Cүйдім сені (МузАрт)

Махаббат — мәңгі көктем, әні — дастан,
Жалынды жүректерді тәңір қосқан.
Аяулы арманымды аңсағанда,
Көңілдің көгершіні алып-ұшқан.
Құралай көздеріңнен сыр ұққандай,
Жанарың жүрегімді жылытқандай.
Жарқ етсең жарты әлемге, боламын мен,
Есімімді ұмытқандай.

Қайырмасы:
Сүйдім сені, еркем, бағымсың ба?
Атыңды айтып жетер әнім-шыңға.

Аққуым, айдын-көлі қарсы алғандай,
Көрген жан тілге келмей тамсанғандай.
Сен жүрсең, бақта қайың билегендей,
Сен күлсең, бақта құстар ән салғандай.
Таң күліп, алма жүзің арайланған,
Мәңгілік бақытыма балайды арман.
Күн шықса Алатаудан, мен деп ойла,
Көз алмай, еркем, қарай қалған.

Тыңдадым дауысыңды бұлақтардан,
Шыңдарың қолым жетпес қуатты арман.
Еліткен еліктейін еркелігің,
Әнімдей қайталанбас, ұнап қалған.
Білмеймін қайта айналып келесің бе,
Әйтеуір өзің ғана елесім де.
Бір болсын тілегіміз, жүрегіміз,
Бақытым сол, сенесің бе.
Бөлісу:

7 пікір

saken
Әннің музыкасын жазған өзбек қой деймін.
Ремиксі көбірек ұнады.
Zilola
Махаббат жапрағын үзгенің рас па? деп басталатын жақсы ән, бұрындары Самандар (өзбек) деген әншінің орындауында тыңдайтынмын.
VKM
Біздің Мақпал бәр өзбектің әндерін біледі:)))
saken
:)))
Өзбекистонның әнұранында ма???
VKM
Бәс, Сәкен аға, ол біледі)))Иә, Мақпал?
Zilola
хе-хе, қайдағы әнұран? :)))
Zilola
бәрін емес, тек санаулысын ғана :)