Қазақтың жүз әнінің сайты



http://100an.kaztrk.kz

Қазақтың 100 әні жобасының жеке сайты ашылыпты. Сайтта жоба туралы ақпарат, әндердің видеоларын, дауыс беру мәліметтерін, фотоларын таба аласыздар. Тек көрерменмен интерактив жағы қарастырылмапты, сауалнама, форум немесе пікір жазу алаңы болса жақсы болар еді. Сосын әр көрсетілімнен кейін тез жаңарып тұрса деген тілек айтқым келеді. Әзірше тек алғашқы көрсетілім ғана берілген.
Бөлісу:

24 пікір

patick
бұл жоба туралы естімеппін. қызықты ма?
monti
сапалы дүние сияқтанды… өлеңдері қандай ә, Е.Хасанғалиевтың салған әні керемет болды, жылайсың. көрніп тұр мықты дайындықты жұмыс екені!
жүргізуші қыз тым сұлу))) бұрын соңды ТВдан көрмептім…
alisha
ел жаңалықтарымен танысып тұрғанның айыбы жоқ;))) екі баланың анасы сіз айтып отырған сұлу қыз:)
asaubota
жүргізуші Гүлназ Әлімгерей Қазақстан каналында жаңалықтар жүргізушісі екен, былтыр ең үздік келіншек атанған екен, Миссис-2010

Abilakim
Келіншектер жайын сен білесің ғой
asaubota
келіншек демекші кеше бір әдемі келіншек көрдім, былай сыртынан қарасаң орысша сөйлейтін типтерден сияқты. бірақ, баласына қазақша сөйлеп жатыр. әдемі адамдар қазақша сөйлегенде тіл де әдемі болып көрінеді екен. иә біздің тіліміз қазақ тілі — әдемі тіл деген ойым беки түсті. менің әйелім де тек қазақша сөйлейді! :) мен де :)
Abilakim
"Әдемі қыздардың балмұздақ жегені де әдемі" деп тисуші еді бір досым балмұздақ жеп отырған қыздарға. Негізі қыздарға қарағанда келіншектер әдемі болып келеді. Бұнымнан әдемі қыздардың бәрі келіншектер деген қорытынды тумасын.
alisha
ия, бұрын жаңалықтар жүргізген Нұрділдә Ораздың әйелі.
TERISKEI
вот, Әлиша дұрыс айтады!
alisha
Жаңалықтардың форматына әбден жатық, біздің көзіміз соған үйреніп қалған. Мындағы кейпін қабылдау біраз қиын соқты.
TERISKEI
Дегенмен, маладес қыз! Нәрмәлні алып шығып жүр бағдарламаны.
alisha
ия, оның рас.
TERISKEI
керісінше, қасындағы Нұрланымыз аздап "әртістікке" салынғаны ұнаңқырамайды:)
alisha
иә, әсіресе, алғашқы шығарылымда Ақ бидайды айтқан әженің қасында тұрып секектегені өте ерсі көрінді… Жәй бидай сынды жайқалып тұрса, лекерге келер ед;)
asaubota
қатты переигровать етеді, мұндайлар туралы Комеди клубта бір миниатюра болып еді.
mampasi
Мәдинаны қоймағандарына мың да бір рахмет
Nurgisa
Миссис 2010'ға артқы фондағы ана бір мырза қай сасқанынан қатысып жүр екен?!?!
Gastarbaiter
Жігіттер юморыңа өте жоғары баға беріп жатыр, доС!
Nurgisa
Иә, досым, ниетіңе жет :)
mampasi
2009 миссис Динара Сатжанова болып еді. 2010 Гүлназ. Ел-жұрт танымайтын қарапайым үйде отырған қатындарға ұтыс жоқ шығар бұл жерде
alisha
Динараны Гүлназ он орап алады… Расымен де ол қасындағылардан оқ бойы озық болды. Қазақылығы, қылықтылығы, шынайылығы бәрі жарасып тұрды… Ал, енді вице — миссис атыраулық Мираныкі томпақтау, одан көш ілгерілері көп болды.