Айт сырыңды ақ қайың (Сәкен Майғазиев)
Ақ қайың тұр жағада,
Сағыныш боп санада.
Жалғыз келіп тұрмын мен,
Жылдар салып араға.
Өмірдің сан жолдары,
Біз шешкендей болмады.
Мен сияқты мұң шағып,
Келіп жүр ме ол-дағы.
Қайырмасы:
Айт сырыңды ақ қайың,
Көңілімде сақтайын.
Шығарып сап тұрушы ең,
Бізге тілеп бақ дәйім.
Гүл шашқанда бүршігің,
Сызып түннің тылсымын.
Сыңғыр сазға қосушы ең,
Қос жүректің дүрсілін.
Шұғылалы ақ таңда,
Айлы түнді мақпалда.
Сая болдың, сырластық,
Сол керемет шақтарда.
Қайырмасы:
Айт сырыңды ақ қайың,
Көңілімде сақтайын.
Шығарып сап тұрушы ең,
Бізге тілеп бақ дәйім.
Өткен күндер тізбегін,
Тәтті елестен іздедім.
Шырын шақтың куәсі,
Сенен күдер үзбедім.
Толқын соғып жағаға,
Шарқ ұрады шағала.
Мен де жалғыз, сен жалғыз
Ол да жалғыз қала ма?
Қайырмасы:
Айт сырыңды ақ қайың,
Көңілімде сақтайын.
Шығарып сап тұрушы ең,
Бізге тілеп бақ дәйім.
4 пікір