Әбіләкімнен қалыспайын деп...

Блогымдағы алдыңғы жазбалардың бірінде «қызық әлі айтыла жатар» деп ескерткен едім. Блогқұрылтайдан келгеннен кейін, бір-екі күн жер-жерден сурет аңдумен жүргенде, күнтізбе сенбі-жексенбіні көрсетіп қойыпты. Ол күндері өз басым компьютер мен ғаламтордан қол үзіп кететіндіктен, мынау жазбам аяқсыз қалған болатын. Бастаған дүниенің аяқтайын деген оймен дәл қазір асығыс пернетақта қамшылаудамын. Шындығында, Керекинфода Әбіләкімнің «Керектің тұрғындарына шолу» деген жазбасынан кейін туындаған ойлар ғой:
*Асхатпен былтыр Мінбердің семинарында танысу сәті бұйырған еді. Жалпы, блогқұрылтайдың ауыр жүгін көтере білген азаматтардың бірі ретінде, жиналған қауым ішінен Асхаттың атына алғыс айтпай кеткені кемде кем шығар. Ойға келген қаншама құнды дүниені іске асыру, реттеу, ұйымдастыру кез келгеннің қолынан келе бермейтіні және айқын. Өркен айтқандай, «Асхат 1983 жылы тумаса...»… не боларын… кім білсін :).

*Аршат – админнің аты болашақта қазақ ғаламторында алтын әріптермен жазылатына күмәнім жоқ. Ыстығына күйіп, суығына тоңып жүрген админімізге өмірдің бар жақсылығын тілеймін. Айтпақшы, осы «Әмин» деген есімді бірінші рет Аршаттың өзінен «3х4» аумай қалған ұлынан естідім.

*Бекжан Толыбай –блогшылар ішіндегі кумирім. Қысқаша айтқанда, 2006-2007 жылдары қазақ ғаламторына алғаш бас сұғып, блогосфераның не екенін осы Бекжанның блогынан оқи жүре түсінген едім. Күнделікті өмірдің қыр-сырын бағамдауға мән беруді, тұщымды ой-пікір жазуды, қарапайым ойландыратын сұрақтардың жауабын өз жан-дүниеңнен табуға болатынын да «Мылжың профессордан» үйренгенімді жасырмаймын. Шыны керек, білімді, ұшқыр-ойлы жазбаларынан кейін «профессорды» күлмейтін, суық жан етіп елестетенмін :). Құрылтайда жақын танысып үлгермесем де, сырт болмысынан жүзі жылы екенін байқадым.

*Нұрғисаның блогқұрылтайға айдай сұлу жары Кәмшатпен келгеніне куә болдық. Бір қарағанда қолына домбыра ұстап жүргенін көрген сияқты едім, одан кейін домбыра қайда… мен қайда болып кетті ме, әлде презентациясына қолданды ма, ол жағын тайм-кипер болып жүріп, байқай алмай қалдым. Домбыраны неге ұстап жүргені… мен үшін жұмбақ болып қала берді :).

*Ақзеремен де былтыр мамыр айында танысқанмын. Көрген бетте «Ақзере-ау, кіп-кішкентай қыз екенсің ғой» деп айтқым келіп кеткен-тұғын, неге екені, мультфильмдегі «Дюймовочка» елестей берді. Құрылтай барысында Ақзеренің өз ісіне жауапты жан екеніне көзім жетті, сонымен қатар бұртия қалатын ерке мінезі қандай жарасымды десеңші. «Қыз қылығымен» деп атам қазақ бекер айтпаса керек.

*Айконаны құрылтай десе жанын салғандардың қатарына жатқызуға болады. Ұйымдастыру шаралары барысында байқағаным, қарапайым болмысында ұстамдылық, сабырлық, төзімділік мінездер басым. Әлде мамандығы геолог болғанның да әсері бар ма екен. Мені маңайлап жүрген достарымның бірі «қай қызға үйленейін деп» әзілдеп еді, сондай бойдақ жігіттерге құлаққағыс етейін, осы Айконадай келініміз болса, «арманымыз жоқ шығар» ...:)

*Салтанатпен де дәл солай былтыр «Кездесудегі» кездесуде танысқанмын. Әбіләкім «Сары қыз дәрі қыз» деп айтып өтіпті.Сөз жоқ, солай. Бал-бұл жанған, қызылшырайлы, кофе-брейкке жауапты алтын қызға разы боп қайтпаған ел жоқ шығар.

*Қалдықыз —бұл текті қызға мен «ханшайым» деп ат қойғанмын. Құрылтай басталмай жатып-ақ, қолы ашық мінезін танытып, сыйлық таратқан жанның бірі осы ханшайым-қыз еді. Қазы-қартаны ұната бермесем де, анау әппақ құрттарының дәмі аузымнан кетер емес. Жар іздеп жүрген жігіттерге дап-дайын жұп қой . Шын сөзім.

*Мінбердің семинарында бірлесіп алғаш блог әлеміне қадам басқанБүркіт, Өркен және осы сапарда танысқан алматылық Розатайдың болмысынан бір ұқсастық байқаным тағы бар. Жүздері қашанда шуағын шашып тұратын күн сияқты ма, не деуші еді, әлгі,… таптым… «аурасы жақсы» деп айтқым келген. Бұндай адамдарға қарап, қарадай көңіл-күйің көтеріліп қалады ғой. Мұңды да, тіпті бір нәрсеге іштей қиналып тұрғаныңды да бір сәтке мүлдем ұмытып кетесің. Әсіресе, Розатай. Қой, тфә, тфә… көз тиіп кетпесін, тоқтайын. Айтпақшы,Өркен соңғы отырыста көзге түспеді, «Таразға тартып кетіпті» деп есіттік, есесіне Бүркіттің «биші» екенін байқадық.

*Қисық — құрылтайдың алғашқы күні қапалақтаған қармен жарыса, КИМЭП-тің ауласына бүрсеңдеп кіріп келе жатқанда, жанымнан томпаң қағып, бір бала өте шықты. Бала емес-ау, жігіт дегенім дұрыс шығар. Екі-үш қадам ғана алдыда жүріп отырып, -1 қабаттағы ұйымдастырушылар тобына берілген 101 дәрісханаға жарыса кірдік. Ел-жұртпен амандасып бола берген бетте, «Димаш-Қисық» деп әлгі жігіт қолын ұсынды. Құдай, Димаш-ау ұлы адамның есіміне орай, азан шақырып қойылған атыңа Қисық дегенді тіркеп айту бүртүрлі екен… а, алайда, кейіннен үйренісіп кетеді екенсің… Қисық құрылтай бойы ақкөңіл қалпынан бір танбады.

*Патикпен былтыр мамыр айында Кездесу.кз-нің басқосуында танысқан едім. Биыл құрылтайда қарамағында тайм-кипер қызметін атқарғанда байқағаным, Патиктен жақсы бастық шығады екен. Күлмеңіз, шын айтып отырмын.

*Әбіләкім — ойпырмай десеңші, жүрген жерін әзі-қалжыңмен жайпап жүретін ақкөңіл-асаба жігітке, «ұзатылу тойыма асабалыққа мен шақырам, жоқ мен...» деп Айкона екеуіміз дәп қазір күйеуге кеткелі жатқандай таласып қалғанымызды айтсаңшы...:) Бір жөні болар, тек Әбекең аман жүрсін.

*Жанна, Балжан сынды найман сіңілдерімді қалай айтып өтпеске? Жанна да аса көңілді жандардың бірі екен. Айтпақшы, шаш үлгісі мен киім киісі теледидардан көріп жүретін жапондықтарға ұқса кеткен ба? . Балжанның бала тәрбиесіне жауаптылықпен мән беретінін жасаған презентациясынан байқадым.

Жалпы, 101 дәрісханаға кіріп-шығып жатқан Мейіржан, Қуаныш, Ербол, Жалғас т.б. ұйымдастырушылар тобындағы ұл-қыздардың бойларынан біркелкі ұлтжандылықты, жауаптылықты жазбай тануға болады.
Бөлісу:

21 пікір

asaubota
Әбіләкімді сендердің тойларыңда көруге жазсын деймін!

ойлап қараңдаршы біздің қыздардың бірі күйеуге шығып жатады, тамада Әбіләкім, 1 столда Керекшілер отыр… и біздің приколдар айтыла бастаса, жұрт дым түсінбей жатады, ал біз күліп жатсақ :)
Bekjan
Қуа бер Аршат..:) Жақсы көрініс екен… Елестетіп көрдім…

Тоты, байқамай сенің блог бастауыңа себеп болғаным үшін кешірім өтінемін..:)) Ендігәрі, қайталамаймын…
Abilakim
Құдалар маған жартылай мүжілген сүйектерін лақтырып жатса… елестетудің өзі сұмдық(((
aza
Нұрғиса бет ашады, домбырамен сүйемелдеп отырып))) Құрылтайда Сатыбалдының «бетін ашқаны» секілді)))
Nurgisa
Домбыра презентация барысында шертілді. Негізі басында әйтеуір домбыра болсын деп апара салып ем. Дәруішөлген архитекторын әңгімелей отырып, Сыр сүлейі Нартайдың мақамына сап жібердік:

Серікқазы ағамыз видеосын түсірген екен, qazaq.kz сайтында:

Abilakim
Домбыраңды арқалап қонақ үйге келгеніңде айтыс жасар едік. Сыра құятын қыздар да жігіттер де дайынтын.
Nurgisa
Сол мәртебелі миссия келер жылғы блогкемпке бұйырып тұрған сыңайлы ғой, нәсіп болса, ә? :)
Daniar-Alan
осы сөзді жазып отырып Нұрекең қарағандылық екеудің келесі жылы келмейтінін ойлады ма екен…
monti
Тоты, сіз менің есімде 101 шыққан бойдағы үлкен айнанын алдында футболка киіп көріп атқан бейнеңіз қапты))) тайм/киперді жақсы жүргіздіңіз ;)
Abilakim
Футболканы киімдерін шешіп барып киді ме әлде сыртынан…
monti
әрине сыртынан…
Abilakim
Онда… дәл сол бейнесінің есте қалуын-ай,ә?
monti
мен сіздің қазақшаны* түсінбедім ;)
qisyq
Қисық деген сөздің жақсы мағынада қабылдануына ащды-көпті үлес қосып жатқан сияқтымын (кейбіреулер үшін жаман мағынада)…
Gastarbaiter
Мен алғашқыда сені Жақабай Ширак-Есалаңмен шатастыратынмын.
qisyq
Ондай жоғары деңгейдегі тарихшымен салыстырғаның үшін саған құрмет пен алғыстан басқа айтарым жоқ.
Aikona
Асыра мақтап жібергеніңізге ұялып қалдым. Не болсада құлаққағыс ұнап қалды деп қояйыншы :)))) Сізде маған қатты ұнадыңыз, таныспай жатып сөйлесіп кеттік қой.
Gastarbaiter
ұстамдылық, сабырлық, төзімділік

негізі баяғыдан сурет пен жазуларыңа қарап мен де солай ойлағанмын. Жалпы маған салмақты, беталды сөйлей бермейтін, білгішсімейтін, ойланып сөйлейтін қыз елестейтін.
Meru
жазғандарына қарап адамды елестету менде ғана бар ма деп жүрсем
Zilola
Ұяттан столдың астына кіріп кетуге әзірмін :)
Не ғо, құрылтайдың 1-ші күні «саған выговор, неге кешіктің» дегеніңде жылағым кеп кетті, не деген жаман адам едім деп ойладым :)
alisha
Айтпақшы, осы «Әмин» деген есімді бірінші рет Аршаттың өзінен «3х4» аумай қалған ұлынан естідім.
Әмин деген қазақтың атақты желаяғының есімі /Әмин Тұяқов/. Есіңізде жүрсін дегенім ғой жәй ғана.