты — «Бағдаршам». Нууу, қызыл. жасыл болған соң, солай дейтін шығар.
Бізге қажетті ингредиенттер: ет, қызыл, жасыл және сары түсті болгар бұрышы (перец), «Corrado» және «Bonduelle»-нің тәтті жүгерілері, қызыл пияз, укроп және кинза, соя соусы.
Бастаймыз:
1. Міндетті түрде «Бисмиллаһи рахмани-ррахим» деп ісімізді Алланың атымен бастап аламыз.
2. Жақсылап тұрып қолымызды жуып аламыз (тазалық қой):)))
3. Әлгі ет пен бұрыштарды жалпағынан әдемілеп тураймыз.
4. Қазанды отқа қойып, аздап қызған соң, өсімдік майын құйып, аздап оны да қыздырамыз.
5. Туралған етті қызған майға салып, арлы-берлі қозғаааааап, оттың астын басып, 10-11 минөтке қақпағын жабамыз.
6. Ал, мына жақтан туралған бұрыштарымызды тостақ ыдысқа (суретте менікі сияқты майонез-айрандардан қалып кеткен ыдысқа емес, әдемі болу үшін нуууу, очм шұңғыл ыдысқа) салып, үстінен тәтті жүгерілерімізді «төңкереміз».
7. Сосын укроп, кинзаларды майдалап, өз әдісінше турап, тағы да жоғарыдағы ыдысымызға саламыз да, үстіне лимонды отрасынан екіге не төртке бөліп, сөлін сығамыз жақсылап.
8. Бұл сәтте қазанымызды етке назар аударамыз. Етті жұмсарта түсу үшін соя соусы мен тиісінше тұз қосамыз.
9. Обшым не керек, етіміз де қуырылып біткен сәтте әкелеміз де, әлгі бұрыш-жүгерілер салынған шұңғыл ыдысымызға араластырамыз.
10. Біттіііііі!
Бұл менің потогрып-помощнигім..:)))
Пы.сы.Ренжімеңіздер, мен әсемділік, әдемілік дегенді онша білмейді екем, қолдан не келді, соны жасадық… Келесі эстафета таяқшасынSAMMITA Омар быратқа берсем деген «арам» ойым бар.
Пы.сы.сы. Очм, не керек, салатымызды істеп бітіп жатсам, қарындасым жүгіріп келді, «Дениз» сериалы басталыпты. Салатымыздан ауыз тие отырып көрдік.(қыз құсап сериал көргенін несі деп жынданып жатқан «смайликтерге» айтарым, оның өзіндік себептері барын айтқым келеді) 386-сериал бітті: Дениз Бахридің өз әкесі екенін білді, жалғыз ол ғана емес, бүкіл жұрт білді, жамағат! Зынашит, Дениз бұдан былай Атабаева болатын шығар:))) Сол үшін салатымның атын өзгертіп, «Дениз» бақыты деп атадым:)))

Пы.сы.Ренжімеңіздер, мен әсемділік, әдемілік дегенді онша білмейді екем, қолдан не келді, соны жасадық… Келесі эстафета таяқшасын
Пы.сы.сы. Очм, не керек, салатымызды істеп бітіп жатсам, қарындасым жүгіріп келді, «Дениз» сериалы басталыпты. Салатымыздан ауыз тие отырып көрдік.(қыз құсап сериал көргенін несі деп жынданып жатқан «смайликтерге» айтарым, оның өзіндік себептері барын айтқым келеді) 386-сериал бітті: Дениз Бахридің өз әкесі екенін білді, жалғыз ол ғана емес, бүкіл жұрт білді, жамағат! Зынашит, Дениз бұдан былай Атабаева болатын шығар:))) Сол үшін салатымның атын өзгертіп, «Дениз» бақыты деп атадым:)))
АКҮ, осылай тамақ істей алатын жігіттер көп болғанымен олар күнде істемейді және еркектердің көбісі оңбаған :) сондықтан күйеуге шығуға асықпаңдар.
p.s Омар кірдің косякқа :))) Омардың тамақ істеп жатқанын елестете алмай отырмын :))
Пы сы: Теріскейдің қарындасы өзінен айнымайды екен.
Мынау салатыңды істеп көргім келеді. Бір жақсысы, бүгінге дейін ұсынылып жатқанның бәрі істеуі ұғынықты, оңай және дәмді рецепттер екен, қарап отырсам. Гастаның болонезін әлі істей алмай жүргенім-ай…
Омекең, мен білсем, палауымен таңдандыруы керек бізді. Өзінің өрікпен, жаңғақпен істейтін
супероригиналерекшетүпнұсқа әдісі бар :)Эстафетаны "қоздырған" құрдасым Әминәкесіне тау-тау респект.
Үшінші суретке қарап сұм ойым келесі бір эстафетаға кетіп жатыр, бармағы майысқан адамдар шебер хәм өнерлі болады деген ырым-жырым бар ед тә:)
салаттың авторлық құқығы да өзіңе тиесілі ғо дим, дә? сенің пантазияңның мықтылығына сенеміз ғо.
тайлық етке ұқсайды екен. тек жүгері дегені қызық…
еттің орнына жеңіл бірдеме қосса болатын шығар ага ;)
тауық еті, балық еті барлығы бола беретін шығар дегім кеген.
кейде бар ғо осындай эстафеталарыңызды көріп, шын, армандап кетем дачы, меніде кейін үйімде салат жасап күтіп отса ғо деп))))
p.s сәлем Димаштың балдызы, кегіңді алдым өткендегі ;)
әріптерді түсінбедім :) бірақ түйсігім ойлағандай мағына* болса, очм басым бос емес :(
Жаңа жыл сияқты ғой. Біршама уақыт дайындыққа кетеді. Ал ол, ЖЖ, келеді де, қылт етеді, көзден ғайып болады. Салаттың артықшылығы — асқазаныңда қалады…
Жарайсың бауырым, риза болып отырмын, үндемей жүріп жігіттеріміз өнерлі екен. Демек аш қалмайды екенбіз (киім үтіктеулі, үй жинаулы дегендей ғо) :))
Salatynyz da!
Бір әнек есіме түсіп кетті ғой. Бір келіншек: «Мына кітаптағы ас мәзірлерінің бірде бірі маған бармайды екен. Олардың бәрі былай басталады: „Таза ыдысты алыңыз....“».
Ал былай күшті бәрі!
Теріскей, Дениздің өкініші, Кеш келген махаббат, Еһ, Дениз дегендей салаттар жасашы:)
Асобенны ойнақтаған көзі :)
Құрамы: ет, тұз,қант,қырыққабат, көк, картоп, майонез.
ПыСы: «отырайын сол сендер үшін майонез бұлғап, өздерің жасап алыңдар епті… тар» дей сал:)
Kitap turaly estafeta son'yna jetti me? Cheta korinbeidi goi
Енді түбірінен жұлынған көкөністен мұндайды талап ету… Сіз де…