Ауырмайды жүрек (Қайрат Нұртас)



Жастықтың жалынды бір күні еді,
Тым ерекше атты таңғы арай.
Көздеріңе көзім байланғанда,
Жүрек тулап, оттай жанғаны-ай.
Неге ояттың мені, жүрмедің бе?
Ой-санамды мәңгі жауламай.
Неге ғана маған кездестің сен,
Ғашық болдым қалай аңдамай?

Қайырмасы:
Ауырмайды жүрек, ауырмайды,
Сенсіз өткен күндер болмаса.
Ауырмайды жүрек, ауырмайды,
Сені ойлатқан түндер болмаса.
Ауырмайды жүрек, ауырмайды,
Мөлдіреген көзің болмаса.
Ауырмайды жүрек, ауырмайды,
Сүйем деген сөзің болмаса.

Жалындаған сол бір жаздың әнін,
Күз нөсері енді жалғасын.
Ауырады жүрек, ауырады,
Ауырады жүрек болғасын.
Біздей емес, ол жақ жылы дей ме?
Самғай бер, қанатың талмасын.
Жылатасың-дағы, жұбатасың,
Әрбір сөзің батқан қорғасын.
Бөлісу:

17 пікір

meirzhan
Ән авторы — Бауыржан Есебаев.
konvict
Сөзін жазған менің ағам — Олжас Отар
meirzhan
Айтыскер ағаға менің атымнан интернеттен жасалған шапан, тойыс +1. )
konvict
құлақтан кетті )))))))
AKY
Бәсе, кезекті ұйқас(((
meirzhan
Айтыскер ақындардың сөздеріне жазылған әндер арасында Ринат Зайытов сөздеріне жазылған әндер аз емес: «Шоқ қыздар», Ғаділбек Жанай орындайтын әндердің сөздері, А. Кішкенбаев «Сағына беремін». Демек оларда да кезекті ұйқас (?)
AKY
Оларда да кезекті ұйқас деп айтқам жоқ. Ал мына жерде 1-3 жолдарын ұйқастырса, артық болмас еді. Қолынан келмейді емес.
konvict
Шын өнер суырып салма ақындардыкі. Қарсыласына бірден ұтымды жауап айту деген керемет нәрсе.
AKY
Оған шүбә келтіріп отырғам жоқ. Әйтсе де мынадай дүниелерді сәл өңдесе болады ғой, суырып салған күйінде жарияламай.
konvict
Оны шығарған адамға айтарсың
AKY
«Ағам» деп мақтанып отыр едің ғой жаңа))
konvict
Ық-ық. Ағам деп мақтансам мен өлең сөзін қорғаймын деген жоқпын. Ай, қазақтың көре алмаушылығы ай
AKY
Щавельдің, көре алмайтын несі бар екен, сол да мақтаныш болып па)
konvict
Біреу үшін мақтаныш болмаса да, мен үшін мақтаныш. Ал, енді көре алмай ұйқас жоқ, дұрыс емес десеңіз өзіңіз біліңіз. Оданда өлеңді басында ақ салмау керек еді.
AKY
Лэйблдің, өлең ұнамаса, салмау керек деген заң жоқ. Маған ұнамаса, сен сияқтыларға ұнар, керегіне жаратсын дедім де.
konvict
сен сияқтыларға
деп не дегініз келеді?
AKY
Табельдің, комплексің бар ма ед? Жалпы айттым да. «О вкусах не спорят» дегім келді.