Бастық.



Таң ертеңгі уақыт. Сағат ондардың шамасы. Банк кассаларына шаруасы түскен Бөрікбай үйіне ең жақын жердегі банк бөлімшесіне жетіп барған болатын… Ентелеп ішке кіріп келгенде, бөтен біреудің территориясына кіріп кеткенін ілезде байқады… Кірген жұрттың барлығын қабағымен қайырып, иегімен иіріп тұрған банк бөлімшесінің ең үлкен бастығына тап болды… Негізі ол заңды түрде бастық болып тағайындалмаған… Жай, ашейін қызметі бойынша осы бос тұрған авторитарлық орынды баса тұруына тура келген… Оның жазығы жоқ… жүйе солай… біреу басқару керек… айлығы бұл банктегі ең қарапайым кізметкердің айлығынан төмен болса да, оны осы қолына тиген билікпен компенсациялаған жайы бар…
«Не керек» деді дереу әй-шәй жоқ…
«Не ғой, бір ақша жіберуім керек еді» деді көзіне тіке қараудан қорқып…
«Мына жерде күте тұрыңыз, кезегіңіз келгенде жақынждайсыз» дегенімен, «Не керек» деп артынан ентігіп кірген тағы біреуін күтіп алуы бір болды…

Бұл қызмет Мырқымбайға ұнайды..Өткен жолы кассир қыздар «сіз де-факто бастықсыз ғой» деп жақсы сөздер айтып кеткен… Бұл де-факто басшылық өзіне ұнап жүр… Таныс тамырлар келіп қалса, қасына жақындатып, қал жағдайын сұрап, мәселелерін шешудің бір екі қыр-сырын айтып беріп бедел де жинап қалады кейде… тек мына айлығы аз болмаса, бәрі жақсы…

Кешкісін, келушілердің аяғы саябырсып, кассирлер кассаларын жауып тарқаса бастады… Мырқымбай ең соңғы болып бөлімшенің барлық терезелерін жауып сыртқа шықты… Аялдамаға жақындап, автобус келгенше біраз ой жүгіртіп тұрғанда…

«Прямо по Абая, вниз по Ленина» деп шұбыра кеткен бір дауыс саңқ ете қалды… Келген өзінің автобусы екен..Іші ығы-жығы, елдің бәрі жұмыстан үйіне қайтып бара жатыр..Қабақтарына қар жауған, есіктің алдында бір екі арқа көрінеді… Біраздан итерісіп жатып табалдырықтан орын босатылды… Мырқымбай сол жерге тұра қойып еді, автобус та орынан ақырын қозғала басталды… Сол-ақ екен артынан бір бастықтың дауысы саңқ ете қалды…

«Жылжы әрмен қарай, келесі аялдамадан отыратындар бар, жылжы алға қарай, есіктің алдында тұрма, кедергі келтірме адамдарға» деп бұйрықты жаудыра бастады… Мырқымбай басқа бір бастықтың территориясына кіргендіктен оған ештеңе айта алмады..Үйге жету керек аман-есен…
Бөлісу:

4 пікір

Abilakim
Мырқымбайлар қырып тұр ғой әзірге…
Aikona
иә, әркім өз территориясында бастық…
edige
"Қорқау күшік өз ауласында қасқыр" ғой расы…