Алматы. 26 ақпан. Сенбі күнгі кездесу



Уә аса құрметті һәм қадірменді алматылық блогшылар, блогшылардың басқа қалалардан келген блогшы дос-таныс-туыстары және жалпы Блогкемпке алыс-жақыннан көз тастап жүрген қауым!

Ертең, яғни 26 ақпан күні /сенбі/ саған 18.30-да кезекті минибарымыз атышулы Арбатты «City» кафесінде өтетінін алдын-ала хабарлағым келеді.

«City» Абылай хан даңғылы мен Жібек жолы көшелерінің қиылысында «Заңғардың» /ЦУМ/ қарсысында орналасқан. /Адрес деп алайсаңыз міне: Абылай хан 64/.

Естігендеріңіз естімегендеріңізге айта жүріңіздер.
Бөлісу:

13 пікір

Aikona
Мен бұл апта келе алмаймын. Кешірім өтінем оған.
qisyq
Минус қойып тастайын ба?!:)
Aikona
Қой олай қорқытпа :) Шынымен келе алмайтындай жағдай болып тұр.
blackbeard
Massagaaaan! Bizdin ademi kyzdarymyzdyn biri kele almady degen soz… Ooo Kudaai ne jazdyk:) Jut degen osy shygar…
Aikona
)))))))) ұялтып жібердің
edige
Мен кездесуге катыспагам бір рет те. Бугіннен барсам болады ма?
qisyq
Ертеңнен бастап келсеңіз, қуанамыз әрине:)
edige
«Ертең, яғни 25 ақпан күні /сенбі/ „
Бугін гой 25 ақпан
qisyq
Рахмет, қателесіп кетіппін:( ертең, ертең.
ardakkatarbayev
Арбаттағы «City» кафесінің жанында көп тосып, тоңып… кетіп қалыппын!
urimtal
Бір адамның орны ойсырап бос тұратын болды, Құдайым-ай!!!
Zilola
Мен барамын міндетті түрде!!! Бармасам қызықтан қалғандай ішімді қызғаныш, көреалмаушылық деген сезімдер билейді :)))
Zilola
Сити емес, Арбаттағы Силкуейдің қасындағы "Қорқыт ата" халал кафесіне келіңіздер халайық!!! (Қонаев пен Жібек жолы көшелерінің қиылысы)