Орыс тілі ыңғайсыз тіл, қазақ тілі сияқты әдебиет жазуға әсем, көркем болғанымен, тым күрделі, қысқа әрі нұсқа нақтылап айтуға бейімделмеген. Сөздері ұзын, ережесінен ауытқушылықтары көп, орыстардың өздері жете білмейтін тіл.
Әдебиет жағынан базар жоқ.
жалпы біздің «тірі орыс көрмеген қазақ» айтады: "Қазақ тілі бай тіл" мен оған келісемін… бірақ ол "қазақ" басқа тілмен салыстыра отырып айту керек, қазақ тілі бай екендігін… -Басқа шет елдің кандай тілін білесін? десен, әлгі 9 — бітіріп, Агро-да оқып, Шаттық ресторанында опицәнт боп істейтін "қазаққа"… «Оййй нақ, қазақ 3,14здец» деп жауап беред… ал К*тті кес… Ол орыс тілін жек көретіндер, орыс тілін Жетік меңгере алмайтындардын саңдырағы… жалпы өз қарабасым, орысша анау мынау, документтердін арасында, келліссөздер жүргізгенде жақсы көрем, потому что орысша үзіннін не айтайын деп тұрғанынды толықтай жеткізе аласын… хучь Пучьтарын қосып, Ұтымды болады еще!..
П/С: Үзін сыйламасам да, тілін сылайм…
Үзін фікпесемде, қызына баргам деген сиякты го)))
Дәруішөлгендік ңгуенго тайпасы өзінің тілі ең кедей екенін мойындайды. тек үш ғана әріп бар екен байғұстарда. Бірақ со үш әріпті әртүрі интонациямен айтып, орындарын ауыстырып еш бір ұлттан кем өсектесіп, еш бір тайпадан кем боқтаспаймыз дейді Буяраң Дбуни деген саудагер.
Орыс тілінің әдемі екені енді рас, бірақ сонда да «родная, милая, единственная, неотразимая, необыкновенная, обоятельная, обалденная» және не бар еді, Гаста? )) осы сөздің бәрі қосылп «жаным» дегенге жетпейді екен))
Негізі анау тіл мықты, мынау тіл ұлы, қалғаны «овощ» деген қате. Әркімге өзінікі әдемі. Маған мысалы, құрбақа жеп, парфюм шығаратын елдің тілі қатты ұнайды, Дюма сол тілде жазды деп бірақ, оны ұлы демеймін. )))
Әйелмен бірге ілім талқылау қиын негізі. «Мағуан фғанцуз тілі ұнайды, өткені мен кинодаң көғен Пағижда ғомантик деген көп!» деген қисынға сүйенетін нәзік жандармен логика жарыстырып абырой таппаспын.
Жеңілдік))
романтикаға бола емес, Гаста.
Бір тілді екіншісінен артық санауда қандай қисын болуы мүмкін?
Мәселен, неге француз тілі? Өйткені ол тіл көптеген елдерде мемлекеттік тіл қатарында, сонымен қатар өте әдемі естілетін, құр сөздің өзі де өлең секілді маған. Сосын, менің ең жақсы көретін әнім осы тілде: әйгілі Лара Фабианнның орындауындағы «Je t'aime». осы секілді кете береді)
Әдемі естіледі деген стереотип қой. Лара Фабиан емес, Зинеддин Зидан айтса мысалы сол өлеңді ұнамай қалуы мүмкін)) ОЛ әншейін субьективті қабылдау ғой:) Бірақ ширк емес екен әйтеуір.
Тағы бірнеше пункттер ұмытылыпты… Соған дауыс берер едім, егер: * Иә, себебі ол тілде өтіріктен гөрі шындық көбірек айтылады *Иә, өйткені ол тілде техникалық мәліметтер көп жазылады
Алғыс айтудың түк қажеті жоқ, олар біздің ұлттық дамуымызға рухани және материалдық кедергі жасамағанда — қолымызға су қуюға да жарамай да қалатын еді. Алғыс емес — айтар қарғысымыз көпқой, Құдай деп, ондайды айтпаймыз…
Орыс тілінде мектеп бітіргендіктен, маған орыс тілі көп нәрсе берді.Тіл білген өзіңе жақсы болғандықтан, орыс тілін де, тағы 10 тілді біл.Бірақ мода қуып, басқа елдің тілін үйреніп, ана тілін білмегендерді сыйламаймын. Ұнатпаймын((((((((
Орыс тілі іс жүргізуде өте икемі бар тіл, сволыштың. Қысқа да, нұсқа ресми ой жеткізуде алдына жан салмайды.
Қазақ тілін соның деңгейін жеткізуге тырысым жүрмін, енді неғылдисіңдер, нақ!
Дәл осы жерімен келіспеймін. Орыс тілі ешқашан қысқа-нұсқа болған емес. Қазақтардың сөзді узартып шұбатып жіберуі сол орыстардан калька жасағандықтан жұққан.
Қысқа әрі нұсқалықты роман-герман тілдері жайлы, әсіресе сөздері көбіне бір буыннан аспайтын әңгілшіндерді айтуға болады.
на машине болады… себебі мына жерде теория относительности да роль ойнайды… келатырсын машинадасын… а если сижу болса онда в машине болады… Энштейн баба да қосылып кетіп тұр ғойй)))
Біздің орыс тілін жек көруіміз, оның қазақ тілін ығыстырып бара жатқандығына байланысты. Қазақ тілі техникалық жағынан өз міндетін толық атқара алмай отыр. деседе орыс тілінің де бай болып шекесі қызып тұрғаны шамалы. орыс тіліне де техникалық терминдердің көп бөлігі ағылшын, латын тілдерінен енген.
солай істеу керек қой өзі де, орыс тілі деп беталды тыжырынып, адам түсінбес қып аударғанша сол латын тілінің сөздерін қалдыра беру керек. Мыс: қазақта балкон болмаған, оны апарып қылтима дегенше, сол бүкіл әлем балкон дейді сол күйінде қалдыра беру керек
Жанка оны қойшы, душты «шаптырма» деп аударған соң бұларға не шара қолданасың :))) (шаптырма деген сөз үшін кешірім сұраймын, расында да бір білгіштер солай тәржімалапты)
Егер алғашқы адам сен сияқты болғанда, адамзат әлі арбамен жүрер еді.
Қазір арбамен жүрмей немен жүр енді.
Қанша ақылдысымақ болсаңда сөздің астарын түсіне алмайсың.
Өз тіліңнің мерейін, өзге тілді жамандамай ақ үстем етуге болады.
Өзге тілді білгенде тұрған ештеңе жоқ, тек өз тіліңмен қатар алып жүргенге не жетсін, әйтпесе өзге тілге тілін үйретіп алып, өз тілінде шүлдірлейтіндер бар.
орыстың онсызда өзімшіл тілін бір екі мәймөңке қазақ "ұлықтап" жатыр екен деп, мишкалар арқаңыздан қаға қоймас. :))) о, несі екен НАҚ! "ұлы" ма, жоқ па, ат төбеліндей ғана, онсызда өз тіліне жарымай отырған қазақ шешетін мәселе екен да, басқасы бітіп...!!!
Орыс тілі — ұлы тіл
хе, хе! мәймөңке, жалпақ шешейлікті қою керек қой! ұят қайда? Абайдың тіліне жететін тіл жоқ. әсіреқызыл сөз болса да, айтқаным айтқан! қалған тілдің ішін ұрайын! мен жамандады екен деп құрып кетпес, мақтады екен деп гүлденіп кетпес! қалыс қалдым на хр… н!
orys tilin bilmeimin aueli,ana byltyr ghana spasiba men zdrasti dy uirengem,taghy bir men seni suiemin deitini bar edi ,onisy aueli esimde qalmai qalypty,eger qazaqstangha barmasam orys tili maghan eshqandai qajeti joq dep bilemin…
ozge tilge qurmet,oz tilimede qurmet…
Мұндай ғибадати ғадауәти пәтуәңізді ол көтенді көріп, оған Шакираның өзге пікірде екенін біліп барып шығарғаныңыз жанымызға демеу, көңілімізге медет болар еді…
Менде өз пікірімді жазып кетсем деймін, қарсы болмасаңыздар :)
Орыс тілінің күші қашан басым болған еді? КСРО кезінде. Мұны көзі ашық орыс ұлтының өкілі де мойындайды. Революцияға дейін статусы төмен болған тілдің шарықтауы КСРОның таралуымен өз шегіне жеткені ақиқат қой. Өз басым орыс тілін жақсы көремін. Әлемдік туындыларды осы тілі арқылы танып білдім, осы тілде сестрам нанын тауып жүр, осы тіл арқылы өз-өзімді жетілдірдім, дегенмен ана тілім менің болмысым, менің рухым, менің тарихым екенін ешқашан да ұмытпан дееееп патриоттық әңгімеге кетіп қалдым :).
Бірақ соңғы кезде орыс тілінің әлі де біздің қоғамда өз орнында тұрғанын байқап жүрмін!
Қазақстанда барлық ресми құжаттар орыс тілінде ғана қаралып, қабылданады.
Біз қазақша жазамыз бірақ… тағы сол бірақ!
Анандай, ресми құжаттарда орыс тілімен қатар қазақ тілі де бар ғой, қазақ тілін қолдануыңызға кім қарсы? Өз қолыңыздан жазар арыз-өтінішті неге қазақ тілінде жазбасқа? Қазақ тілінде жазылған/толтырылған құжаттар қаралмайды деген жалған пікір, егер Сізге қазақ тілінде жазған құжатыңызға орысша жауап берсе, жауаптың қазақ тілінде болуын талап ете аласыз, ол заң бойынша реттелген. Өз басымнан мысал келтірейін. Мен швейцариялық жекеменшік фирмада жұмыс істедім, әрине бастығым қазақ та емес, орыс та емес, дегенмен жеке басыма қатысты өтініш-арыздарды қазақ тілінде жазып, қазақша жауап алатынмын, өкімет орындарын былай қойғанда. Талап қоя білсек, бәрі де қолымызда дегім келеді бұл пікіріммен, артық көрмеңіз :)
Ресми жаңалықтар, мақалалар қазақша оқу маған қиын,әдеби тілдің қиын екенін былай қойғанда, сөздерді қалай болса солай аударып тастайды.Өз тіліңді өзің түсінбейсің сөздіксіз.«Бояушы, бояушы дегенге сақалын бояған....» заман.
Қылтима, субүркіш деп айтпаймын.Жыным келеді. Экскаватор да аударылған шығар, иә?
Төмендегі деректер тілдің байлығы туралы және «Cөздерді жаппай аудару» VS «Кірме сөздер» тайталасына нүкте қоятын шығар:
«Ағылшын тілінің сөздік қоры әлемде ең бай болып табылады. Негізінен, бұндай бай сөздік қорды ағылшын тілі енапат көп кірме сөздердің арқасында қалыптастырған. Қазіргі ағылшын тілінің сөздігі шамамен жартылай герман лексикасынан (көне ағылшын және скандинав тілдерінен) және жартылай роман (француз, латын, итальян және испан) кірме сөздерінен құралады, грек және басқа да тілдердің лексикасы да кеңінен қолданылады. Тағы бір дереккөз бойынша, қазіргі ағылшын тілінің 2/3 бөлігі дерлік герман және француз түбірлерінен тұрады, және 20% латын, ал 3% грек тілінен енген.]
Барлық негізгі түсініктер мен тұрмыстық лексика англо-саксон тілінен, оған қоса жіктеу есімдіктері (мен, сен, ол, сіз т.б, көмекші етістіктер, шылаулар, предлогтар және барлық сан есімдер де ағылшындардың төл сөздері боп табылады. Жалпы қолданыстағы зат есімдер, сын есімдер мен етістіктердің шығу тегі скандинавиялық. Ал француз тілінен ағылшын тілі лексикасының біртұтас қабатын сіңіріп алған, әсіресе мода, асхана, саясат, хұқық, әдебиет және өнер саласында.
Менің жеке пікірім, тілдің шұбарлануы, тілдің дамуы, аудармалар кім көрінгеннің талқылайтын тақырыбы емес.
Жалпы қазақ тіліндегі трендтер мен кірме сөздерді өз ісінің мамандары табиғи түрде-ақ сіңіріп ала береді.
Ал ресми тіл ауызекі тілдің соңынан еріп жүруі керек, себебі тілдің табиғи дамуы солай. Алдымен ауызекі тіл өзгереді, содан кейін ресми тіл.
Ресми тіл де ауызекі тілге әсер ете алады.
Бірақ әсер етуші органдар тіл білімінің негіздерінен, және әлем тілдерінің даму тарихынан аз да болса хабардар болуы керек.
Бір аударманың табылуы екінші аударманы жоймауы керек. Неге бізде балконды „қылтима“ деп аударып, балконды жоқ қылу керек? Бір жеріңді тесіп бара ма „балкон“ деген.
Кіре берсін, кірме сөздер ешқашан артықтық қылмайды. Аударудың фанаттары аудара берсін.
Тіл жаңа лексемалардан байымаса, кемімейді.
Шұбарлану, қыртым-сыртым деген авторитарлы бәрін күшпен реттеп, шындықтың тек өз аузынан шығуын қамтамасыз етіп, бәрін өз қадағалауына алғысы келетіндердің еркелігі.
Тіл ешқашан олай дамымайды. Тіл мамандары тілді әбден зерттеп топтастырып, үйретілуге оңай болуға күш салысу керек. Қолданыстағы сөздерді бар болса да „жоқ“ деп, өз дегенін жұртқа күштеп енгізу үшін емес.
Жалпы біздің тіл мамандары жалқау және бір еңбегінен бір ғасыр пайда сорып, атағына бөленіп жүргісі келеді.
Ал тіл деген бір орында тұрмайтын дүние. Әсіресе, қазір күнде жаңалық ашылып, адамның өмір салты он жыл сайын түбегейлі өзгеріп отырған заманда.
Абайдың тілі???.. Дамбалымның күлкісін келтірмеңдерші.
Америкоттар мен ағылшындар қазіргі тілдерін тастап, жаппай Шекспирдің тіліне оралайық десе, қандай хаос болатынын білесіңдер ме? Бүкіл «менмін» деген салалардағы жұмыстары тоқтап, экономиканың ит-аяқ жағынан бірақ шығады.
Тіл саласындағылар үнемі ізденісте болуы керек. Маңдай терлері суша ағып, көздерің без болғанша жұмыс жасау керек. Бір-ақ рет емес. Үнемі ізденісте болу керек.
Ауызекі тілді үнемі зерттеп, үнемі үлгілерін алып, зертханадан шықпайтын қуғынбай химиктерше тілдің қазіргі жағдайын үнемі иіскеп, дәмін көріп, жағдайын біліп отыру керек.
Абай туылғанда пластмасса болмаған.
Абай өлгенде Ильич/Эдисон шамы болмаған.
Абайдың баласы өлгенде қазақстанда Кинематограф болмаған.
Мұнай саласы да болмаған.
Абай өлгелі қазақ тілінде қабат-қабат лексика, мыңдаған сөздер, миллиондаған ұғымдар, тұтастай жаңа түсінік пен мәтіндер әлемі туған.
Қазақ тілінің сөздіктері мен ережелері кемінде 5 жыл сайын жаңарып, қайта қарастырылып, толықтырылып тұруы керек. Кемінде 5 жыл сайын.
дұрыс айтасыз
Шынында басқа тілді білгеннің еш зияны жоқ тек өз тіліңді ұмытпау маңыздырақ
Әр тілдің өз ерекшеліктері бар, мысалы, кейде бір нәрсені сипаттағанда басқа тілдерге қарағанда қазақ тілі кең мағынасында сипаттай алады, ал басқа нәрселерді орыс тілі мағынасын жеткізе алады т.с.с. Сондықтан өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметте
"ұлы" деген өзгелерден жоғары, дара, күшті тб деген мағына береді.
яғни бір тілді ұлы деуің үшін, алдымен басқа тілдерде де жетік сөйлей алуың керек, солармен салыстыра алуың үшін.
а так француз, ағылшын, қытай, жапон, араб, италян, түрік және тб телдерде еркін сөйлей алмай тұрып, орыс немесе басқа бір тілді "ұлы" деп бағалау — далбаса тірлік.
бір тілден бір тілді бөліп алып мынау ұлы, ал анау ұлы емес деп айту ақымақтық. Ал тілді байыту өз қолымызда, қазірдің өзінде орыстар ағылшын терминдерін өз тілдеріне бейімдеп сіңіріп алып жатыр, мысалға конфиденциальный, инсталлировать деген сынды әсіресе ІТ технология саласында, техника саласында. Бізге де осылай жасау керек. Кезінде ұшақ сөзін қолданысқа енгізгенде халық үлкен скепсиспен қабылдаған, онда туалетті «тышақ» деп аударайық деген сынды. Жылдар өте ұшақ сөзі санамызға сіңіп, қазір ешқандай ерсі көрінбейді. Ал орыс тіліне топырақ шашу әлі де ертелеу, себебі бір ақпарат іздей қалсаң ғаламтордан ол турасында егжей тегжейлі жазылған материалды әрине, орыс тілінде табасыз. Міне орыс тілін білгеннің пайдасы. Ал ағылшын әрине айтпаса да түсінікті.
Әдебиет жағынан базар жоқ.
П/С: Үзін сыйламасам да, тілін сылайм…
Үзін фікпесемде, қызына баргам деген сиякты го)))
Негізі анау тіл мықты, мынау тіл ұлы, қалғаны «овощ» деген қате. Әркімге өзінікі әдемі. Маған мысалы, құрбақа жеп, парфюм шығаратын елдің тілі қатты ұнайды, Дюма сол тілде жазды деп бірақ, оны ұлы демеймін. )))
Жеңілдік))
Бір тілді екіншісінен артық санауда қандай қисын болуы мүмкін?
Мәселен, неге француз тілі? Өйткені ол тіл көптеген елдерде мемлекеттік тіл қатарында, сонымен қатар өте әдемі естілетін, құр сөздің өзі де өлең секілді маған. Сосын, менің ең жақсы көретін әнім осы тілде: әйгілі Лара Фабианнның орындауындағы «Je t'aime». осы секілді кете береді)
* Иә, себебі ол тілде өтіріктен гөрі шындық көбірек айтылады*Иә, өйткені ол тілде техникалық мәліметтер көп жазыладыОрыстар бізді шынықтырды.
Қазақ тілін соның деңгейін жеткізуге тырысым жүрмін, енді неғылдисіңдер, нақ!
Дәл осы жерімен келіспеймін. Орыс тілі ешқашан қысқа-нұсқа болған емес. Қазақтардың сөзді узартып шұбатып жіберуі сол орыстардан калька жасағандықтан жұққан.
Қысқа әрі нұсқалықты роман-герман тілдері жайлы, әсіресе сөздері көбіне бір буыннан аспайтын әңгілшіндерді айтуға болады.
қасымдағы бір орыстан «в» мен «на» предлогтарының қолданылу тәртібін белгілейтін ережені айтшы десем, «оны нақты белгілейтін ереже жоқ» деді де қойды…
Ойлы-қырлы орысшамыздың жеткен жері осы енді
:)))
@Abilakim сен «с машине» десең де мән бермейміз:))
Егер алғашқы адам сен сияқты болғанда, адамзат әлі арбамен жүрер еді.
арбаға да жете алмауы мүмкін етін. :))
Қазір арбамен жүрмей немен жүр енді.
Қанша ақылдысымақ болсаңда сөздің астарын түсіне алмайсың.
Өзге тілді білгенде тұрған ештеңе жоқ, тек өз тіліңмен қатар алып жүргенге не жетсін, әйтпесе өзге тілге тілін үйретіп алып, өз тілінде шүлдірлейтіндер бар.
Иван Родил Девченку Велел Таскать Пеленку:)
ozge tilge qurmet,oz tilimede qurmet…
Лопестің көтеніне жететін көтен жоқ
Ніқұябар. Шакираның…Орыс тілінің күші қашан басым болған еді? КСРО кезінде. Мұны көзі ашық орыс ұлтының өкілі де мойындайды. Революцияға дейін статусы төмен болған тілдің шарықтауы КСРОның таралуымен өз шегіне жеткені ақиқат қой. Өз басым орыс тілін жақсы көремін. Әлемдік туындыларды осы тілі арқылы танып білдім, осы тілде сестрам нанын тауып жүр, осы тіл арқылы өз-өзімді жетілдірдім, дегенмен ана тілім менің болмысым, менің рухым, менің тарихым екенін ешқашан да ұмытпан дееееп патриоттық әңгімеге кетіп қалдым :).
Қазақстанда барлық ресми құжаттар орыс тілінде ғана қаралып, қабылданады.
Біз қазақша жазамыз бірақ… тағы сол бірақ!
негізі ше… орыс тілін жек көрудің мода болып жатырғанын байқамаппын.
Қылтима, субүркіш деп айтпаймын.Жыным келеді. Экскаватор да аударылған шығар, иә?
толығырақ мына жерде.
Менің жеке пікірім, тілдің шұбарлануы, тілдің дамуы, аудармалар кім көрінгеннің талқылайтын тақырыбы емес.
Жалпы қазақ тіліндегі трендтер мен кірме сөздерді өз ісінің мамандары табиғи түрде-ақ сіңіріп ала береді.
Ал ресми тіл ауызекі тілдің соңынан еріп жүруі керек, себебі тілдің табиғи дамуы солай. Алдымен ауызекі тіл өзгереді, содан кейін ресми тіл.
Ресми тіл де ауызекі тілге әсер ете алады.
Бірақ әсер етуші органдар тіл білімінің негіздерінен, және әлем тілдерінің даму тарихынан аз да болса хабардар болуы керек.
Бір аударманың табылуы екінші аударманы жоймауы керек. Неге бізде балконды „қылтима“ деп аударып, балконды жоқ қылу керек? Бір жеріңді тесіп бара ма „балкон“ деген.
Кіре берсін, кірме сөздер ешқашан артықтық қылмайды. Аударудың фанаттары аудара берсін.
Тіл жаңа лексемалардан байымаса, кемімейді.
Шұбарлану, қыртым-сыртым деген авторитарлы бәрін күшпен реттеп, шындықтың тек өз аузынан шығуын қамтамасыз етіп, бәрін өз қадағалауына алғысы келетіндердің еркелігі.
Тіл ешқашан олай дамымайды. Тіл мамандары тілді әбден зерттеп топтастырып, үйретілуге оңай болуға күш салысу керек. Қолданыстағы сөздерді бар болса да „жоқ“ деп, өз дегенін жұртқа күштеп енгізу үшін емес.
Ал тіл деген бір орында тұрмайтын дүние. Әсіресе, қазір күнде жаңалық ашылып, адамның өмір салты он жыл сайын түбегейлі өзгеріп отырған заманда.
Абайдың тілі???.. Дамбалымның күлкісін келтірмеңдерші.
Америкоттар мен ағылшындар қазіргі тілдерін тастап, жаппай Шекспирдің тіліне оралайық десе, қандай хаос болатынын білесіңдер ме? Бүкіл «менмін» деген салалардағы жұмыстары тоқтап, экономиканың ит-аяқ жағынан бірақ шығады.
Тіл саласындағылар үнемі ізденісте болуы керек. Маңдай терлері суша ағып, көздерің без болғанша жұмыс жасау керек. Бір-ақ рет емес. Үнемі ізденісте болу керек.
Ауызекі тілді үнемі зерттеп, үнемі үлгілерін алып, зертханадан шықпайтын қуғынбай химиктерше тілдің қазіргі жағдайын үнемі иіскеп, дәмін көріп, жағдайын біліп отыру керек.
Абай туылғанда пластмасса болмаған.
Абай өлгенде Ильич/Эдисон шамы болмаған.
Абайдың баласы өлгенде қазақстанда Кинематограф болмаған.
Мұнай саласы да болмаған.
Абай өлгелі қазақ тілінде қабат-қабат лексика, мыңдаған сөздер, миллиондаған ұғымдар, тұтастай жаңа түсінік пен мәтіндер әлемі туған.
Қазақ тілінің сөздіктері мен ережелері кемінде 5 жыл сайын жаңарып, қайта қарастырылып, толықтырылып тұруы керек. Кемінде 5 жыл сайын.
Шынында басқа тілді білгеннің еш зияны жоқ тек өз тіліңді ұмытпау маңыздырақ
Әр тілдің өз ерекшеліктері бар, мысалы, кейде бір нәрсені сипаттағанда басқа тілдерге қарағанда қазақ тілі кең мағынасында сипаттай алады, ал басқа нәрселерді орыс тілі мағынасын жеткізе алады т.с.с. Сондықтан өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметте
дэ?
яғни бір тілді ұлы деуің үшін, алдымен басқа тілдерде де жетік сөйлей алуың керек, солармен салыстыра алуың үшін.
а так француз, ағылшын, қытай, жапон, араб, италян, түрік және тб телдерде еркін сөйлей алмай тұрып, орыс немесе басқа бір тілді "ұлы" деп бағалау — далбаса тірлік.
біздікілер тыраштанып аударып жатқан бұрыннан бар орыс сөздерінің көбі (!) шет тілден кірме сөздер.
тік — міне арақтың пайдасы, саусақтары дірілдеп, артық әріпті теріп кеткен.