Бішкек. Бірінші күн. Бірінші түн


Таңғы үште жатып, төртте тұрып, таксилетіп, Бішкек қайдасың деп тартып кеттік. Бір емес, екі емес, үш емес, бақандай он күн жатпақ ниет бар. Бауырлас ұлттың бұл қаласында бұрын болмаппын. Бүгін бірінші күн жайлап жатырмыз тайекемдердің (нағашы дегенді қырғызша осылай айтады-ау деймін қателеспесем) төрін. Мамам “қырғыздың Сарыбағыш руы бізге туыс” деп отырушы еді, соны сылтауратып, жиен болып қырық серкешімді қайтарып алайын деп жүрмін:)
Қала ұнады. Әріптесім айтпақшы, “ Алматыны жасыл қала, жасыл қала дейді, қайдан Бішкекте бізге қарағанда ағаш әлдеқайда көп”. Бір-ақ құйыла салған монолит ғимараттарға үйренген көз, жатаған келген төрт-бес қабатты үйлер мен жол жиегін жағалаған тал-дарақтарға үрке қарайды.
Әйтсе де, әлі де болса шекарадан өту деген сезімді сезіне алмай отырмын. Оған себеп, Билайнның жарнамасы жарияланған билбордтар мен тілі де, түрі де қазақтан бір қарағанда айырғысыз қырғыздар шығар, білмедім.
Сенің не істеп, не қойып жүргенің маған не керек деп Шет елде жүрген бауырыңызға бас салсаңыз, алдыңызға фоторепортажымды тарта қояйын.
Бүгін тренингімізде ертерек аяқтап, өткен жылдың сәуірінде болған толқулар өткен жерлерге саяхат жасадық.  Бізге қаланы бастан-аяқ аралатып, бытыр-бытыр сұрақтарымызға батыл-батыл жауап айтып жүрген жігіттерге рахмет!
Сонымен…

1. Мынау – атақты Ақ үй. Өткен жылдың сәуірінде болған оқиғалар кезінде зардап шеккен ғимарат. Бұрын бұл жерде үкімет отырса, қазір парламент орналасыпты. Сыртқы қоршауында қаза тапқан адамдардың тізімі жазылған тақта ілінген.

2. Мынау жоғарыдағы Ақ үйдің сыртқы қоршауындағы оқтың ізі. Жамап қойыпты. Ішке қарата ойылып тұрғанына қарағанда сырттан атылған оқ болса керек. Сонымен қатар, іштен сыртқа дөмпиіп шығып тұрғандары да бар. Бұл Ақ үйді қорғағандардың атқандарынан қалған “ естелік”.

3. Мынау Мұражай үйі екен. Ақ үй екеуінің арасы шамамен екі жүз метрдей. Алайда осы ғимараттың іргесінен адамдар кейін гүл шоқтарын көріпті. Соған қарағанда мұражай табылдырығында базбіреулер қаза тапса керек. Кейбір куәгерлерге сенсек, оларды Ақ үй шатырындағы мергендер оғы іліп кеткен.

4. Мынау – Ескі алаң. Алматының қазір Астана алаңы деп аталатын ескі алаңына ұқсайды екен. Ғимарат та келеді біздікіне. Қазіргі КБТУ ғой Алматыдағы. Ал қырғыздардың ғимараты үкіметке бұйырыпты. Бұрынғы парламент үйі екен.

5. Сол сәуір айында Интернетті шарлап кеткен бір видео болып еді ғой. Саптан шығып қалған орган қызметкерінің құлап,  аяқ асты болатыны жайлы. Сол осы алаңда түсірілген екен.

6. Мынау – өртеніп кеткен прокуратураның ғимараты.
Жазбам көңілсіз болып кетті ме? Нешауа, әлі біраз уақыт бар, қырғыздардың қызықты да қылықты қаласы туралы әлі жақсы жазба жазамын, бүгінгі көргенім осы болды.

Мақала сілтемесі: http://qisyq.wordpress.com/2011/03/07/%d0%b1%d1%96%d1%88%d0%ba%d0%b5%d0%ba-%d0%b1%d1%96%d1%80%d1%96%d0%bd%d1%88%d1%96-%d0%ba%d2%af%d0%bd-%d0%b1%d1%96%d1%80%d1%96%d0%bd%d1%88%d1%96-%d1%82%d2%af%d0%bd/
Бөлісу:

5 пікір

asaubota
Қырғызстан десе осы суретердегідей тек негатив елестейді. давай сен келесі жазбаңда позитив жазып көр :)
edige
Текебаевтың төңкеріс алдындағы қалың елді далада жинап турып сөйлеген сөзін интернетте көргем. Анекдот айтып тұрғанға ұқсады. Негізі осы қырғыз ағайындардың сөзі маған күлкі үйіреді. Мұражай қалаға айналып кетеді деп қорыққан едім айыр қалпақты ағайындардың елін. Сабыр берсін енді.
sammita
Қисық өте түсінікті жақсы жазыпсың! (тақырыпты байқап қалып, тағы Бішкекте бірдеңе болып қалды ма дегем).
omarbirat
Бишкек аябай жағыбатқан болсо керек та :))
Abilakim
Шырттай болып киініп кел))))