Келем деші (Ақбота Керімбекова)



Ай боп іздеп күнді,
Таң боп іздеп түнді,
Сағынамын әлдекімді…
Армандаймын аңсап,
Жүрегіммен ән сап,
Жүрсің неге менен алшақ?
Қайырмасы
Келем деші, күнім,
Келем деші, бүгін.
Шын бақыттың гүлін бер маған.
Келем деші, еркем,
Күндей күліп көркем.
Тым болмаса ертең кел маған
Үміт отын жалғай,
Құс боп қанат талмай, келем деші…

Жан сырымды тылсым,
Тек жұлдыздар білсін,
Айтшы жаным, қайда жүрсің?
Тәтті мұңға батып,
Сені күтіп бақыт,
Өтсін, мейлі, қанша уақыт.
Бөлісу:

7 пікір

alisha
Осы ән ұнайды өте! Рахмет!
AKY
кивиге тіркеле алмай отырмын. МР3 кодын қояйын деп ем((
asaubota
алдымен кивиден іздеп көрсең болады. мысалы мен видеосын тауып алдым да қосып қойдым мында.
know_how88
Ән өте ұнайтын, орындаушысы А.Керімбетова екенін кейін білдім. Мынау жердегі әннің сөздері үшін рақмет!
edige
А.Керімбетова
Керімбекова Ақбота
know_how88
Плюс. Түртіп алдым.