Хабарландыру! Белсенді әйел керек!



Өткенде келесі жолы көңілді жазба жазамын деп едім ғой. Сол уәдемді орындайын деп отырмын :)
Күнде қонақ үйден тренинг өтіп жатқан ғимаратқа жаяу барып, жаяуқайтамыз. Бүгін де асықпай, аяңдап келе жатып, жол шетіндегі ағаштан осы жарнаманы хабарландыруды көріп қалдық. Звондап, сұрау керек еді не үшін мұндай әйелдің қажет болғандығын.

Сіздер білмейсіздер ме?

Пы.Сы. Әріптесім екеуміз біреуін жұлып, өзімізбен ала кеттік. Офисқа іліп қойсақ деп отырмыз…
Бөлісу:

23 пікір

asaubota
Стамбулдағы жұмысқа шығар
edige
Зерікпеңдер және зеріктірмеңдер осылай Даке! :)
edige
Қашан қайтасыңдар? Бұл аптада кездеспейміз бе блокгамп туралы. Уакыт аз қалды?
maqpal
Сатыбалды деген кім? білетіндерің бар ма? әлгінде Қалдықыз минибаркэмптердің бірінде Сатыбалдымен кездестім депті. Олай болса, оның Алматыда болғаны ғой, ия? не білгендерің бар? вдруг Сатыбалдының блогы жеңіп кетсе, сыйлықты кімге ұсынамыз?
Gastarbaiter
Мәселе сыйлықтың көлемінде ғой:)
AKY
Маған бере салыңдар, мен апарып берем))
TERISKEI
Мәке, меніңше ол Сатыбалды емес (Қалдықыздың айтқанын айтам, ол жай Сатыбалдыға ұқсайды деген болатын.)Алматыда емес шығар;)
AKY
Атырауға келді деп жазып еді ғой біреу, кім еді, ұмытып отырмын:)
TERISKEI
иә, менің де есімде, жол жүру билетімен қоса жариялаған болатын…
balzaminka
Баяғыда болған ғо ол
Gastarbaiter
Сыйлыққа 1000 доллар беріңдер. 10 адам «Мен Сатыбалды» деп қолтығын суалғанша дәлелдейді.
AKY
Шұлығы кепкенше десей)))
Gastarbaiter
Енді ол жерде үміті қылдай үміткерлер белгілі бір әдіске айырықша көңіл бөлмей, әртүрлі әрекет жасай ма деген болжам ғой.
alisha
Сигма ғой айтқан. Ақтөбелік сынды.
Nurgisa
Қыздар сынады! Ал Ақтөбеліктер жазалайды, аямай жазалайды. ©
maqpal
мен де ол Алматыда емес деп ойлаймын.
qisyq
Екі-ақ пікір жазбаға қатысты екен…
Nurgisa
Сонда… осы жерден таппақ ойда ма едіңдер әлгі белсендіні? :)))
qisyq
кім біледі… Қырғызстан Ауғанстан емес қой, мына тұрған жер. Біреу болмаса біреу біліп қала ма деп…
Nurgisa
:))))))
күлеміз-ау… оларың да молдован, өзбек, тәжіктерше нәпақа іздеп шалғайларға кетіп жатқалы қаша-ан деп те ойлап қоясың бір жағынан.
Бішкектің де бір піспегі бар шығар да, кім білген…
monti
қызық постер екен :) не айтқысы келді екен…