Бауырсақ

Ауылда өстік. Ойын баласымыз. Әжеміздің баласы болғандықтан көп адамды көзге қыстырмадық. Шіркін, менің әжемнің бауырсақтары-ай! Қып-қызыл боп, қызара піскен бауырсақтың дәмі осыны жазып отырғанда таңдайыма келді. Бауырсақты ыстықтай жегенді ұнатушы едім. Былай шауып (шыбық атпен)бара жатып бір бауырсақ, былай өтіп бара жатып бір бауырсақ іліп кетуші едім. Бауырсақтар піскенше он шақты бауырсақты жеп үлгересің әлгі жерде. Ауылға барған сайын әжем жеңгелеріме мен ұнататын тамақтарды бірінен соң бірін әзірлетеді. Обалы не керек жеңгелерімнің тамақтары да дәмді. Әжемдікінің аты әжемдікі ғой бәрібір…
Бөлісу:

18 пікір

asaubota
қазанда піскен бауырсақтар тәтті болады. мына Астана жақта жеті нанды (шелпекті) еттің наныдай (қамырындай) жұқа етіп пісіреді екен, түк дәмі жоқ. бізде батыс жақты көмпейтіп үлкен қылып пісіреді.
Abilakim
Бізде еттің нанынан қалың мәтсекілдің покрышкасынан жұқа қылып пісіреді
edige
Жеті шелпекті дайындап апам «Көршілерге таратып кел» деп, бір шелпекті екі бөліп қолға ұстатқанда пах шіркін жалаң аяқ… сол күндерім…
Abilakim
көршіге жеткенше азайып қалмаушы ма еді?
edige
күлдім. Көңілің тартқанға бересің, алдын ұрсқанға бермейсің ғой бала көңіл
satibaldi
Ужасснах! Аццкий Сотонооо!!!
sammita
Астана солянка қала екенін ескерсек, әркім әртүрлі жасайды ғо:))
Бізде өлім-жітім, жұма күндері шелпекті бешбармақ қамыры сияқты сарғыш қып пісіреді, тағы да жұқа нан деген бар, сәл қалыңдау, екі жағын қызартып қуырады.
satibaldi
Бұдан, тірі қалғандар мен сәрсенбі күндері — қалың қылып пісіред деген қорытынды шығарсам бола ма?
sammita
иә, жай күндері жасай береді әртүрлі қып:)) Анадай жұқа қып жасалатын шелпек үлкен болады, шелектің бетінің диаметріне кеп қалады-ау…
satibaldi
Сүйтіп нанды мазақ қылып жатқанда, Аспан Әміршілері көкті қақ айырып, плитаңның нақ үстіне нажағай жіберсе нетті!!!
sammita
:)))))))))) кетШ:))
satibaldi
шелпекті бешбармақ қамыры сияқты сарғыш қып пісіреді
Суреті бар ма, суреті???
sammita
суреті жоқ. Реті келсе көрсетем бір күні. Шелпекті.
satibaldi
«Телпекті» десеңіз, «бауырсақтарыңыздың» сипатын дәлірек жеткізетін сияқтысыз.
asaubota
шелпекті бешбармақ қамыры сияқты сарғыш қып пісіреді

соны айтам, сондай ұнамайды деп.
patick
Ептібаймат, пойызда отырып жазып отсың ба жазбаларды?
satibaldi
шелпекті бешбармақ қамыры сияқты сарғыш қып пісіред
Аспан әміршілері…
balzaminka
Айнаның бауырсағын сағынып жүрмін :(