Сарайақын Асқар. «Мақтау мэтрі - Маккормак» (естелік)

«Жуу да» ©Айко

Қарап тұрсам, ол барлығымыздан да асқақ, барлығымыздан да биік болған екен. Жарықтық МакКормак:«өлгеннен кейін түсіндің бе қадірімді, тәліб?!» деп, қабіріңде дөң айбат шегіп жатқан боларсың!
Әлі есімде, 1980 жылдың 29 ақпаны болатын болатын (лібә, қазір компьютерден қарап отырсам, ол жылы ақпан 28-інен біткен екен, шешесстің). Редакцияға имене басып, орта бойлы жігіт кіріп келді де, қасындағы ұзын жігітті «МакКормак» деп таныстырып, қайтадан шығып кетті. Шынын айтқанда, біз бірінші хатшының көтіне кіретін мақалалар жазып жатқан болатынбыз, содан ба, жаңадан келген жігітке онша мән бермедік.
Біздің апыл-ғұпыл жанталасымыздың сыры мынада болатын. Редакциядағы үшеуміз де үйсізбіз, кезекте тұрмыз. Сөйтіп жақында ұзынқұлақтан, «екі бөлмелі бір пәтер босады, үшеуіңнің біреуіңе беретін болды» дегенді естідік. Күн көру керек шешесс, қайсысымыз көтке тереңірек кіріп кетсек, сонымызға беретін шығар деп, бірінші хатшының түгін қоймай мақтап жатырмыз. Тіпті бір жерде мен: «Бірінші хатшымыз Ғабиден Джобс – Лениндік идеялар мен Маркстік экономиканың квинтэссенциясы мен полиномы!» деппін. Кейін энциклопедиядан қарасам, тек «полиномы» деген жерден қате жіберіппін: математикалық термин екен.
Сөйтіп отырғанда кеш те болды, бірінші хатшымыз Ғабиден Джобс та кіріп келді. Марқұм, өте ұзын кісі болатын: табалдырықтан екі бүктетіліп кірді. Сосын бізге қарап:
— Жігіттер, дұрыстап жазған шығарсыңдар енді? Міне осы сөзім – сөз: күздің қорытындысы бойынша Еңбек Ері атағын алсам – ренжітпейм! Ал, кәне жазғандарың? –деді.
Лібә, барлығымыз жамырап жүгірдік нақ. Сүріне-қабына хатшының қасына бірінші жетіп барғаныммен, өзі ұп-ұзын кісінің алдында тапал бойымнан қысылып, орындықта манадан үндемей отырған, әлгі, жаңадан келген МакКормакка «қол жалғап жіберш!» дедім. Обалына не керек: МакКормак тұрды да, алып бере қойды. Хатшы қабағын түйіп тұрып оқыды да:
— Ой жарадың! Өзің бе жазған? – деді МакКормакқа. МакКормак малатаңанәлет:
-Иә! – дейд!
— Кәне артымнан еріп жүр онда! – деді де, хатшы МакКормакпен бірге шығып кетті…
Қарбаласпен арқаның қоңыр күзі де келіп, бірінші хатшы Ғабиден Джобс аңсаған «Еңбек Ері» атағын да алды. Салтанатты жиналыста түнгі ауысым күзетшісі МакКормакқа екі бөлмелі пәтердің кілтін өз қолымен табыс етті. Нақ.
Ал біз сол оңбағаннан оңбадық. Араға жыл салып қасымдағы екеудің біреуі уайымнан дүниеден озды. Екіншісі ішкілікке салынып кетті. Мен, «ең болмаса осы тұста ерекше болайыншы» деп – инеге отырдым. Үшеуміз де, өмір бойы тасы өрге домалаған МакКормактың өміріне қызығумен өттік.
Не базына айтайын жастарға осыдан кейін? «Ық-ық...» деймін де, басқа не дейін, ептібайымайдтар.
Бөлісу:

8 пікір

Gastarbaiter
ең болмаса осы тұста ерекше болайыншы» деп – инеге отырдым.))))))))
edige
ай епты ай ә құлаттың
Abilakim
Кеңкілдемеске шара жоқ кең-кеңк))))
edige
«полиномы» математикалық термин екен.
:)))))))))))))))))))