Керектегі "Жұлдыздар шеруі": "Орда" тобы, Ерболат, Еркін Құдайберген!!!

Кешегі уәдем бойынша… Саммита ханымға берген… Орда тобымен, Ерболатпен аз кем әңгіме болған еді, мархабат, КерекИнфо!!!


Ақтау қаласы, 4 шағынаудан, «Астана» алаңы, 3,5 мың көрермен.
«Еліңнің мақтанышы бол!» атты сайлауалды жастар акциясы бүкіл республика бойынша өтті ғой. Біздің қаладағы соның «филиалы». Ринго, Орда, Ерболат, Тамара деген қыз-жігіттер келді. Кеш көңілді өтті. Өте қызықты әрі қызу өтті.
Кеше Саммитаға берген уәдем бойынша Ордадағы Дастан Оразбековтан, Ерболат пен Еркін деген жігіттерден қолтаңба алдым, Сэммиге арнап. Бәріне барып жабысып жүруге ұялдым, шынымды айтсам, Ақтаудан ұялдым… Сонымен сурет баян төмендегідей:

Дастан жазып жатыр, солақай екен, «Керек», «Саммита» деген сөздерді көп айтып кеттім ау деим, «түшшш» деді маған)))…

))) мынау Дастанның қасында тұрған шын Азамат екенін білдіру үшін жасалды)))

Саммитаға қолтаңба алынды…

Ал, мына кезде «аға, әшкиіңізді шешіңізші» деуге тура келді...)))

Ерболат машинаның ішінде отырды, суреттің сапасы айтарлықтай емес, Сэмми, кешір мені…

мынау сәл жақыннан түсірілген нұсқасы.
ПыСы: Сэмми, Ерболаттың саған бақыт тілеген видеосы да бар, мында қоя алмадым, өзіме хабарлас, если што…
Бөлісу:

18 пікір

Janasil
Керемет!!! Қазақ эстрадасындағы мен тыңдайтын осы Орда мен Ерболат!!!
VKM
Аза жігіт екен,өз сөзінде тұрды…
aza
Қойшы, әуелден де жігітпін ғой…
urimtal
Рауан Кенжеханұлының бұл жазбаға қатысы қандай? Ілмектен байқап қалған соң туындаған сұрақ қой.
aza
Концерттің басы қасында жүрді, сол кешті жүргізуімді өтінген сол тұғын… Тағы бір екі жерде қатысы бар… Жақсы жігіт! Сол үшін жаздым, ұнайды осы жігіт!
Zere
Жарадың, Азамат!!!
sammita
Саммитааа сен бақыттысың:)))
Аза, уәдеңде тұрып мынадай фоторепортажды жариялағаныңа, бетіңдегі гриміңді сүрте сап қолтаңба алуға асыққаныңа рахмет.
Суреттерге дәлелдеп-ақ түскен екенсің бәрін:))
ЖЖ кешімізде Ерболат 2-3 ән айтып кештің көрігін қыздырып еді, сол кезде түскен суретімді жоғалтып алып ем:(( Ал видеосын қабылдауға даярмын.
Abilakim
Сен Ерболат үшін бәріне даяр секілдісің ғо))))
aza
поштаңды жазсаң, жеке хат қылып…
sammita
«Сөзіме үн қатпаған,
Жай-күйің жұмбақ маған.
Сырымды кімге ақтарам?»©:))
aza
Саммита, салллем, аман бол, бақытты бол деп па?))))
sammita
депті:)) Ниетіңе рахмет.
zholantai
ой, жарайсың
aza
Кешіккен комплимент)))