3 кітап ұсынамын

Эстафетаны Өркеннен қабыл алдым.

Маргарет Митчелл «Желмен ғайып болғандар» («Унесенные ветром»).

«Ертең… Бәрін де ертең ойланамын!»
Скарлетт О’Хара

Бұл кітапты алғаш 17-18 жастарымда оқыдым ғой деймін. Сол кездері осы батыл қыздың мінезіне аса тәнті болған едім. Оның бойындағы батырлық, бірбеткейлік, қаталдық, махаббаты үшін дүниені төңкеріп жібере алатындай қасиеті – әрбір қыздың бойында жігерлік тудыртатыны сөзсіз. Америкадағы Азаматтық соғыс кезінде сүйікті әкесінен, анасынан, туған жерінен айрылып, кейін бәрін қайта қалпына келтіруге қолынан келгеннің бәрін жасайды. Көптеген істерге сүйіктісі Эшлиды қайтару үшін істегенімен оның бойында үлкен рух бар – жеріне, тіліне, қоғамына деген сүйіспеншілік. Менің ойымша дәл Скарлеттей емес, бірақ тым болмаса 20 пайыз осындай жігерлік әрбір арудың бойынан табылу керек деп ойлаймын. Екі томдық кітап. Кейін Маргарет Митчелл қайтыс болып, «Скарлетт» деген екі томдықты Александра Риплей деген жазушы жазған екен. Оны да оқыдым. Бірақ автор ауысқаннан кейін жанр да біраз өзгеріп кеткен сияқты болды.

Шыңғыс Айтматов «Қызыл орамалды шынарым» («Тополек мой, в красной косынке»)

«Қош бол, Әсел! Қош бол, менің шынарым! Бақытты бол!»


Жалпы Шыңғыс Айтматовтың шығармашылығы керемет. Алайда осы повестін өте жақсы көремін. Көптеген адамдар өзінің жанындағы бақытты көре, түсіне бермейді. «Алтынның қадірін жоғалтқанда білерсің» дегендей, кейіпкеріміз асылын жоғалтқан соң ғана санын аһ ұрып, өкінішке батады. Өмірдің бір кезеңдері бізге сынақ келеді деп жатады. Мен ойлаймын да осы шын ба деп. Кейбір кездері берекелі отбасына қандай да бір кедергілер келіп, аяқ асты күл-талқан етуге себепкер болады. Сондықтан әрбір іске үлкен жауапкершілікпен қарау керек деп ойлаймын. «Қирата салу оңай, ал оны қайта жинау – қиынның қиыны».

(Айтпақшы осы кітапты орысша оқып едім, қазақша кімде бар болса, бөліссеңіздер керемет болар еді)

Сессилия Ахерн «P.S. Мен сені сүйемін» («P.S. I love you»)


Бәлкім коммерциялық жоба дерсіздер. Менің ойымша осы туынды Сессилияның ең үздік туындысы, әрі адамдардың көңілінен шыққан кітап. Ең сүйікті адамнан бір мезетте айрылудың қандай қасірет екенін біреу – білсе, біреу – білмейді. Сол кездегі жүректің сыздап ауырғаны, өмірдің қап-қараңғы түнекке айналып, ендігі шығатын жол жоқ сияқты утопияға айналуы. Біреулер осындай күйде біраз жылдар шыға алмай жүреді. Сүйіктісінен айрылған адамға ең бірінші үміт керек. Болашаққа батыл қадам, жақсылыққа сену. Махаббаттан опа жеп, қайғырған жандар үшін кітап ұнайды деп ойлаймын.

Барлық кітаптарды Интернеттен (Google-дан) іздеп, түсіріп алуға болады. Орысша бірақ…

Кезегімді Омар быратқа беремін.
Бөлісу:

28 пікір

aktobe88
Шыңғыс Айтматовтың туындысының қазіргі аты «Шынарым менің, шырайлым менің» болуы керек, солай ма? Мен сондай бір шығармасын оқып едім, сіздің түсіндірмеңіз соған келеді екен. Қыздың атын ұмыттым, алыс жолға камаз айдайтын (дальнобойщик) кісінің атынан баяндалады.
Zere
Ия, сол кітап. Кейіпкердің аты Әсел мен Ілияс.
aktobe88
ия, өте жақсы шығарма. мен бастап, бір демде оқып бітіріп тастағанмын. жеңіл оқылады, әрі аударма тілі де, оқиғасы да тым-ақ әсерлі.
edige
бір демде оқып бітіріп тастағанмын
сканерледіңіз ба сонда
aktobe88
:-)
бір деммен ғой дейм дұрысы.
Orkenegro
Қыздың аты Әсел. Сол кездері өзім де Әсел деген қызға ғашық едім… шіркін-ай, десейші! Оқиға желісі тартып әкетеді, көркемдік суреттеуі мықт енді, оқыңыздар
Simona
Мен бұл эстафетаны Буккрссиң екен деп қалсам :)
Зере, екінші кітапты маған сыйлашы деуге аз қалғам :-)
Жақсы бастама екен.

«Желмен ғайып болғандар» қыздарға арналған кітап, Ред Батлерді әрбір қыздың арманындағы жігіт деп ойлайм.
VKM
Мектепте «Менің кумирім»деген шығарма жаздық, сонда мен Скарлетті жазғанмын.35 минут соны талдаған еді сынып.Біреулер: ол жағымсыз кейіпкер, американдықтар сияқты өз айтқанына жету үшін адамдарды таптап жүре береді деп, ал келесілері:өз ЖЕРІ,өз ЖАНҰЯСЫ үшін ештемеден аянбайды деген. Қыздарда көбіне оның сұлулығына қызығушылық болды, маған оның іскерлігі де ұнаған))
monti
Зережан, барлығы романтикаға тұнған кітаптар екен! :)
asaubota
кірдің Омар косякқа :)
omarbirat
Соны ойлап отырмын өзі де :))) Осында біраз кәменттер жиналсын, әбден талқылансын. Сосын жазармын :)
Опшым, ұсынылып жатқан кітаптың бірін де оқымаған екенмін. «Чожуклар дуймасындағы» Халюк сияқты тек жұмыс деп жүріп, романтикадан шет қалып жүрген екенмін :))
TERISKEI
:)))) Халүк құсап деш:)))
edige
:) Бәріміз де ұятты болып отырмыз
gunner
Жібер аттың басын! Памук, Джінгөз Реджай, Гүленнің кітаптарынан бастап )))
omarbirat
Оларды оқымаған екенмін. Адамды тіптен ұялдырдыңдар ғой :))
Мирам, Палажченколарды жазсам болмай ма?
asaubota
өзің лицейде тәрбиешісің, қалай оқымағансың Қожаәпендінің кітаптарын? :)
omarbirat
Мынаны біздің бастықтар оқып қоймасын. Әйтпесе, жұмыстан шығарып жібереді. Менің екі балам бар, соларды асырауым керек :)
edige
Омарбрат сізді өз кітаптарын жариялады ма деп пікір жаққа қарап шаршадық қой. «Жедел жәрдем Брат» не оқиды екен деп
omarbirat
Кешке жазамын. Алдымен не оқығанымды еске түсіріп алайын.
madlen
tura bir jazgy kanikuldan kelgen okuwynyn jauaby siyakty eken :)))
omarbirat
Мектептен біржола каникулға шыққаныма он екі жылдай боп қалып еді өзі де :))
Abilakim
Бүгін кешке жеңгей «Жаным, менің аяғым ауыр» десе))))))))))
satibaldi
Махаббаттан опа жеп, қайғырған жандар үшін кітап ұнайды деп ойлаймын.
Makhabbat, тастап кеткен жігітіңе ең болмаса осы кітаптың сілтемесін жіберсейш, безбүйрек!
manshukn
Ш.Айтматовтың бұл туындысын оқымаппын. Дегенмен, Ғ.Мүсіреповте бұл шығармаға Т.Теменов жасаған спектакль тамаша шыққан.
madlen
3 kitapty da okydym… aserli jane okuga jenil uweui de.
«P.S. I love you» kitaby melomannan tuspeidi goi. Romantikter kop koi :)
salta
алғашқы кітаптың жалғасы бар, «Скарлет» деп аталады. бірақ авторы басқа. шығарманы аяқтаған, соңында мисыз Скарлетке ми кіріп, адааааааам болады. Маған Скарлеттің ұнайтын жері ешкім туралы ойламайды, алдымен өзінің жағдайы дұрыс болуы керек. олай кез-келген адам істей алмайды. сонысымен ол ерекше…
Simona
Ретт Бaтлер деген де жaлғaсы бaр.
mirel
Алдыңғы екеуі менің ең сүйікті кітаптарымның қатарында)))))))) Скарлет сұлулығымен де, назымен де, бірбеткейлігімен де баураған шығарма кейіпкері. «Ертең, бұл жайлы ертең ойланамын» — деген создері менім ұраным болған кезінде) Тек менің ғана емес, көп адамның девизі болғанына сенімдімін