Жалт етіп өткен (Әсем)



Алау шақ өтеді-ау,
Сағынышым шекер-ау,
Біз аңсаған бақыт қайда екен?
Өткен күндер бекер-ау,
Оралмайды екен-ау,
Қиялыммен сені тербетем…
Жүректегі шырыным,
Құлағымда тұр үнің,
Көңілде солмай жүрген гүлім.
Аңса, мейлің, аңсама,
Сағынышпен қаншама,
Оралмайтын күндер екен ғой…

Қайырмасы:
Жалт етіп өткен,
Сонау бір көктем,
"Қош бол" енді деймін бе саған.
Жүрегім енді,
Бәріне көнді,
Қош бол, қалқам, жеткізбеді арман…

Шуағым, сәнім-ау,
Айтылмаған әнім-ау,
Естелік боп қана қаласың.
Көңіл деген әрқалай,
Жүрмедің бе қалқам-ай,
Жүректердің жалғап арасын.
Кезікпейсің енді сен,
Кезікпеймін енді мен,
Аңсаумен өткен күндер қанша?
Бөлісу:

18 пікір

madlen
mawinada ketip bara jatkanda aigailap aitkanga kuwti an :)))
meirzhan
Өзің рөлде болмасаң айтуға болады. )
madlen
rolde bolyp ta aikailai beruge bolady :)))
meirzhan
Онда өмір «жалт етіп өтіп кетуі» мұмкін. Құдай сақтасын әрине.
chimaq
osy an janga chyqqanda MP3ten ketpeitin...))
ps:beineni kore alghanym ushin+berdim...))))
Zere
Тағы осындай әндер көп болса екен.
sammita
жақсы ән. Жынданып айтсаң біраз энергияны шығарып тастайсың:)
asaubota
қайырмасына жеткен кезде бітіріп жібересің :)
AKY
Айгөлекте осы әнді айтып, гран-при алып еді ғой бір бала. Даусы жақсы-ақ.
TERISKEI
осы ән жыным тиеді:( десем, біреуің тошно боқтайсыңдар ғой иә?:))))
AKY
Анау "Ғашық жүрек" фильмінде тойдағы бір еркек ше Заттыбектің «Ақмаржаны» жайлы «Бұл ән менің жыныма тиіп отыр» дейді ғой)))) Жаным ашып кетті сол кезде Зыттыбекке, сонша опускать етіп…
asaubota
осы ән күшті энергия береді. қазір осы жерден сөздерін оқып тыңдап отырмын, күшті
chimaq
asemning anderi jaqsy.unatyp tyngdaimyn..)))
dark_nazgul
Клип әннен айдалада жатқандай ма? әлде маған ғана солай көрініп тұр ма?
asaubota
иә, клибі «лағочка»