Керек, керек...


1. Сағын Германиядан келді. Алматыда жүр. Павлодардан Өмірбек пен Айжан қазір пойыз ішінде болуы керек. Бірін бірі танымайды :) Ертең таңертең Қостанайдан екі блогшы және Париж бен Стокгольмнан блогшылар келеді. Күтіп алуымыз керек.
2. Алматыдан шетел құжаттарын рәсімдеп беретін аудармашысы бар нотариус керек. Өте керек!!!
3. Наурыз көжені құйып алатын 20 литрлік үлкен ыдыс керек.
4. Алматының күн райын түсіну қиын. Өте қалың да өте жеңіл де киінбеу керек.

пысы. егер күтіп алу керек болса, алдын ала телефондарға хабар берулеріңізді сұраймын.
пысысы. Әбіләкімнің пойызында ол әзірге танымайтын тағы бір блогшы болады :)

Суретте Ербол ұстап тұрған негізгі баннерді әзірлеген блогшыларға көптен көп рахмет айту керек!!!
Бөлісу:

43 пікір

Abilakim
Диананы танимын. Ол қыз жанына тағы екі жанкүйер ертіп келе жатыр… Қорықпаңыздар қонақ қыздардың шығындары келуші жақтың тарапынан.
urimtal
пысық! Танысып алыпты :)
Nurgisa
Өйтпесе Айсұлтан болар ма еді!?! :)

ПыСы: Әбекең осы ораза кезінде туылған ба деп қалдым?!
Abilakim
сейсенбі күні сағат күндізгі 12-лерде туыппын.1984-ші жылы
urimtal
Туған жылыңыздың соңындағы екі санды биылғы келетін жасыңызға қосыңыз 111 шығады. Мистика! Әбіләкім тегін адам емес!
Abilakim
Ия, осы жолы қолымды ұстап қалуға тырыңыдар)))
patick
әбілдің, қол пулеметіңмен келесің ба?
19852407
Алматыға Әбілакім жақындап келеді…
platon.kz/kazakhstan/2363-almaty.html
19852407
ай, Әбілакім, аты Динара деп едің ғой бұдан бұрын))))))))
asaubota
солардың купесіне ауысып үш қызбен барам деді ғой. үш дегенің күш, енегі сыздайтын болды ау Әбілдің, әбілдің. қол пулеметіне күш түсетін болды ау :)))
Nurgisa
«Сендер мына жерде күліп отырсыңдар, ал Қожа ана жақта қиналып жатыр!» ©
Abilakim
Диана екен,қыздармен баратынымды қызғанып отырсың ғой. Келіншегіңді ерітіп ал деген мен емес.алдында «нарушениелер» жасағансың ғой
sammita
Алматының жігіттері арлан екен ©:))
patick
Алматының жігіті тастап кетсе, өйтіп сөйлер ме едің? ))))))
sammita
Шымкенттің жігіттері шымыр болса,
Атыраудың жігіттері арман екен ©:))
patick
Атыраудың жігіті тартып жіберсе, өйтіп сөйлер ме едің? ))))))
Nurgisa
фшт фшт :)))
edige
sammita, шайдің уақыты келді… :)
sammita
бастық сөзді бос доғарыңдар деватыр.
ПыСы: бастық-Аршат.
asaubota
бос сөзді доғарып аудармашысы бар нотариус тауып берсеңдерші :)
urimtal
сосын 20 литрлік наурыз көже құятын ыдыс ;)
edige
Олеся деген нотариюс бар «зеленный базар» төңірегінде. тел: 87017954272. Ағылшын, Турік тілінде жумыс жасаганын коргем. Хабарласып біле салындар.
Nurgisa
Алматыда Наурыз мейрамына қарсы -7 болады дегендей еді синоптиктер. Соған қарағанда, Наурызалды күндерде де қатты ыси қоймаса керек.
Nurgisa
Гугілдетіп ақтарып көріп ем, рекоменделгендерден мыналар сұрыпталып шықты (аудармашысы бар-жоғынан бейхабармын, хабарласып көру керек):

По Жетысуйскому району — Гульнара Бостанова (супер), офис на Гоголя-Байтурсынова (Байтурсынова,16), т. 83332156047. Наверное один из самых опытных юристов из нотариусов.

еще рекомендую Амеркасову Айман Телюбековну
Абылай хана-Гоголя (здание Атамура 1 этаж сразу после входа направо 1 кабинет)
731054,73007337203

Алмалинский р-он:
Байгужаева Баян Джумабаевна- ул. Байтурсынова,68 (923356)
Каруценко Елена Владимировна -ул.Ауэзова,40 (429753)

Медеуский р-он:
Бактыбаева Роза Задабековна — Самал-2, д.2, кв 77(651452)
Кельдыбаева Гульзагира Саймасаевна — ул. Пушкина, 26 /Маметовой (302303)

Бостандыкский р-он:
Дуйсембаева Роза Адековна — ул. Байзакова 183-2,(уг. ул. Толе би) (681786)
Хан Зинаида Михайловна — ул. Мынбаева, 43 (428154)

Жетысуский р-он:
Баянова Роза Нурдаулетовна — ул. Фурманова126 (727798)

Турксибский р-он:
Мазакова Сауле Шариповна — ул.Акан Сери, д.2/4 кв.15 (367519)
Abilakim
Мыналарың Кемобайл заманынң телефондары ғой))))
omarbirat
Ескерту: Хан Зинаида Михайловна — ул. Мынбаева, 43 (428154)
Басқа жерге көшіп кеткен. Қазіргі мекенжайы: Республика алаңы, 13, есігі Фурманов көшесі жақта.
;)
monti
первод+нотар.
701 2437701(Байтурсын/Карасай батыр), арзан әрі тез сияқтанды маған.
былтыр докиді таң ертен тастадым, түстен кейін дайын болад деді ;)
Nurgisa
әлі жүрсің бе күтіп?
monti
нені?
Nurgisa
былтыр таң ертең тастаған докиіңді.
monti
жоқ алдым ғо оны :) келесі күнің таң ертесінде. проста 0,5(жарты) күнде алуға болатынын көре алмадым :( өзім кешгіп қалып(((
serjan
блогкампты телеарналар түсіре ме? түсірсе қай арналар түсіреді?
patick
«ДәрТВ»-нің тілшісі Нұрберген Мақым түсірмесе…
urimtal
түсіруі керек. Хабар, Қазақстан,31, Алматы, КТК әзірге осылар ғана.
Gastarbaiter
12 пегапиксель фотоаппарат алып, сыртта, корридорда, таксиде, аэропортта компроматтарды аулап жүретін папарацци керек.
asaubota
ондай фатаппараттар да бола ма не? менің соткімдікі 2,7 мегапиксель, жақсы түсіред.
Gastarbaiter
Компроматтар жақсы ауланады
urimtal
azattyq online шығарамыз деген. Солардың видеоларын керектің бір шетіне шығарып қоюға болмас па екен?
asaubota
олардікінің кодын алу қиын, өздері бермесе. киви арқылы өзміз де істеп отырсақ болады. болмаса Азаттыққа сілтеме беріп отырамыз.
urimtal
ок. Сұрастырып көрейін. Ал өзіміз бір веб камера қойып қойсақ, сосын керектің бір шетіне сондай бір өзіміздің кодпен видеоплагин қоя алмаймыз ба?