Күту залында отырғандай болдық ))


Бізге айылықты негізі бухгалтер қалаған уақытына береді да. Кейде айдың басында кейде соңында. Кейде мүлдем ұмытып кетеді. Алдыңғы аптада елдер айлық сұрап шулаған кезде көзін бақырайтып:" Әлі уақыты болған жоқ қой",-дегені, хотя айлық алмағанымызға 1,5 айдың жүзі болған.
Содан қызығы ол айлықты берер уақыты да қызық, әйтеуір бір жұмада сағат 17 50 мен 18 00 дің арасында бір-бірлеп шақырып береді.
Біздікілер сол бір ай өткен соң әр жұма 17 00 ден кейін үйлеріне қайтпай айлықтың берер күнін күтіп отырамыз. ))) Ол апта бермесе, келесі аптада күту залында отырғандай тіз қатарынан тізіліп алып отырамыз. Бәрінің көзінде бір сұрақ:«бүгін айлық бола ма?» немесе тағы жынды бала ұқсап бекер отырмын ба деген?
Бөлісу:

26 пікір

TERISKEI
Бізде әр айдың бірінде, 17-00 мен 18-00 арасында беріледі,(әрине, ол күн жексенбіге тура келсе, келесі күн аламыз). Бастығымыз Құдайдан қорқатын адам, бәріне беріліп, біреуіне берілмей қалса, жауапты адамды жерден алып, жерге салады.Мен ертең Құдай алдында жауап берем ғой, осылар үшін дейді!
Aikona
Біздің бастықтың ол жағына көп қатысы жоқ. Өмір бойы геолог болып қалған кісі ғой тек карталар мен қималары ғана маңызды )) Бірақ өте жақсы кісі, ақшаға онша қыры жоқ. Ақша жағы бухгалтеріміздің ісі ғой.
alisha
соларға телміртпей банкомат арқылы алғанға не жетсін;) 7 жыл болды касса көрмегелі;)
Aikona
Айтпа, бәрінен дұрысы сол шығар. Алдыңғы компаниям жақсы еді ақшаларың банкоматқа ауды деп хабарлап, ертесі күні қанша аударып, қанша ұстағаны туралы түбіртек әкеліп беретін.
ardakkatarbayev
Кеңсеңіз артта қалған екен, касса арқылы есептесу болса… Жекеменшік болса, шындығында барлық банкалық операциялар, шоттар ашу, өткізу сияқты мәселелердің жүрісі де көп, шығыны да бар. Есепшіңіз үнемшіл-еріншек шығар)))
kuat
жұмыссызбын. рахат шешесс, бұндай проблем жоқ менде.
alisha
Құдай сақтасын, мына жермен айдаһар жүріп өтіпті ғой;)
alisha
менен басқасына — қойып кетіпті, менен көріп жүрмеңдер;)
Nurgisa
жауап беруге де қорқып отырмын… :)))
AKY
)))))))))))))) Бұл жерге пікір жазбай-ақ қойған дұрыс қой деймін))
Nurgisa
Бұл "өткелді" «Минусқойған» деп атай салайық ;))))
alisha
Минусқойған болса болсын, ал плюс қойған мен;)
AKY
Тек қана бұл тақырыпта ғана емес)) Тікелей эфирді шолып өтіңдерші…
alisha
кімнің ісі екені белгілі ғой
alisha
Құдайдың бергеніне шүкір…
omarbirat
Қытайдың бергеніне шүкір… :))
AKY
окуцс десейші…
patick
Минусталып жатсыңдар ма? Ұстап алсам… бір шөлмек құям, нақ.
alisha
СБ қайда?
alisha
Осы Құдайбергеніміз Қожеке емес пе? "Қ"-ны таңбалағандары ұқсайды екен…
alisha
осы жерде — пен +-тің парқын жақсы білетін кісі сол еді негізі;))))аман жүрсін!
sammita
мен де солай ойлап ем… (минуууусс)
Zilola
мен қолма-қол жалақы алмағаныма көп жыл болды, тіпті алғанымды ұмытып қалыппын :)
Біздің жалақы әр айдың 9-нан 12-не дейін (сенбі, жексенбіге иүсіп қалса) міндетті түрде беріледі. Тіпә-тіпә (көп көрмесін), осы уақытқа деуір дағдарыс деп жалақыны кешіктірмепті.
көбінесе 9 күні түскі 12-13 терде счетқа түседі. Кеңсеміздің ғимаратының бірінші қабатында орналасқан банкоматтан аламыз, кейде кезек көп болса, Қисықтың кеңсе жағына жүгіреміз :)
balzaminka
Айкона, двойная бухгалтерия ма жумыста?
bazuka
компанияныз банк арқылы аудару үшін финуслугаға тиын-тебендерін қимай жүрген болып тұр ғой)))
saken
меніңше Балзаминканың айтып отырған жағдайы.
sammita
әр айдың 5-іне дейін банкоматтан аламыз, кешігу сияқты проблемалар жоқ (тіпә-тіпә). Левый жұмыстарды ғана қолма-қол аламын, бірақ олар да счетқа лақтырады көбіне.