Бернар Вербер. Салыстырмалы және абсолюттік білім энциклопедиясы. Паркинсон заңы
Паркинсон заңы
  Паркинсон заңы (аттас ауруға ешқандай қатысы жоқ) бойынша, қайсыбір кәсіпорын неғұрлым үлкейе бергенде, соғұрлым жиірек қабілетсіз және жоғары жалақы алатын адамдарды жұмысқа қабылдайды. Неге? Өйткені байырғы жұмыскерлер бәсекелестіктен құтылғысы келеді. Қауіпті бақталасқа тап болмаудың ең жақсы амалы — қабілетсіз адамдарды жұмысқа алу. Ал олардың белсенділігін төмендетудің ең жақсы амалы — жалақысын артық төлеу. Осылай басқарушылар өз жағдайын тұрақты қалпында сақтайды. Әлгі заң бойынша, жаңа идеяларға толы, кәсіпорынның жұмысын жақсартқысы келетіндер жүйелі түрде жұмыстан шығып кетеді. Сонымен, қазіргі заман пародоксы — алып кәсіпорындарда, нарықта ертеден бері жұмыс жасап жатқан кәсіпорындарда белсенді және азжалақылы кадрлар, инертті және шамадан тыс жалақылы кадрлармен алмастырылады. Ал бұның барлығы фирма ұжымының тыныштығы үшін.
1 пікір