Автандил Сәкібаев. «Әбілқайыр хан»

«Неге дұрыс емес дейін деп жатырсың, Дос? Ғү» ©СаянҮш

Кабина жарқ-жұрқ етіп, ішіндегі плазма қабырғаларына бір шапшып, бір қайтып, ақыры тына қалды. Сосын есігі ашылды да, қою түтін будақтап атқылап, ақыры түтін — Әбілқайыр ханның кейпіне еніп, жан-жағына қарады. Естілер-естілмес «әбілдер...» деп кейігендей болды. Бұл кезде кабинаны айнала отырған ғалымдар батылдығын жиып үлгірген болатын. Ақыры ең сақалауы жөткірініп алып, сөзін бастап кетті:
— Ассалаумағалейкүм, Әбілқайыр хан! Сізді 25 ғасырдың технологиясы арқылы о дүниеден уақытша алдырып отырмыз. Тарих Институтының тапсырысы бойынша дәл өзіңізді шақырып отырмыз. Қазір бір топ тарихшыларымыздың түйінді сұрақтарына жауап берсеңіз дейміз.
Әбілқайыр сөйлеушіге алая қарады.
— Не дейд мынау төлеңгіт, нақтың? – деді сосын жекіріп, — Әй Барақ сұлтан, қаралар ханға тура қарап сөйлейтін болған ба, лібәдтар?
Тарихышлар ду ете қалды. Барлығы жамырай:
— Барақ сұлтан? Сізді өлтірген сол емес пе еді, қалайша…
— А? Мына ептібайымайдтар не деп тұр? Қуасыңдар ма нақ? Әй Барақ, сен бе мені өлтірген?
Аспаннан «Қойнақ» деген дауыс шықты: Барақ болса керек.
— Қарап тұрсам, өңшең төлеңгіт бабасстар кілең, мен туралы неше түрлі жазып тастағанға ұқсайсыңдар! Кәне, тағы не сұрайсыңдар?
Аздап жұмсарғандай болған Әбілқайырдың райы ғалым бұтақбастарға қосымша батылдық бергендей болды. Кезектесіп сұрақ қоя бастады. Алдымен Мақтым Поло сөз алды:
— 1730 жылы Сіз башқұрттар арқылы Анна Иоановна патшайымға хат жазып, бодандығына қабылдауды өтініпсіз. Сосын…
Сол-ақ екен: Мақтым Полоның тасының тұсына 150 граммдық күміс сақина тарс ете қалды. Шабын қос қолдап ұстап, құлай кеткен бұтақбас Марко Полоға, Әбілқайыр төніп келіп:
— Шешесстің, мықтап жазған екенсіңдер нақ! Қазір, Барақ сұлтан келсін, басыңды алдырам! – деп бақырды.
— Олай болған жоқ па не? – деді Мақтым Поло жатқан күйі жыламсырап.
— Лібә, қайдағы патшайым Анна деген? Кәпірді пикникке шығарда алдыратынбыз, қымбат алмайтын қатын еді, хе-хе… Не дейсің, патшайым дедің бе жаңа? Бұттан кетті нақ! – деген Әбілқайыр, жата қалып, құлақтан кеткенше күлді. Біресе ішін, біресе басын ұстап, мойын тамыры шығып күлкіден қатып жатқан Әбілқайырды келесі ғалым түртті.
— Рұқсат етсеңіз… Жаңағы… Енді иә, тарих аздап бұрмалатыны рас… Сонда да сұрайын: Сіздер Бұланты өзенінде…
— Ааа, иә, ол отырыс есімде: Барақ сұлтанның туған күнінде жынды отырғанбыз – деді Әбілқайыр күлкісін тиып.
— Ж-жоқ… Бұланты өзенінде жоңғарлармен болған қырғында деймін де, неге жоңғарларды түгелімен мәңгіге жойып жіберуге мүмкіндік боп тұрғанда, Сіз…
Ғалым сөзін әрі қарай жалғасытрайын десе, аузында бірдеңе кедергі болып тұрғанын сезді. Қараса: асатаяқтың бір шеті шығып тұр екен. «Бұл қайдан тап болды?» деп ойлағанша, желкеден кірген асатаяқтың тесігінен қан судай атқылап таусылып, жан тәсілім етті. Асатаяғын кері суырып алған Әбілқайыр хан, кабинаның жанына барып, үнсіз жантайды да: «Ептібайымайд ұрпақтың жадысын-ай… Мені о дүниеге кері қайтарыңдар… Сөзім жоқ уж..» деді.
Сақалау келген ғалым:
— Иә, сүйткен бәрімізге де жақсы сияқты...-деді де, реакторды қосып жіберді. Әбілқайыр хан қайтадан түтінге айналып, кабинаға кері сорыла бастады. Ашылып кеткен шапанының астынан, шалбарының ышқырына қыстырылған екі «Магнум» тапаншалары көрінгендей болды.
— Тапаншааа??? Жетізарядты «Магнумдар» 20 ғасырда ғана...-деп бастап жатқан ғалымға жетекші ғалым:
— Көтіңді қысшы нақ, өзімнің миым ашып кетті ептібайымайдтың!- деп, жекіп тастады…
Бөлісу:

16 пікір

Abilakim
/— Тапаншааа??? Жетізарядты «Магнумдар» 20 ғасырда ғана...-деп бастап жатқан ғалымға жетекші ғалым:
— Көтіңді қысшы нақ, өзімнің миым ашып кетті ептібайымайдтың!- деп, жекіп тастады…/
Қолтықтан кеттім кеңк-кеңк))))
qisyq
Scheschesse)))))))))))))))))))))))))))))))))
gunner
Дін, тарих, қазақ тілі туралы пікірталас, патриотизм деген бітпейтін әңгіме. Бұл тақырыпта болған пікірталас соңында әркім өз пікірімен тарайды. Ешкімге өз ойыңды дәлелдей алмайсың, бұл тақырыптарда математикадағыдай 1+1=2 дейтіндей дәлел жоқ, аксиома да жоқ. Шындықты ешқашан біле алмайсың.
patick
әбілдің, бұттан кәдімгідей кетіп жатыр тоқтамай )))))))))))))))))))))))))))))))
blackbeard
Сатеке, мынау бір өте қызық тақырып екен! Жалғасын күтем! Осы жанр жетпей жүр ғой бізге!
Ішектен кеттім, нақ:)))
mampasi
«Неге дұрыс емес дейін деп жатырсың, Дос? Ғү» ©СаянҮш

СаянҮш қайда жүр екен? :)))
Orkenegro
Супер!!! Бұлай жазу тек Сатекеңнің қолынан келеді, аман болшы, көкесі…
Erbol
)))))) Тұра алмай қалдым.
blackbeard
Turmak kaidaaa! Otyra almai kaldyk ko buttan dvoinoi ketip:)))
a63a1
падстөлкеттім ))))))
AKY
Аспаннан «Қойнақ» деген дауыс шықты: Барақ болса керек.

ЖынД))))))))))))
Gastarbaiter
Алқаштың алтын қорынан, ауыз тиіңдер
kokbori
Аспаннан «Қойнақ» деген дауыс шықты: Барақ болса керек.