Қазақстандық хостерлер мен ішілген қан туралы
Кешеден бері еліміздің хостерлерінің қылығына әбден зығырданым қайнап отыр. Мүмкін менің жазғалы отырған тақырыбымды сіздер әлдеқашан талқылап тастаған боларсыздар. Бірақ архивті қарап отыратын уақытым болмай тұр. Сондықтан тез айта салғым келді. Осы біздің қазақстандық хостерлердің ішінде 24/7 әдісімен жасайтындары бар ма? Әлде барлығы да түнде ұйықтап, күндіз түскі ас ішетіндер ме? Тіркелу кезінде менен электронкадан басқа еш нәрсе сұрамайтындары бар ма? «Оларға менің РНН-ым не үшін керек болды екен?» деп әлі басым қатып отыр.
… Барлығы кеше басталды. Хостинг іздеу керек болды. Таптым. Hoster.kz. Былай қарасам тарифтері көңілге қонымды (әриен салыстырмалы түрде). Ал енді тапсырыс бермеймін бе? Түстен кейін «Тапсырысыңыз тіркелді» деген жауап хат келгенімен, сұрағыма жауап алу үшін жазған хатымды да, соққан телефонымды да тыңдайтын құлақ табылмады. Бірақ ол жерде бір қызығы Beeline, Kcell, Skype барлығы тұр. Бірақ барлығы да бос емес, жасамайды, оффлайн. Сонымен кешкісін үйге барып басқа хостерлерді іздедім. Туйтерде бір кісілер IDHost.kz дегенді ұсынды. Әупіріммен әрең тіркелдім. Өйткені sing up дұрыс жұмыс жасамайды. Бірақ енді ақшасын төлейін десем ішкі панельдегі epay белгісіз қате шығарып тұр. Ал поштама ешқандай да тіркелгенімді растаған хат келмеді. Ал келісім хаттың соңында «Кешкі 18:00-ден кейінгі тапсырыстар ертесіне қаралады» деп тұрды…
… Бүгін келдім таңертең. Жұмысқа келе сала Хостер.кз-дан келген хатты көріп амал жоқ қуандым. Тағы да бітпейтін бюрократиямен ақшамды әрең дегенде 12-лерде төлеп, үйге барып 13:00-де поштамды қарағанда жаңа ғана «Сіздің ақшаңызды алдық. Енді тапсырысты орындаймыз...» деген жауап келіпті. Ол хаттың келгеніне де 2 сағат 14 минут өтті. Бірақ менің хостингім мен доменім әлі жоқ. Уау!
Сіздер де осындай қиындықтарға кездестіңіздер ме әлед мен бір нәрсені дұрыс жасамай отырмын ба? Бір хостингті тіркеу неге мұншалықты қиындап кеткен? Осыған дейін webhost пен bluhost-ты пайдаланып келгем. Олар бес минуттың ішінде тіркейтін еді. Сосын сіздерден тағы бір сұрайтыным, қазақстандық доменмен қазақстандық хостерге тіркелмеудің қандай жолдары бар?
Upd: Жаңа ғана «Добрый день, Тимур. Заказ выполним, данные для доступа вам придут с support@hoster.kz» деген хат келді. Уау! «Оперативно»!
Upd2: Жаңа ғана тағы хат келді. «Благодарим Вас за то, что Вы приобрели услуги хостинга и регистрации
доменного имени у лидера казахстанского хостинга — компании Hoster.KZ
Мы уверены, что на протяжении всего срока обслуживания Вы будете довольны
нашей работой, а сейчас приступим, обязательно ознакомьтесь со всем текстом:
Ваше доменное имя: чччччччч.kz, чччччччч.com
Было отправлено на регистрацию и уже сейчас зарегистрировано.
Обычно, после регистрации доменного имени, проходит около 24 часов и
оно начинает работать. Попробуйте проверить завтра — мы уверены что уже
будет работать. „Қазақ мұндайда сорпа саған сөз жоқ“ дейді! Айтарым жоқ!

не қиындығы бар? ресейден немесе басқа шетелден ала бер хостинг. домен DNS-іне солардың серверін көрсетесің, болды. әлде мен сұрақты түсінбедім бе?
барлығы ештеңе емес, манадан қаным қарайып осы посттың екі бет жалғасын жазып, саған жариялап кеп жіберіп едім, біздің Уебсенстің қитығы ұстап қалды да қалды! Квотамен пайдалан деп басып жіберіп едім, манағы ұзын-сонар жазбам ұшты-күйлі жоқ боп кеткені… Бррррррррр… Сабыр, Тимур, сабыр:)))
Бес минут туралы әңгіме жоқ ол жақта, және 24/7 емес 5/2 тәртібімен жұмыс істейді.
Банк арқылы төлеп, түбіртегін сканерлеп жіберіп тел. соқсаңыз ақшаңыз түскенді күтпей-ақ заказыңызды реттеп тастайды.
Денис жақсы бала
менің ойымша алдын ала негативті оймен қарап негатив нәтиже күтпеу керек сияқты.