Қайдағы-жайдағы...

Сонау тоқсаныншы жылдардан да өлмей шықтық қой.
С)ҚАЛДЫҚЫЗ

Тоқсаныншы жылдар Қазақстан тұрғындарына жаппай қиын тиді. Бала болып сезбеген шығармыз. Әйтпесе қалалық ағайындарымыз «айлап ақша алмайтынбыз сол кездерде» деп бекер айтпайтын шығар. Кей жерлерде ақша орнына азық-түлік берген деседі. Айтпағым мынау…
Ауылдағы жарық өшіп қалу деген секілді оқиғалардың шет жағасын көріп өстік. Бәз біреулер секілді қантсыз қара шай ішпесек те, сол жылдардың жыры бала миыма жазылып қалған.
Бала кезімізде біздерге алып беріп жатқан киімдерімізге қарап ағаларымыз «Біз мектепке күпәйкемен баратынбыз, сумка орнына дүрбінің де сыртын ұстағанбыз» деп отыратын. Енді қазір бәрінің балалары бар. ешқайсысы балаларын күпәйкемен мектепке жібермеді))))
Қазір ғой аудан тұрмақ ауылдың дүкенінде бәрі бар. Ол жылдары киім табу қиындау болатын. Мектепті ел қатарлы оқыдым. Бірде туфлиім жыртылып калды.ертесі сабаққа киіп баратын туфли табыла қоймады. Ауданға себепсіз бара бермейтін кез. Қазіргідей екінің бірінде машинада жоқ қой. Көмекші орыс бар болатын үйде.Әжем сол орысқа жыртылған туфлиімнің табанын басқа аяқ киімге тігіп беруді сұрады. Ол солай етіп берді. Көзге қораш көрінеді. Оны қарап тұрған әжем жоқ. «Тамаша емес пе?» деп қояды. Әбіләкімнің  ауылы: Қайдағы-жайдағы...Ертесіне еріксіз әлгі аяқ киіммен бардым мектепке. Галош секілді бірдеме өзі де. Әшейінде партаның үстімен жүгіріп жүретін мен тыныш отырдым сол жолы. Сұрағандарға «ауырып отырмын» дей саламын.Аяғыма бәрі қарап отырғандай.Партанын астына тыгып әлекпін. Мұғалімдер сабақ сұрайды, дайын емеспін деймін(оқиға бес оқитын кездерім, негізі жетінші сыныпқа дейін жетіге оқығанмын). Тақтаға да шықпадым. Өзімді қор санадым.Тамағыма өксік тығылды.4 сабақ біткенше орнымнан тұрмай кеттім ғой. Сабақ аяқталысымен мектептен жүгіре шықтым. Үйге келсем… жаңа туфли әкеліп қойыпты.
Бөлісу:

18 пікір

ErNur
Ия бұның бәрі болды. Біз 11 класты бастаған жылы ноябрь айынан бастап сөнген жарықты мектеп бітіріп ауылдан кеткенше көрмей кеттік ауылдан. Выпускной вечер дегенді тырылдаған «движок» мотормен өткізіп едік әлі есімде. Шамға әйнек мұржа да табыла бермейтін. Өзің айтқан рояльдің шынысын пайдаланатын еді мұржа қылып. Аяқ киім деген иісі аңқыған бес күнге жетпей жыртылып қалатын дермантин болды. Оны екі қойға сатып алып жүрді ол кезде. Бес қап ұн бір сиыр болды. Қазір кім сенеді… бәрі ертек сияқты.
Abilakim
Бір танысым айтқаны: «ағамның баласы жарықты өшіріп тастаған жылдары туғантын.Бала екіге келгенде жарық жанды ауылда. Кешкілік сбетті жандырғанда, әлгі кішкене інім қорқып стөлдің астына кіріп кетуші еді»
Abilakim
Шамға екен ғой)))) Мен пештің түтінін роялдің шынысының аузынан шығып жатқанын елестетіп қиналып отырсам.
Nurgisa
мен рояль деп пианиноны ойлап отырсам… арақта бастарың қалғыр…
Abilakim
Оны елестету тіпті қиын екен ағасы…
sammita
«негізі жетінші сыныпқа дейін жетіге оқығанмын»
осыны түсіндіріп жіберсең болды, үйге қарай жылжиын…
Abilakim
Мен өзімді 10 балдық жүйемен бағалап отырамын ара-тұра, Жетіден кейін 3-5 тің арасына түстім
sammita
бұндай жағдайдың бәрі болды бізде де. Қыста пимамен сабаққа бара беретін ек, ол қалыпты жағдай. Азанда қараңғы болған соң, алғашқы сабақтар физ-ра, еңбек, ән-күй болатын. Одан кейінгі сабақтың мәні кететін, ұйқылы-ояу секіріп, жүгіріп келген соң. Бір күні қап-қараңғы кабинетте отырсақ, дәлізден гүрс-гүрс біреу келе жатыр. Сөйтсек кластасым бар еді бұзықтау, сол керзі етікпен кіріп келді. Күлеміз кеп. Сөйтек жоқшылықтан емес (жалғыз ұлы біреудің) жап-жаңа керзі етікті қораға киюге қимай киіп келген ғой сабаққа:))
Huan
Менің әкем францияға жұмыс барысымен барып тұратын, сол кезде азды көпті киімдер әкеліп тұратын базарлық ретінде, бүр түрлі деп кеймейтінбіз )
Karakyz
жарық сөніп қалғанда іштей қуанатынмын (кішкентаймын ғой), жарық барда әркім өз ісімен өзі болып жатса, жарық сөнсе барлығы бір шамның айналасына жақындайтын, әкем көрейін десе теледидар жоқ, оқиын десе, газет оқуға қараңғы, балаларды жинап алып әр түрлі қызық әңгімелер, балалық шағынан естеліктер айтатын…

Киімнің жаңасын кию үйдің үлкендерінің құқығы болатын, солардан қалғандарды киіп жүре береміз, есесіне таңдау кең болады))
Zilola
өләәәәәәәәә мен де сондай 4 әпкемнен қалғанын кигем :)
Қазір өзім жалақы алған сайын су жаңасын алып киемін, бірәқ уже баяғыдай қызық емес :(((
Makhabbat
жазбаңыз күшті, Б.Соқпақбаевтың «менің ғажап пималарым» деген әңгімесіне ұксайды екен +5:)
bazuka
жарық өшкен кезде неге екенің білмим күштілеп тұрып тынығып қалатынмын. есімде қатты жатталып қалғаны менен 5жас үлкен апам жарық сөнгенде химиядан есеп шығарып, формула жазатында отыратын
alisha
жарық өшкенде қолмен жарға қоян, бұғы, иттердің бейнесін жасап, бір мәз болушы ек…
temir1986
Біздің ауылда сол кезде жақсы етікшілер пайда болды. Кәдімгі балық аулайтын жібек ауларды тарқатып, соның жібімен жыртылған етікті тігіп береді. Содан көргеніміз, шынымды айтсам әлі күнге жыртылған аяқкиімді өзім тігіп алам.