Жо-Тех жаңалықтары
Кеше Істеп Джобс өзінің табынушыларына iПҰТ-2 планшетінің презентациясын өткізді. Енді жамиғы дәруіштер онымен тек SMS жіберіп қана қоймай, тіпті кейде сөйлесе алады дейді. «Келесі өнімдерде тачскринді сенсорлы экран, 3G-байланыс, Wi-Fi және камера бола ма?» деп сұраған «PC World» американдық журналының тілшісіне, «жоғалнақ» деп жауап берді Істеп Джобс.
***
Үйді өзі жинайтын, тамақ істеп қоятын, кір жуатын және онысы үшін ештеңе сұрамайтын роботтар бұрын арман еді ғой, солай ма? Әлі де арман ептібайымайд, тапқан екенсің тегін малайды, құрынақ!
***
«е-Үкімет» идеясы бүгінгі шындыққа айналуда. «Лібә кетшінақ, сайттары көтті ашты...» деп ренжиді, кеше бастығының үстінен кент әкіміне e-арыз жазып, қызметтен қуылған юзер Томми Әбілқасым.
***
Сиырларға GPS-навигатор орнатқан фермерлер дән риза. — Мал ұрлығы әрине, бәрібір азайған жоқ, — дейді фермер Тәслима Швайштайгер, — есесіне полицияға арызданған кезде «құлағында GPS-навигаторы бар!» деп, өзіңше болуға күшті, сосын менттер бірінші сенікін іздейді, жынды бірдеңе шығар деп.
***
Кент тұрғыны Кәмілді өлтіргенін мойындаған Рза МакНамара бүгін босатылды. «Counter Strike-та өлтірдім дедім нақ, содан кейін оны көрген жоқпын, лібәдті» — дейді ол бізге берген сұхбатында.
***
Флэшке Інжілді PDF форматта, крестті JPEG форматта көшіріп беріп, тұмар қылып сатып жүрген Дербісәлінің бизнесіне, шіркеуіміз діни баға бере алмай отыр. «Шешесс...»- дейді шіркеуіміздің нәйіб-падресі архиепископ Тихон Рәтбек.
***
Бүгін кент тұрғыны Қанипа Зета-Жүніс ауласына «Майл-Агентке» импровизацияланған ескерткіш қойды. «Тапқаны-таптым, тек біреуі де үйленгісі келмейд» дейді ол қорс-қорс жылап.
***
Жапондық «Toyota Motors» ең кішкентай флэш жасап шығарды. «Ау, сендер автомобиль шығармаушы ма едіңдер?» деген сұраққа, «Toyota Motors» менеджері: «лібә, енді ғалым сопақбастардың қолын кесіп алмайм ғой нақ!» деп жекіді.
***
«Daewoo Electronics» өзінің «Matiz» сериясындағы кезекті автомобилін ұсынды. «Ау, сендер...» деп бастап жатқан тілшімізге «лібә, күн көру керек нақ» деп жекіді бір топ кәріс.
"«Counter Strike-та өлтірдім дедім нақ, содан кейін оны көрген жоқпын, лібәдті" Өлдім күліп
ептібаймайт-ай )))))))))))))))))))))))))))))))))