Тыңдай беретін әндерім

Рок ұнататындарға Duman деген топтың 3 әнін ұсынғым келеді. Көбінесе түрікше рок тыңдаймын, жұмыс кезінде күшті энергия береді. Жалпы рок музыканың тек музыкасы ғана емес, сөздері де сапалы келеді. Teoman, Şebnem сияқты рокерлерді де ұнатамын. Бірақ фаворитім Duman.

Бірінші әннің аты Bu akşam (Бүгінгі кеш). Ән еш уайымы, мәселесі жоқ жігіттің бүгін кеште ішу жоспары туралы.



Екінші ән Herşeyi yak (Бәрін өрте). Махаббат туралы тамаша ән.


Үшінші ән Yalnızlık paylaşılmaz (Жалғыздық бөлісілмейді). Әннен бір куплет: Жалғыз қалып көрдің бе бұл қу дүниеде? Сол кезде түсінерсің. Жалғыздық бөлісілмейді.
Бөлісу:

11 пікір

edige
Негізі қазақшаға аздап келеді осы түрік әндері.
«Мави Мави мас Мави» дегенді мен «когілдірлер» деп тусінгенмін басында. Бізде түрік жігіт аздап тәржімалап береді сұраған сөздерді, әндерді
ErNur
Ия түріктің әндері тартымды болады сөзін түсінбейтініміз болмаса.
Сосын мына байқаған қызық қазір беріліп жүрген Дениз сериалында басталып жатырғандағы әннің сөзі көкпен берілетін актерлердің аты жөні екен сөздері, соны аңғарып қалдым :)
konvict
Kaldirimlar әні керемет
asaubota
Бәрін өрте!

Мені өрте, өзіңді өрте, бәрін өрте
Бір ұшқын жетеді, мен дайын тұрмын
Қаласаң өп, құшақта. Қаласаң өлтір
Махаббат үшін өлу керек, махаббат сонда махаббат болады

Сені ішіме тарттым бір демде
Жүрегім тұтқын, көңілім қапаста
Екеуіміз де жанамыз отта
Бір ұшқын жетеді, мен дайын тұрмын
Махаббат үшін өлу керек, махаббат сонда махаббат болады

Аллаһым, Аллаһым! Отқа қарай жүріп барам
Аллаһым, азап және махаббатпен өсудемін

Сағынышыңмен, махаббатыңмен шаршат
Махаббатсыздық айрылудан да жаман
Қалағаныңша ауырт жанымды
Барлығың да, жоқтығың да жетпей жатыр

қазақша аудармасы шамамен осындай. осы ән және сөздері қатты ұнайды. махаббат үшін әлемді өртеуге дайынмын деп ойлайсыз ба?
dark_nazgul
махаббаттың мәні өртеуде емес, өртенуде шығар…
asaubota
өзің де өртенесің, өзгені де өртеп кетесің
dark_nazgul
тарихтағы шын ғашықтар негізі өзімен-өзі өртеніп кеткендер…
asaubota
мен егер біреу менің махаббатыма қол сұқса, ренжітсе бүкіл әлемді өртер едім. ондай әлемде өмір сүріп не керек? мына ән сол сезімдерді жақсы түсіндіріп тұр.
dark_nazgul
бүкіл әлемді өртеу үшін ұшқын өзіңнен шығады… Өз отыңа алдымен бәрібір өзің өртенесің… Бүкіл әлемді өртеуге үлгермей өртеніп кетесің…
dark_nazgul
Менің түрік музыкасына деген қатынасым мынадай: сериалдың саундтректері ұнап қалса, сол орындаушыны қазбалап, іздеп, тыңдай бастаймын))))
Әсіресе «Под сенью лип» болған кезде жаман ауырғам. Онда өзі ән көп еді ғой. Бақандай, екі альбом. Жүктеп алған едім, кейін ескі хардпен бірге жоғалып қалды.
ken
Екіншісі «Танцы минустың» әншісіне ұқсайды екен.