Палымбет Ришелье. «Байбақтина Әселдің дипломдық жобасы» (үйрек қалпында)
«Ақзере – сабаз!» ©СаянҮш
Лібә, бір қазақтың коттеджіне жалданып жұмыс істеп едім. Бір күні кірпіш бітіп қалд. «Кірпіш келгенше сарайымда тұра бер, бір аптадай күтетін шығармыз» деді.
Үш күн әзер шыдадым. Ептібайымайдтың үйінде – «оқитын дым жоқ»: я кітап, я газет оқымайтын сорлылар екен. «Телевизор қара бізбен» деп шақырад, бірақ құсық сериалдардан басқа түк қарамайтын адамдар екен өздері. Бүгін түнде ішім пысып өліп кетермін деп қорқып, оқитын зат іздеп, пештің жанына барсам, осы үйдегі институтта жұмыс істейтін жеңгейдің, отқа жағуға әкеліп қойған бір құшақ қағазын тауып алдым. Лібә, қуанғаннан солайымен іліп алып, сарайға жүгірдім! «Не, түнде салқын болып жүр ме?» дейд жеңгей. «Оқуға алватрм» деп қалай айтам нақ, «ағаш кескенде астына төсейм» деп, өтірікті басжібвердім.
Тәлібтің, ақтарып отырсам — кілең бұйрық, тізім, шорым-порым қағаздар екен. Еее, бүгін түнде де ай қарап шығатын болдым деп, тасым енді езіле бергенде, «Байбақтина Әселдің дипломдық жобасы» деген бума шыға келд! Қуанғаннан ішіп кете жаздап, бөтен елде жүргенім есіме түсіп, өзімді әзер тоқтаттым.
Түн жарымы болған кезде, әлгі дипломды ашып оқи бастадым…
«Байбақтина Әселдің дипломдық жобасы.
«МҰҚАҒАЛИ ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ МҰҚАҒАЛИДІҢ ОЙЛАРЫ»
Мұқағали өз өлеңдерінде өзінің ойларын ашық жеткізе білген. Сөзім дәлелді болуы үшін, «Жігіттер, мақтанбалық!» атты өлеңін талдайық.
Бөрікті аспанға атып, аттан салып,
Жігіттер, мақтанбалық, мақтанбалық!
Қашаннан қазақ деген сырмінезді,
Мақтаусыз да, мақтансыз жатқан халық.
Бұл өлең өлең жолдарында Мұқағали «Бөрікті аспанға атып, аттан салып» дей отырып, бекерден айқай салып, тымағымызды аспанға лақтырмайық деп отыр. Ал келесі: «Жігіттер, мақтанбалық, мақтанбалық» деген жолда, жігіттерді мақтанбауға шақырады. Ғылым үшін бәрінен — үшінші жолы қызық. Бұл жолда Мұқаң: «Қашаннан қазақ деген сырмінезді» дей келіп, қазақтың сырмінезділігінен хабар бергісі келгендей; оқырманға: «қазақ – сырмінезді халық!» деп, мақтанышпен үндеу тастағандай әсер қалдырады. Куплетті: «Мақтаусыз да, мақтансыз жатқан халық» деген жолдармен аяқтай отырып, ақиық ақын куплетті аяқтайды...»
… Кірпіш келген күні туалетті тез-тез қалап беріп, бірінші кездескен көлікпен қаладан безіп кеттім…

әжес..Адам деген ЛОЛ, ЛОЛ деп күледі ғой…