Бернар Вербер. Салыстырмалы және абсолюттік білім энциклопедиясы. Сіз
Сіз
  Осы парақты аударып жатқанда, саусағыңыз қағаздың кейбір нүктесіне тигенін сезесіз. Саусағыңыздың әсерінен сол нүкте қызады. Сіз оны елемейсіз, бірақ қызу бар. Микроэлементтер әлемінде қызу әсері электрондарды қозғалысқа келтіреді. Электрондар өз орбитасын тастап, басқа микробөлшектермен соқтығысады.
  Микробөлшектер дейміз, бірақ салыстырмалы түрде бұл зор дене деп алуға болады. Электронның соққысы бөлшек үшін зор сілкініс. Сіздің әрекетіңіз инертті, суық және бос денені үлкен өзгерістерге ұшыратты. Өзгерістер салдарын сіз ешқашан білмейсіз де.
  Шексіз аз шамалар әлеміндегі жарылыс.
  Тас-талқаны шыққан материя бөлшектері жан-жаққа ұшып барады.
  Энергия бұлағы.
  Мүмкін жаңа әлем пайда болған шығар. Мүмкін сонда адамдар пайда болып, олар металлургияны, бу үстінде ас дайындауды ойлап табар. Соған қоса планетааралық сапарлар шегер. Тіпті ақылы бізден де асып түсетін болады. Осының барлығы сіздің саусағыңызсыз болмас еді.
  Сонымен бірге біздің дүниеміз де басқа бір зәуілім кітаптың бұрышында орналасқан шығар. Немесе етіктің табанында, немесе сыра бокалының көбігінде. Қазіргі адамдар ешқашан білмес, қандай шексіз кішкентай және шекзіз үлкен дүниелердің арасында өмір сүріп жатқанымызды. Біз білетініміз: талай уақыт бұрын біздің әлеміміз бос, суық, қараңғы және қозғалыссыз боған. Ал содан кейін зор сілкініс болды. Мүмкін әлдебіреу кітап бетін аударған шығар, әлде тасқа басқан немесе сыра көбігін үрлеген шығар. Әйтеуір бір әрекет болған. Үлкен Жарылыс.
  Елестетіңіз, шексіз үнсіз кеңістік бір мезетте жарқ етеді. Парақты неге аударды екен?
  Мүмкін сіз кітап бетін аударған сайын, шексіз аз шамалар әлеміде жаңа бір дүние жаратылып жатқан шығар.
  Өзіңіздің құдіреттілігіңіз жайлы ойланып көріңізші.
«Физиканың заңы» деген тіркесті қалай түсінуге болады? Ньютонның заңы, Энергияның сақталу заңы дегенді естіп едім, сен енгізіп отырған Физиканың заңы туралы боқтық жайлаған миым (қалайша ғана оңай қойыла салған диагноз десеңші), кешіріңіз, естіп көрмепті.
«Бүкіл әлемнің бір бірімен байланыстылығы»!!! «Ненің» бір-бірімен байланыстылығы? Осы сұраққа кристалдай таза миыңмен ойланып жауап тауып алып кел…
Әзірге боссың.