Дымымды қоймады, бетімді тіліп алды, ит терімді басыма қаптап жіберді...

«Вөу… Вөу… Вө-вө-вө-вөөөөууууу!!!» © Ақтөс

Бабасстың, осыдан екі жыл бұрын қартаюы себепті, Аид патшалығына артына қарамастан кете берген Ақтөсімнің қоңыр абалаған дауысын Итнернеттен естимін деген, төрт оянсам өңіме кіріп шықпаған екен нақ.
Қабаған қарындас
Кабельдің, қазақтар «Па шіркін Мұқағали!» деп тамсана бергесін, аталмыш амигоны паны нақышына келтіре билейтін біртуар тұлғалардың бірі деп ойлап жүргенім рас. Сөйтсем, кейін байқасам,өлең шығаратын адам болғанға ұқсайды.Осы кісіге арналған бір бұрышқа барып, «Ол кім болған?» деген сияқты сұрақ қойып едім. Қазақ қарындас байыбына барып түсіндірудің орнына, жер-жебіріме жетіп, бетімді тіліп алды, дымымды қоймай, ит терімді басыма қаптап жіберді.
Әбілдің, сонда мақтана беретін толеранттылықтарың, діни төзімділік пен мәдени интеграция дегендерің қайда қалған, нақтар кілең?
Бөлісу:

11 пікір

asaubota
бір нәрсені дұрыс жеткізуді білмеудің көрінісі, қайтеміз бізге тән қасиет қой. сенің соны көрсеткен әжуаңды түсінбей сол құр абалау ит сияқты. дым нақты пікір жоқ ана жерде :)
Jacqabaies_Chirac
бетімді тіліп алды, дымымды қоймай, ит терімді басыма қаптап жіберді
лібә жыламаш нақ
saken
жеке бұрышындағы мәліметіне сенсек Айжан бірінші сыныпқа 2005 жылы барған екен. Ақтөбелік екен. Қазір 6-шы сынып оқушысы. Сатекеңмен дауласып жүргеніне қарағанда, Әлия Молдағұлова апасына ұқсаған жүректі қыз екен. Айжанға РЫСПЕКТ демекпін.
Бірақ кейінгі жазбаны авторы Ақтаулық Серікке "қарным ашып" қалды. :(
Gastarbaiter
Қай жеріне респект? Интернетте батыр болу қиын іс пе екен?
saken
интернеттегі ақпаратына сенсек, кіп-кішкентай қыз екен (орнына басқа біреу жазып отырмаса...), сонысының өзіне РЫСПЕК.
patick
Мұғалімдердің айтқанын қайталайды ғой, қайтсін енді.
Gastarbaiter
Сатеке, одан да реалдағы Виктор Цойды еске алу кешіне барып, «Чо за мертвый кореец? Да у него же вокала нету?» десең көбірек адреналин алар едің…
Abilakim
ертеңіне алған әсерін бізге айта алмай қалып жүрмей ме?
Gastarbaiter
Көт терісін тасына қаптап жібермей ме деген үрей де жоқ емес:)))