Арайлым (Сәкен Майғазиев)
Көз моншақтай көріктім,
Сол бір кеште жолықтың,
Жанарыңнан төгіп мұң, жаутаңдадың.
Тербетеді түн бізді,
Үркіп қашып елік күн,
Жымыңдаған жұлдызды,
Сенің көзің деп ұқтым, арайлым.
Қайырмасы:
Арайлым, неткен көрікті ең,
Сезіміме серік пе ең?
Әр сағат сайын, сәт сайын,
Ойлаймын сені неліктен?
Еркіне еніп елестің,
Бір көрініп неге өштің?
Періште де емессің, білем, жаным.
Мұңыңды айтып таңдарға,
Жұбатпады демессің.
Бірақ мендей жалғанда,
Ұнатпайды сені ешкім, арайлым.
осы жерден көшірілуі керек.
дариға үстіне рахатжақсы болар еді…