Менің кітап менюімнен...
Қисық бастап, Аршат жалғаған кітап ұсынуда кезек созып алдым. Әдейі емес, жұмыста әбігерге салынып. Жарайды, ұсынатын үш кітабым мынау.
1. Құран
“ Бұл (Құран) адам баласы үшін ашық түсінік, тура жол және тақуалар үшін насихат”
(Әли Имран сүресі, 138)
Бұны “Өркен не деген өригинәл”, болмаса “ аса тақуа мұсылман екен” деп айтсын деп жазған жоқпын. Расында, “ ең бірінші қай кітапты оқиын?” деп сұраған біреу болса, Құранды ұсынамын. Себебі, қалай десем… ол – Алла тағаладан түскен ақиқат кітабы. 114 сүре, 6236 аяттың өне бойында тек тазалық, игі жақсылық… туу, неге айтып жатырмын бұны. Бәріңіз де білесіздер, бірақ оқып көруге ерінесіз. Қорқамыз. Қолымызға ыстық тас ұстағандай, бетін ашуға беттемейміз.
Расында, Құран – адам баласының осы жалғанда өмір сүруінің инструкциясы. Тіптен, тоңазытқыштың да инструкциясы бар ғой. Сонда жазылған талабын орындасаң, ұзақ жасайды. Бір талабыңа “қойшы” десең, бір күні сол кеселі шығады дегендей… Қысқасы, Халифа Алтайдың қазақша аударғанын оқып бастап көріңіз, кейін араб қарпін таныған соң, түпнұсқасын оқырсыз.
2. Арман асуында
“ Не согласен — возражай,
возражаешь — предлагай,
предлагаешь — делай”
(С.Королев жиі айтатын сөз екен)
Авторы – П.Асташенков. 1973 жылы, ДОСААФ-тың баспасынан, 271 бет болып басылып шыққан. Орысшасы – “ Орбиты главного конструктора”. Әрине, кітап бастан-аяқ екі мәрте Сәбеттің Социалистік Еңбек ері атағын алған, Лениндік сыйлықтың… очм, атақты конструктордың өмірбаянын тәптіштейді. Туғанынан қайтыс болғанына дейін. Тілі жатық. Тартып әкетеді. Кім туралы екенін айтпай кетіп барады екем, Сергей Павлұлы Королев деген кемеңгер жайында. Бала кезімде оқығандықтан ба, бұл кітап, сол арқылы Королев тұлғасы менің өміріме “ жаман” әсер етті.
Бұл өзі аңыз-адам. Өз идеясына берілген, соны жүзеге асыра алған адамның өмірі. Оқып отырып, оқуға, білімге, ғылымға құмарыңыз ашылады. Адам баласы ғарышқа ұшса, алдымен Алла тағалаға, үшінші, жоқ екінші осы кісіге қарыздар шығар. Алғаш континентаралық зымыранды жасаушының бірі, алғашқы жерсерікті, тұңғыш ғарыш кемесін жобалаушы, қысқасы 1966 жылға дейін Кеңес Одағының атынан космонавтикада не жасалды, бәрі осы Королевтің идеясы, еңбегі, жүйкесі… 1966 жылы қайтыс болғанын оқып алып, оны өлімге қимағаным сонша, “өмірін 2000-шы жылға дейін ұзартқан” шығарма жазғаным бар. Таразда сақтаулы тұр. Бір қалың дәптер. Яки, 1966 жылдың 14-ші қантарында оған жасалған операция сәтті өтіп, Гаграға демалысқа кетеді, 1968 жылы Айға ғарышкер ұшырады, 1975 жылы “ Аполлонмен” түйісуге, 1986 жылы “ Вега” жерсерігінің ұшуына жетекшілік етеді дегендей, әр жылды, әр маусымды қиялдап жазғанмын. Ай, балалық-ай десеңші…
3. Бесатар
… Ащысы аз балаусалы өңірдің ақ май жүзген ақ қымызы жаңғақ тегенеде
сапырусыз қалды; қара аршадан қу мойындап жонған сары ожауды қаңғыбас оқ қақ жарды
(Повестінен үзінді)
Авторы – Асқар Сүлейменов. “ Атамұрадан” былтыр емес, арғы жылы басылып шықты. Оқығаным осы. Шыны керек, Сүлейменовтың қай шығармасын алып қарасақ та, қазақ әдебиетіндегі ерекше құбылыстай көрінеді маған. Оқиғасы ерек, қолтаңбасы бөлек, тілі енді… ағып тұрған май.
Сонымен, бұл кітаптан 1916 жылдың ұлт-азаттық көтерілісін арқау еткен атақты “ Бесатар” повесін, Біржан салдың басына бұлт төніп, “ личный” мәселелері көбейетін тұсын жазған “ Адасқақ” және “ Ситуация” повестерін оқисыз. “Қара шал”, “ Ақ кемпір” деген әңгімелері де бар. Әңгіме “ Бесатар” болған соң, бұл шығарманы Асқар атамыз 1968 жылы, 30 жасында жазыпты. 1916 жылғы көтерiлiстің қанқасабын басқа қырынан көрсетеді, шыншылдық құдіретімен жүрегіңді шымырлатады. Суреткерлік талантымен тәнті етеді. “ Заман ол – білек. Білек сенікі. Кер шыбыштай бұлаңдама” дейді. Неге олай айтатынын кітаптан оқып аларсыздар.
Сып. Шыны керек, әдебиеттен де, басқадан да бұрын, энциклопедиялық кітаптарды оқығанды жақсы көремін. Талай жыл қолымнан “ ЭСЮТ” (Энциклопедический словарь юного техника) түспеді. Қызыл сәбет энцигі, ақ “ Что? Где? Когда?”, осының сарғыштау қазақшасы… ой-ой, көп енді. Ал жазушылардан негізі Шыңғыс Айтматовтың бар жазғанын ұнатамын. Жарайды, бітті осымен. Ал, Ақзере кезек сенде, мә таяқ!
Мақала сілтемесі: http://orkenegro.wordpress.com/2011/03/31/%d0%bc%d0%b5%d0%bd%d1%96%d2%a3-%d0%ba%d1%96%d1%82%d0%b0%d0%bf-%d0%bc%d0%b5%d0%bd%d1%8e%d1%96%d0%bc%d0%bd%d0%b5%d0%bd/

Патик көрсе ұрсады қазір:)
Бесатар қару түрі болса керек шатыспасам. Атамұра кітапханасынан осындай көптеген ескі/жаңа қазақша кітаптар шығып жатыр. Күшті.