Келеді кездескім (МузАрт&Меломен)

сөзі: Қалқаман Сарин
әні: Арман Бексұлтан




Көңілсіз күндермен қоңыр күз жеткенде,
Қолыңа гүл берген, "қош" дедім көктемге.
Сен оны сезбедің, сен оны білмедің,
Сен әлде өзгені сағынып жүр ме едің?

Қайырмасы:
Сүйгенін сезбес кім?
Сынына төзбес кім?
Сыр айтып сен жайлы,
Мұңайтты кербез түн…
Жұбаныш болмайды,
Жаныма өзге ешкім.
Келеді кездескім…

Өзіңді көргелі,өзгеше күй кештім,
Сыңар боп сендегі сезіммен үйлестім.
Жолыма жолықтың, жанарың мөлдіреп,
Мен сені көріппін, сол кезде соңғы рет.

Қайырмасы:

Аңсатқан ардағым бұл жалғанда,
Өзіңдей жан бар ма?
Айналған арманға,
Бір сендей жан бар?
Бөлісу:

36 пікір

meirzhan
Осы әнді Музартпен бірге айтқанын естігем.
saken
МузАртсыз айтылатын нұсқасы да бар ма?
meirzhan
МузАртсыз айтылғанын естімеппін.
AKY
Ия, МузАртты қосып қояйыншы.
sammita
Мұңайтты кербез түн…
«Мұң айтты» деген жөн болар ә?
AKY
«Сен жайлы сыр айту арқылы кербез түн мені мұңайтты» деп түсіндім
sammita
ал мен «кербез түн сен жайлы сыр айтты, мұң айтты» деп ұқтым. Екеуі де дұрыс сияқты онда.
AKY
Енді оны авторлар айтпаса… Екеуі де келеді әрине.
TERISKEI
www.youtube.com/watch?v=KbSgwf3nt70 — мына видеоны қоя салсаңыз, тіпті қатып кетер еді:))))
AKY
видео кодын қойып ем, шықпай тұр(
sammita
Сөзін оқып отырып әуенін ыңылдап айтып кетесің, ұнайтыны соншалық.
monti
«Туған жер» Беркуттың жана туындысы айбат екен :)
сөзін салыңдарЧ плз ;)
Zere
Ужс, сенің талғамыңа таң қалам ваще ))) Клипын көрген сайын ішім өте жаздайды ))
monti
)))) инстинг қап қойған шығар Беркут супер деген))))
Зережан, сізге несі ұнамайд нақтырақ айтып жібермеспе екенсіз? ;)
Zere
Біріншіден, сөздерін естідің бе? Өте талғамсыз жазылған дүние. Екіншіден, дауыс жоқ (екеуінде де). Үшіншіден клип тіптен сұрықсыз. Беркут далада жүрген киіммен шыға салған, әйелі шапанның астынан джинсы киген. Тағы артында танымал адамдар қосылып тұрады. Олар сьемка болады деп жақсы киініп келген сияқты, дайындалып. Клипті көрген соң не үшін түстім деп күйінген шығар… Жарайды жастар, Әлібек Дінішевті тіптен түсінбедім…
monti
сосын Айшаның шапаны ұнады анау ұзындау кегені :) тіктіру қымбаттау ага модерн, қазақша түрі :(
madlen
sol annin sozderin Berkuttyn anasy jazgan eken
Zere
Мұрагерді көрген сайын аяймын Дачы! Қалайша, сен осында түстің деп оххххх…
monti
Мұрагері кім ед? меңгереалмай қалдым :)
Zere
Домбырашы Мұрагер Сауранбаев. Концертіне барып едік қой.
monti
осы клипті қанша көрсемде, Мұрагерді байқамағаным қалай? :)
Zere
Жіберіпті… сақалды.
sammita
Зере, ақысыз сабаққа шақырам. Адресті Монтидан алуыңа болады:))))
Zere
Саған барсам, флудқа үйреніп кетем ба деп қорқам ))))
TERISKEI
ханымдар, күлмеңдерші, біз пендеге «флуд» сөзінің анықтамалығын айта аласыздар ма? :))
Zere
Тақырыпқа қатысы жоқ әңгімелер айтып, қуу.
sammita
ммм түсінікті...(қуғыншы))
AKY
Флуд — не по тақырыпу пікір жазу
sammita
қой, үйдеме)))
Саммита-жақсы мүше:)
AKY
Мүше))
TERISKEI
ааа, «көкірек көзімді оятқаны» үшін Зере, АКУ, Сэмми ханымға Алланың нұры жаусын!
saken
сөзі: Қалқаман Сарин
әні: Арман Бексұлтан
maqpal
бұл өлеңді маған жіберіңдерш, плиз кімде бар kmaqpal@gmail.com
AKY
Мақпал, почтаңа жібердім. Жүктеп алам деушілерге: kiwi.kz/watch/ufvxocudtqm4

Жалпы мр3-проигрывательдің үстінен 2 рет бассаңыздар, бірден киви.кз сайтынан шығасыңдар. Сол жерде «скачать» батырмасы бар))))
maqpal
иә, алдым рахмет!!!