Байқауға ұсынылған блогтармен таныс болыңыз!!!

Достар, блогкэмп таяп келеді. Онымен қоса қазақ блогтары арасында үздіктердің анықталатын күні де жақын.

Осыған орай, блогтар байқауының бірінші кезеңінің аяқталғанын хабарлағым келеді. Яғни, блогтар бәйгесіне қатысуға ниет білдірген блогшылардың тізімі анықталды. Енді байқау шарты бойынша бүгіннен бастап, сіздерге (блогкэмп қатысушыларына) олармен танысуға мүмкіндік жасалып отыр.

Барлықтарыңызды байқауға белсенді қатысуға шақырам. Белсенді болу дегеніміз… байқауда бар-жоғы сегіз ғана номинация. Әрбір номинация бойынша өздеріңіздің таңдауларыңызды анықтап қойсаңыздар. Блогкэмп болатын күні яғни, наурыздың 19-ы күні сіздерге кішігірім анкета ұсынылады. Сонда өз таңдауларыңызды белгілесеңіздер – алғысымыз шексіз!
Демеушілер жайында біраз ақпарат: бүгінгі таңда блогтар байқауына нокиа, hp, kcell сияқты ірі компаниялар демеушілік танытып отыр. Жүлде қорын сол компаниялардың өздері белгілейді. Олай болса, үздіктерді анықтауға көмектесіңдер!!! Іске сәт!

Ескерту: * — байқауға блог авторы емес, өзгелер ұсынған блогтар;




Бөлісу:

50 пікір

balzaminka
Менің блогымды ұсынған кісіге РАХМЕТ :)
maqpal
Блогтар байқауында блогшылар аса белсенді болды деп айта алмаймын. Десе де, белсенділік танытқандар жоқ болды деуге болмайды. Оларға көп-көп рахмет!!!
monti
сонда бірін/бірін ұснып жіберген жайттар болған ба? :)
мысалы адам өзін ұсынбасада)))
коментішлер арасынан Омарбрат жоқ ғо :(
негізі коменттері ұнайд маған.
комент болған кезде көбіне, керек инфо лақтырып жүред. ссылка ретінде ;)
maqpal
Онда блогкэмп кезінде үздік комментшілер деген жерге Омарбрат деп жазып қойыңыз. Бұл тізім байқауға блог ұсынған блогшылардың үздік комментшілері.
asaubota
менің де даусым Омар быратқа. бос пікір жазғанын көрген емеспін.
omarbirat
Соңғы бір жылдан бері тек Кездесу мен осы КерекИнфода ғана кәментші боп жүрген адамбыз ғой :)
Khan
Сатыбалдыға дауыс берем
Zere
Мені ұсынған адамдарға да үлкен рахмет! )
Djina
Ең үздік комментшілердің қатарына Әбіләкімді қосу керек…
maqpal
Онда үздік комментшілер 28 емес, 30 болды
kaztarih
бір өкініштісі Шығыстанушының байқауға қатыспай қалғаны
maqpal
Нұржан, блог толық жұмыс істеп тұрған жоқ қой. сондықтан байқаудан алынып тасталды
omarbirat
Тізімдерден Нұрбергеннің блогы көрінбейді ғой?
maqpal
Нұрберген блогын байқауға ұсынған жоқ. Оның блогына қатысты өзгелерден де өтініш түскен жоқ
Nurgisa
Жаман түсіріп тастадың ғой Мақымның Нұрбергенін :)))) Өзінің «сөзім ауыр болмасын...» деп әріден бастайтыны бар еді, сенің мынауың оныкін тіліп түспесе деп тілеп отырмын… ;)
maqpal
Нұрбергенді қазақтың Твені екенін бәрі біледі. Бірақ ешқайсыларыңыз ұсынбадыңыздар ғой. Мен мұнда шарасыз қазақтың рөлін ойнап отырмын ғой :))))
Nurgisa
Ендеше, Омарбырат пен Нұрберген Мақымды қалай қоса аламыз? Осындағы жазылған пікірлер негізінде номинанттар тізімі жаңартуға жата ма? Страсбург сотына шағымданғым жоқ еді… :)))
maqpal
егер 5 млн қол жиналса))))))
Nurgisa
Жалғыз ғана Аршаттың қолы 4 млн. 999 мың 998 юзердің қолына татиді десек… мен және монти екеуміздің даусымызбен былай… нетіліп қалады екен ғой, ә?
maqpal
мұндай жағдайда меніңше, бір ғана жол бар сияқты. дауыс беретін күні анкетада әркім өздерінің варианттарын жазып кетсін. бұл үздік комментшілерге де қатысты.
Nurgisa
Кеңеске рақмет! Ойда жүрсін…
sammita
))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))
деееп әңгімені бастаушы еді. Құрсын, «еді»-м несі:)) көрінбей жүр соңғы күндері.
balzaminka
Енді қалай, қайда дауыс бермек керек?
asaubota
блогкэмп кезінде анкета толтырады қатысушылар, соның нәтижесі бойынша қортынды шығарылады.
balzaminka
дауыс бер деп тұрғаннан кейін бермек ем
maqpal
таңдауыңды жаса деп орысша «калькалатқанша», дауыс бер дегенді жөн көрдік. сайлауда да «дауыс бер» деп ұрандатады да, сосын сайлау учаскесіне келіп бірақ дауыс береді емес пе
Gastarbaiter
Бәрекелді, блогтар қырғын көп боп кетіпті ғой. Мен әдеміше өзім танитын ветерандарға дауыс берер едім, басқаларын оқымаймын.
TERISKEI
Мәссаған! Мына ұсынылынғандардың арасында Нұрғиса ағам жоқ қой, еее мое! Жеке блогын қайдам, осы КЕРЕКИНФОНЫҢ өзінде-ақ нешеме посттар мен нешеме пікір алаңында өзін танытып жүрген жоқ па?! Нұрғиса Асылбековке 1 дауыс жазып қояды ма екенсіз, Мақпал ханым?
maqpal
мындағы тізім байқауға өзінің, өзгенің блогын ұсынған блогшылардың үздік комментшілері. бұл тізім тағы да толықтырылады. Омарбырат, Әбіләкім, Нұрғисаны кіргіземіз. тағы да үздік комментшілер ретінде кімді санайсыздар? жаза беріңіздер. біз үздік комментші абстрактылы номинация болмасын деп, алғашқы тізімді осылайша жасап қойдық.
AKY
Осыннан Алиша мен Саммитаны қосып қойшы.
edige
Аку ханым деп айтсақ та болады қосуға
Gastarbaiter
Объективті — ең үздік блогер Сатыбалды. Тіпті тұрақсыз жазып, бір ашып, бір жауып, шошаңдатқанның өзінде кез-келген тұрақты ресми блогерді рейтингісімен жыртып тұр.
edige
Қисық пен Әбіләкім де қалыспайды негізі.
ardakkatarbayev
Мен "Өркеннің өрнегіне",
Асхат Еркімбайдың "Өрімтал" блогына,
Аршат Оразовтың «Керекинфо» сайтына,
Ербол Серікбайдың «Сұрақ Жауабына» өз дауысымды беремін. Қалай дауыс беру керектігін таба алмағаннан кейін, пікір ретінде қалдырдым.
Пысы: Бас әріптерді біріктіріңіз: «Расында Адам Хақиқатты Мойындағанда Ертеңін Таниды» :)
ardakkatarbayev
Айтқандай депутат Мұрат Әбеновтың блогын ең үздік саяси әлеуметтік блогтың қатарына қоспағандарың таңғалдырып тұр.
Пысы: Мансап Ансаған Қасымыздағы Тәуелсіз Адам Назарының Шынайылығына Айнада Қауқарсыз! ;)
maqpal
Дауысты қатысушылар блогкэмп кезінде береді. Мұнда блогтар байқауына қатысуға ниет білдірген блогшылардың тізімі тұр. енді осында жазған таңдауларыңызды блогкэмп кезінде сізге берілетін анкетаға белгілесеңіз қатып кетеді
talgatjez
Презентациям бар болса, құрылтайға костюм киіп барған дұрыс шығар, қалай ойлайсыз?
Gastarbaiter
Ия, міндетті түрде көк костюм, сары галстук тағып келу керек екен.
asaubota
біз еркін киіммен келеміз ба деп отырмыз :) ондай ресмилік керек емес шығар деп ойлаймын.
Abilakim
Жастардың бет алысы жаман, галстук алмасақ та кәстөм мен шалбар ала саоамын-ау… атақты «ақ шайтанымды» сөмкеме сала салсам ба екен…
Nurgisa
Не ғой, жігіттер-қыздар, мүмкін болса волейбол ойнауға ыңғайлы болатын киімді де ұмытпайықшы. Бүгін-ертең ойналатын орын белгілі боп қалады-ау деймін…
AKY
Уйленгенде киген кәстөм-шалбарыңды ала сал)))
Abilakim
Жоғарыда жазыппын ғой «атақты ақ шайтан» деген сол кәстөм-шалбар ғой))))Негізі кәстөм-шалбардың ішінде өзімді сотталған адам секілді сезінемін. Жұмыста еркін киіммен жүрем көбіне
talgatjez
Өзіммен бірге келетін Еркебұланмен бір командада ойнауға бола ма екен? Дайындалып жүрміз, оқушылармен ойнап…
asaubota
волейболдан қағатын жігіттердің келетініне қуанып отырмын.
Abilakim
мектеп бітіргеннен кйін ойнамаппын осы ойынды.