Стамғазы Рубрук. «Рақат өмір»
«Ақзеренің аватары күшті, үйленем ғыӘ,» ©СаянҮш
— Бүгін шайды немен бересіз? – деді ол лакейге.
— О! Таң ата нақ Марсельдің өзінен тамаша крюасандар келіп жетті! Балдай татиды!
Лакейдің тамсануынан өзінің де жегісі келіп тұрғаны байқалатындай.
— Айтпақшы, — деді лакей байыппен, — үстеліңіздегі визиткаларды көрген боларсыз?
— Не визитка олар?
— Император Франс Фердинанд бүгін гауляйтерлерді қабылдап, балл береді.
— Тек кешкі сегізге демеңізші?!
— Нақ сағат сегізге. Нақ…
— Қап әтеген-ай! Сюзанн ханыммен бақта серуендеуге уәделесіп қойып едім…
— Сюзанн ханыммен барыңыз ендеше!
— Болмайды. Бұл қоғамды білесің, ертең гу-гу өсек тарайд. «Петефи әулеті ең сұлу жігітін Сюзанн ханымды құрықтауға жіберіп, Шандор әулетінің теміржол активтеріне ауыз салмақ» деп шығарад ертең бұлар. Әрі, Сюзанн ханымның, тек байлығы үшін қызыққан серілерден жүрегі қаймығып қалғанға ұқсайды…
Ауладағы бақ ортасындағы үлкен үстелге таңғы ас та жайылып үлгеріпті. Әлгі лакей мақтаған крюасаннан бір үзім алып жеп, шынымен тәтті екенін байқады. Ал қақталған қозы етіне, енді сөз жоқ: түрік жалшы Ырымжырым Йылдырым ет қақтау өнерінің шыңын бүгін тағы да бағындырыпты! Ол әуелде осынау натюрмортқа бергісіз көріністі бұзғысы келмегенімен, тәбеті бәрібір жеңіп, қозыны бұтарлай бастады. Этикет талабымен үлестіріп болып, өзі төс сүйегін аузына апара бергенде… төргі бөлмеге пәтерлес Мұрат Франц кіріп келіп, телевизорды өшіріп тастады. Сосын маған қарап бақырды:
— Лібә, кино қарап жата бергенше, ақша іздесейш, қожайын арғыкүні келем деватыр! Жиырма бес теңгең бар ма қалтаңда? Бар нақ, екі бульон алып кел, ептібайымайд, су қайнады!..

Қырғи жақсы бала
)))қолтық кеппейтін болды
менің күліп жатқаныма алара қарайтынды шығарды әріптестерім