Қош, махаббат (Ақбота Керімбекова)
Кірпігімнен үзіледі,
Мөлдір шығы сағыныштың,
Күн деміңмен құрғатшы келіп.
Жүрек үнсіз күрсінеді,
Жанарларым жалынышты.
Алаңдаймын, күтемін сені…
Қайырмасы:
Қош енді, қош, махаббатым,
Махаббатым-аманатым,
Тұмар қылып сақта жүректе.
Болмасақ та бірге енді біз,
Бірге соғар жүрегіміз.
Зарыға аңсап өткен күндерді…
Қош енді, қош, махаббатым,
Махаббатым-аманатым,
Тұмар қылып сақта жүректе…
Керек емес өзге ешкім,
Тағдырыммен ерегестім,
Кездестірген өте кеш сені.
Қоштасуға қолым бармай,
Қал деуге енді арым бармай,
Қиналдым ау, жаным, кеш мені…
сосын сіңілдерім ыдыс жуып ыңылдап орындап қоя береді :)))