Бернар Вербер. Салыстырмалы және абсолюттік білім энциклопедиясы. Кіріспе

Кіріспе

Салыстырмалы және абсолюттік білім энциклопедиясы
       Өз заманындағы бар білімді жинап алу, — профессор Эдмонд Уэллстың мақсаты осы еді. Гуманитарлық пен нақты ғылымдар, квант физикасы мен ас дайындау рецепттері аралас, таңғажайып және көпшілікке белгісіз мәліметтерге толы топтамасын, бұл ғалым-диуана, өмір бойы жинаған. Осы кітапта келтірілген жан-жақты үзінділерді бір ғана зат бар: олар адамды ойландырады, проффессордың өзі айтуынша, «нейрондарды жалт-жұлт еткізеді».

       Ережелерді, қағидаларды, «адамдар не дейді» дегендерді Эдмонд Уэллс елеген жоқ. «Мен түсініктерді шайқап жатқан жоқпын, мен жаңа көкжиектерді ашып жатырмын. Кей- кездерде жауаптан гөрі сұрақтын өзі әлдеқайда қызығырақ болады» — деуші еді проффессор.
       Кітабінің атауын, проффессор былай түсіндіреді: «Бүгінгі «ресми» ғылыми мағлұматтардың көбісін ертеңгі ғылыми жаңалықтар жоққа шығарады. Сондықтан «Салыстырмалы және абсолюттік білім энциклопедиясы» болсын».

       Таныстарының айтуы бойынша, проффессор Эдмонд Уэллс өткір ойлы, өте тапқыр адам болған және парадокстарға өте мән берген. Ал ең ғажайып парадокс – сол адамның өзі… енді белгенімізше, ешқашан тіршілікте болмаған!

       Біздің заманымыздың Немо капитаны, нәзікжанды және тұйық, Бернар Вербердің барлық романдарында оқырманға серік болды.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше