Дүние кезек...

Кішкентай кезімде әке-шешем маған көбірек көңіл бөлгенін, көбірек бірге уақыт өткізгенін қалап тұратынмын. Үлкендердің проблемасы азайған ба, балаларды қалай жеткізем (заманның оңай емес кезі), өсіріп-өндірем дегендей, тағы басқа алаңдайтын жұмыс, т.с.с. бар, общым, қалағаның бола бермейтін. Бір жеткен жетістігің болса, онымен бөліскенше асығасың да, бөліскеннен кейінгі үлкендердің реакциясы сен күткендей бола бермейді (мысалы, сен айтқан керемет жаңалық олардың күнделікті күйбең тіршілігінің арасында титтей болып оларға маңызсыз болып көрінеді дегендей)… іштей бұртиясың…
Кәмелетке толдық. Оқу бітті. Жұмыс, тағысын тағы, күйбең тіршіліктің көкесі енді менде басталды. Ал ата-анам керісінше, жасы ұлғайған сайын, балаларына үйірсектеніп, солардың қызығын көрсем деп қалап тұратын секілді. Әр нәрсені қызығып сұрайды қазір. «Жұмысыңда не жаңалық?,» "қайда бардың?", «не істедің», т.с.с. Менің болса «жұмысым толып тұр», «шаруам көп», «тез-тез айтшы, көп тыңдауға уақытым жоқ»…

Жаңа бір жылап алдым. Таңертеңгі әкеме айтқан сөздерімнің дұрыс еместігін түсініп отырмын. Әкем ренжігенін көрсетпесе де іштей сездім… Менің бала кезімдегі тау қозғалса қозғалмайтын мықты, "қолынан келмейтін нәрсесі жоқ", «барлық сұраққа жауапты білетін», артық әңгіме айтып мазасын алуға болмайтын адамның сезімтал, көңілшек, ранимый (қазақша баламасы еске түспей отыр) адамға айналып бара жатқанын байқамаппын…

Бір таксист орыс шалдың айтқаны бар еді, "әке-шешеңді ренжітпе. Сені нендей жағдай болса да қолдайтын солар" деп (әңгімені созып айтпай ақ қояйын, неден басталғанын ол сөздің). Сырт жерде абайлап жүргенмен, үйде жүргенде сөйлеп қалып барып ойланатын адаммын. Енді ойланып сөйлейінші…
Бөлісу:
  • 0

8 пікір

Gastarbaiter
Кешірім сұрадың ба?
Karakyz
Жоқ сұрамадым. Ауыздан шыққан сөз, кешірім сұрағаннан кейін қайтып келіп кірмейді ғой. Білмеймін, әлде кешірім сұрауға санам піспеген болар, бірдеңе ұстап жібермей тұрады, мүмкін әлі еркелігім қалмаған…
Aizhantabyn
Жаным ау, кешірім сұраған жүректі жібітеді)))

Әке шешеміз қашанда кешірімді. Ренжітпеуге тырыс.

Өткенде мен де папаммен сөзге кеп, қатты жылап алғам. Еркелік бітер емес (((
Gastarbaiter
Осы кезде сұрамасаң, ешқашан сұрамайсың. Әй соны ұмытып кеткен шығар дейсің де жүре бересің.
Ол кісілер бізге мәңгі өлместей көрінеді. Ертең кешірім сұрап, жақсы көретініңді айтпасаң, ешқашан сұрамайсың. Ұстап жібермей тұрған нәрсе тәкаппарлық ғой.
Меніңше сен әлі сол жетістігіңе мән берген әкесіне бұртиып жүрген кішкентай қызсың. Кешіктірмей, келешекте кешірім сұрап үлгерем деп ойлайсың ғой әлбетте. Бірақ солай өзіне сеніп кешіккендер қаншама?
bazuka
Қарақыз ойынызды жинақтап алып кешірім сұраныз! Бұл сіздерді одан әрі жақындастыра түседі.

Мен әкеме ешқашан артық сөз айтып көргем жоқ бірақ ауырып қатты қысылып жатқанда ренжіткен кездерім болса кешірім сұрайын деп және қатты жақсы көретінімді айтқым келіп екі күн дайындалғам, бірақ әттең айта алмадым… тым кеш болып кетті.
boztorgai
бүгін керекте родительский день бе:)
KILYZAMAN
Міне — міне, сыздап жүрген сыздауығымызды(үлкендердің) дөп бастың. Өзегін алып, соқтасын шығар енді :-)
VKM
Кішірек кезімде ата-анамның айтқанын бұлжытпай орындаушы едім,қазір неге? былай істесек қайтеді? деген сияқты сұрақтар қоятын болдым. Сосын… бір жерге сұранғанда, кейде сөзге келіп қаламын… мектеп кезіндегідей уақытқа жібереді.Ал инетте отырсаң, неге көп отырасың дейді. Түсініп көр оларды…
Бірақ екеуі де сооондай жақсы адамдар.Кешірім сұрайтындай ренжітпеймін.