Әрбір қазақстандыққа - 500 000 фунт стерлинг

(53.93 Kb, 300x299)

Кеше Үкімет үйіндегі алқалы мәжілісте үстіміздегі жылдың мамыр айынан бастап күшіне енетін ел тарихындағы елеулі Резолюция қабылданды. Резолюция мәтініне сәйкес, елдегі қазба байлықтарынан түскен пайда есебінен бірінші кезекте Республиканың 119, 2 миллиард доллар көлеміндегі сыртқы қарызы жабылып, маусым айынан бастап туылған әрбір нәрестенің жеке есепшотына 500 мың фунт стерлинг аударылатын болады. Бұл сомаға есепшот иесі кәмелет жасқа толғаннан кейін ғана иелік ете алады.

«Бұл ұзақ жылдар бойында жүзеге асырылып келе жатқан әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын жақсартуға мақсатталған сарабдал реформалардың жемісі» деді Резолюцияны құптаушылар тобының аты аталмауын өтінген мүшесі. «Бұл еліміздің әлемдегі түрлі қырғиқабақ жағдайларға пысқырмастан, қарқынды даму бағытына бет түзеуінің кәнігі көрінісі. Елдегі оң өзгерістер – бүкіл қазақстандықтардың бірауыздылығының, талмай еңбектенуінің арқасында мүмкін болып отыр» деп түйіндеді сөзін ол.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан өзіне тиесілі жер көлемі жөнінен әлемдегі ең ірі тоғызыншы мемлекет. Қазақстан пайдалы қазбаларының қоры бойынша әлемде 6-шы орын алады. Д.И.Менделеевтің химиялық элементтер кестесінің 110 элементінен Қазақстанның жер қойнауында 99 элемент айқындалған, 70 барланған, табылғаны және пайдаланылып жатқаны 60: мұнай, газ, мырыш, вольфрам, боррит, күміс, қорғасын, хромиттер, мыс, флюориттер, молибден, алтын. Қазақстан Республикасының минералды-шикізат базасы 5004 кен орнынан тұрады, олардың болжамды құны 46 триллион АҚШ доллары шамасында.

Қазақстан тәуелсіздігін 1991 жылы алып, биыл оның 20 жылдығы кең көлемде аталып өтілмек. Осынау тарихи межеге мемлекет айтарлықтай жетістіктермен жетуі Қазақстан халқының зияткерлік әлеуеті мен еңбекқорлығы шыңдалып келе жатқанын аңғартады.
Бөлісу:

15 пікір

asaubota
мектеп кезіміздегі 1 апрель шуткілері сияқты екен, сені апай шақырып жатыр деген сияқты :)
Abilakim
Айттым ғой «Сәуір болмай-тәуір болмайды» деп…
sakenspb
Нұрғиса жақсылап дайындалыпсың 1 апрельге.
patick
Біз үшін орындалмас арман, ал біреулер үшін қалыпты нәрсе.
Zere
Кішкентай бала қандай сүйкімді…
Onlasyn
Жақсы сөз — жарым ырыс…
Nurgisa
Мәңгілік «жарым» синдромы тұқыртып бітпесе екен. Көбісі толық ырысқа мұқтаж.
edige
Біздің әр күніміз 1 апрель
KILYZAMAN
Сәуір келіп тәуірлене бастаған түріміз ғой бұл :-)
satibaldi
Республиканың 119, 2 миллиард доллар көлеміндегі сыртқы қарызы жабылып
Әжелеріңнің бешпетін сатқанда барып құтыларсыңдар нақ. Мейрамдарының түрін!!!
Nurgisa
Бесіктегі баладан бір аяғы төрде, екінші аяғы көрдегілерге дейінгілердің бәрін есепке алсақ, әр адам басына $8000 қарыз шығады екен. Әжелеріміздің бешпеті жетпей қала ма деп үрейленем құтылмаққа. Тек, анау Содбилердікі арқылы қадір-қасиетін ұлықтатып, аңқауларға миллион-милиардақа "ұзатпасақ"… Бірақ әжелерді бешпетсіз қалай қалдырып қоясың.
edige
Айтпа, іщкі бетінде 3 камералы қалтасы бар
nurjanbay
Айтқаның келсін. Аумин!
Zere
Айтпақшы, алдында Мұхтар Шерім ағамыздан “Бірінші сәуір, біреуге алданбасаң, тәуір” деген ұтымды аударма оқып едім. mukhtarsherim.wordpress.com/2011/03/18/күлкі-күні-келе-жатыр/