Ронюксэ Мұртаза. «Жан пида»

«Да жуу» ©Айко

Конференц-залдан шыққандар бастарын шайқап, тамсанып шықты.
— Шешен! Нағыз шешен! Сөзім жоқ! – деді бойжеткен егделеу әйелге.
— Тұқымыңжайылғыр, ғашық боп қалғаннан саумысың өзі сен қыз? – деді әйел бойжеткенге.
Бойжеткен қызарып кетті. Оның бозбалаға тән, бәрін айтып қоятын риясыз келбетіне сүйсінген әйел, құлай сүйіп қалмаса да, бір сезім арқалап шыққанын түсініп қалған еді. Сондықтан ба, бойжеткеннің арқасынан қағып, ұятын жеңілдеткен болып:
— Ұялма қызым, біз барлығымыз оған ғашықпыз – деді.
— Жоқ… қойыңызшы… Жәй, осымен төртінші жыл ғой, сөз тапқырлығымен, білгірлігімен ғимаратты алып қалып отыр. Басқа біреу болса бізді баяғыда…
— Иә, онысына сөз жоқ, бізге құдай берген біреу ғой. Бұрынғы бастық болғанда, міңгірлеп-сасып, мылқаудан бетер үндемей, бұл ғимараттан баяғыда айрылар едік.
Директордың мақтауын жеткізіп тұрған тек бұл екеу емес еді. Жер-жерде екі-үшеуден жиналған қауым, жаңағы жиналыста, қала әкімшілігінен келген барымташылардың ит терісін басына қаптап жіберген директорға алғыстарын айтып, бірін-бірі құттықтап жатыр. Мақтауға тіпті сөз жетпегендей, аяқтарын сермеп қойып сөйлейді.
Ал конференц залда жалғыз қалған директор орындыққа сылқ етіп отыра кетті. Сөйлей-сөйлей қолтығы көпіріп кетіпті тіпті. Көпірсе-көпірсін: не десе де, Мылқаулар Ассоциациясының зәулім ғимаратын тағы бір жылға алып қалды…
Бөлісу:

4 пікір

Gastarbaiter
Кеше түнімен өлең айтам деп саусақтарым талып қалды -деп аяғын сермеп тұрған мылқау жайлы анекдотты білетін едім.
Қолтығы көпірген директор )))))))
Gastarbaiter
Осындай кемтарларға прикол ұстаған педараз заман болыпты деседі, ел артындағы аңыз.
Abilakim
қолтықтан кеттім))))
gunner
Осы Сатыбалды Шерхан Мұртазаның инеттегі қарсыласы ма деп қаламын кейде )). Не жазса да Мұртаза, Мұртаза… Тұрар Рысқұловтың түрмедегі қиналғанын жазған үшін осылай өшігіп алған. Былайша Мұртазаның «Ай мен Айшасы» мектеп балаларына жарайтын кітап, орташа жазатын сияқты