Жұмамұрат Саймон. «Анонс»

Менде бір керемет сюжет бар...: Жұмамұрат Саймон. «Анонс»

***
Ол өз әйелінің күйеуі болатын. Ал әйелі – сәйкесінше әйелі әрі қайынағасының қарындасы еді. Мамыражай бейбіт өмірді Бейбітшілік көшесінен шыға келген көлік қалайша өзгертті? Сенбі күні арнамыздан «Бампер» мелодрамасын тамашалаңыздар.

***
Жастайымыздан «арақ ішіп, темекі шекпеңдер» деп үйретіп келді бізді. Бірақ, темекі шегіп, арақ ішуге ешкім тиым салған жоқ қой? Екі алқаштың пәлсапалық әңгімелеріне жансыз куә болған күлсалғыштың монологын «Өсиет» фильмінде тамашалаңыздар. Жексенбі күні. Нақтың.

***
Сорлаған сорлыны сорлатқан үстіне сорлата берсе, ол сорлының — Олимпте отырған он екі бұтақбасқа ренжуі орынды емес пе? Дүйсенбі күні, өтірік өліп қалып, Аспан Әміршілерінен — мал өмірі мен ит-шошқа тағдыры үшін кек алып қайтқан Одиссей Ақтамбердінің хикаятын тамашалаңыздар.

***
«Әкесі тірілгенді де естіртеді». Вампирлер әлемі туралы «Сояутіс» топтамасынан, басқа да мәтелдеріміздің қалайша өңі айналғанын естіңіздер. Сейсенбіде нақ.

***
Қырық жыл бойы Исаның үлгілі мүмміні боп келген абзал жан шіркеуге барар жолда назарын неліктен отқа табынушылардың ғибадатханасына аударды? Тылсым құпияның шешімін «Өрт сөндірушілер» фильмінен біліңіздер. Сәрсенбіде енесстің, есіңнен шығып кетпесін.

***
Алты тонна сиыр етін уақытша мәйітханаға сақтай тұрмақ болған Пірназар — істің арты бұлай боларын біліп пе еді… Қалай боларын??? Енді қарасайш соны бейсенбі күні, саған күнде айтып отыруым керек пе не нақ?

***
Лаңкестік әрекет — кімге көк жәшіктен жаңалық, ал кімге — күрмеуі көп қиын жұмыс. Жұма күні, әбілдер өмірінің бір сәті «Тәлібтер» деректі фильмінде.

***
Апта күндері бітіп қалд нақ, келесі аптада көретіндеріңді – келесі аптада айтамыз, ептібайымайдтың көзтоймас көрермендері!
Бөлісу:

13 пікір

asaubota
тәлібтердің кім екенін енді түсіндім :)))
sammita
Аршат-жираф:))
ErNur
Ол жираф емес-асаубота!
sammita
жоқ, ол жираф.
sigma
Бота ма, Жираф па қалай болғанда да мойны ұзын мақұлық қой
sammita
мен анекдотқа қатысты еске алып ем, әйтпесе Аршат-арыстан ғой:))
ErNur
жоқ-Асаубота! :)
sigma
жираф пен ботаның ұқсас жерін таба алмай отырған болар десем.

Аршат жақсы бала
asaubota
жұрттың бәрі өздеріңдей ақылды емес қой. тәліб деген не екен деп жүргенім рас. соны енді түсініп жатырмын. тормоздығыма жираф деп жатырғаны да.
sammita
қойшы, саған іренжіген жараспайды.
sigma
Мына анонстарды (кабинетте ешкім жоқ еді) «мәнерлі» дауыспен (әлгі анонс оқитындардай қылып, өзімше) оқып көріп, едім күлкіден қаттым.
Жынды жазылған, брәтіштің қолы тисе avi форматта істетіп іліп қоймасам
Zilola
@sigma ағай брәтіштің қолы тимеді ме?
sigma
Брәтіш айтқанды тыңдамай жүр ғой