Бұған не дейсің?

Бүгін әріптесім мына сайтты жіберіпті. www.russianskz.info. Оқышы деп. Тәк деп қарай бастадым. Талай нәрсе айтқым кеп тұр. Бірақ көре алмастар ұлтаралық жанжал тудырдың дегендей бола ма деп, ішімнен тындым. Беті былай-былай болғанымен   астарында үлкен әңгіме жатыр.
Азиада или Славяниада? Из 70 попавшими в казахстанскую копилку медалей 95% завоевано русскими
Прошлая неделя ознаменовалась проведением в Казахстане Азиатских игр. Всеказахстанское спортивное событие в течение нескольких дней приковывало внимание любителей спорта. Для самоутверждения Казахстана это событие стало знаковым. Особенно, с наложением недавнего председательства Казахстана в ОБСЕ. Но в бочке меда есть и капля дегтя.
В помпезном, вселенском шоу о кочевниках Казахстан был представлен всему миру как государство, со своей долгим великим прошлым, и не менее великим будущим.
Конечно, без национального колорита не обойтись, ведь он является таким же символом государства и народа как флаг и гимн. Но когда в хороший кофе насыпаешь много сахара, вкус у благородного напитка портиться, он становиться приторным. То же правило и в жизни. Картину нужно показывать комплексно, не забывая всех её героев.
Руководство Казахстана – во всяком случае, для внешнего употребления – позиционирует свое государство как многонациональное. Сочетание мультикультуризма и сохранения национальной особенности каждой из более 150 народностей – основная черта мирного сосуществования казахстанского народа.
Но реальности картины выглядит иначе, национальная политика в республике отчётливо проказахская. Что, впрочем, не мешает казахским властям использовать «имперский» ресурс.
Спорт Казахстана на международном уровне в большинстве своем имеет славянские черты. Парадокс состоит в том, что представлены в культурном плане одни, а спортивных вершин достигают другие.
К примеру, Из 70 попавшими в казахстанскую копилку медалей 95% завоевано русскими (см. здесь: asiada2011.gazeta.kz/prizers/).
Редко кто в мире знает историю Казахстана. 20 лет – это небольшой срок для крупного государства Центральноазиатского региона. И почти никто не знает, что современный Казахстан был частью России, без которой не только существование государства, но и самого казахского этноса стояло под большим вопросом.
Между тем, казахский курс истории пропитан антагонизмом по отношению к России и русским. Думается, не стоит представлять русский народ и царскую власть как колонизаторов (изучая в школе историю Казахстана, я так сам считал). Но жизнь ставит всё на свои места в табели о рангах.
Существование казахского и русского народа – это дружба, подкрепленная веками. Казахский и русский этносы – это кирпичики одного фундамента казахстанского народа, что и подтвердили 7-ые азиатские игры.
Леонид Красноперов – г. Москва
Тұпнұсқасы осында. www.russianskz.info/russians/1155-aziada-ili-slavyaniada-iz-47-popavshimi-v-kazahstanskuyu-kopilku-medaley-95-zavoevano-russkimi.html

Мақала сілтемесі: http://azanbekov.wordpress.com/2011/02/18/%d0%b1%d2%b1%d2%93%d0%b0%d0%bd-%d0%bd%d0%b5-%d0%b4%d0%b5%d0%b9%d1%81%d1%96%d2%a3/
Бөлісу:

12 пікір

patick
келісетін де, келіспейтін де жерлері бар
patick
Олар (қазақстандағы орыстар тобыры) бізді (қазақтар мен дәруіштерді) интеллектуалдық, сана, білім тұрғысынан басынып отыр. Өйткені, ол солай да. Екі қарапайым орыс пен қазақты салыстырсаң — орыс анағұрлым білімді болып шығады.
Оған ашуланудың қажеті жоқ. Бұларға соғыс ашпайсың, бұлармен төбелесе алмайсың. Оларға да керегі сол. Төбелес бастасаң — халықаралық дау туғызады, одан сайын тұқыртып, мал қылып тастайды.
Оқу керек, білімді болу керек, халықтың санасын ояту керек. Сонда ғана төтеп беруге болады.
alisha
Күні кеше осындай бір әңгіме болған. Күйеуім «Медалистер кілең орыс қой» деп бірдеңе дейді. «Тұғырда тұратын қазақ сендер емес пе? Неменеге ренжисің, кімге өкпелейсің? Сендердің қолдарыңнан кім қақты, жолдарыңа кім жатты?» деп ем, ұялып қалды-ау деймін. Әңгіме аяқсыз қалды.
Abilakim
Әңгіме аяқсыз қалып ұйқыға жаттық.Оянсам дәлізде шаңғы тұр-деп аяқтасай
asaubota
автор спорт тұрғысында сауатсыз сияқты. әр ұлттың физиологиялық ерекшеліктері бар. бізде қысқы спортқа еп жоқ, еп болса шығар еді бірнеше спортшы. орыстар алдымен өздерінің жекпе-жек түрлері бойынша Ұлттық Құрамаларын қарап алсын. неше орыс бар екен? өңкей кавказдықтар. бізде де солай. күрес пен бокста қанша орыс бар?
alisha
айтпақшы, күйеуімнің «біз-боксер» деген аргументін ұмытып кетіппін ғой!
omarbirat
Жаза берсін. Орекеңдердің әуселесі Саппорода өтетін Азия ойындарында да байқалар. Мына Айзадада басым бөлігін қазақтар құрайтын шенеуніктер құрамасы көрінбейтін һәм көрсетілмейтін майданның батырлары болып отырғаны шындық қой.
Nurkoke
Іштері күйсе тұз жаласын, дүние жүзіне қазақ мәдениетін жақсы көрсетті.Орыстар ол қазақтың орыстары,Қазақстанның туын желбіретті Ресейдің емес.Өздеріне қарап алсын шоуларының бәрінде еврей мен грузиндер.Жириновский де еврей ғой деймін, сол еврейлер орыстан өткен ұлтшылдар, бізде қазақ орыстарды қазақтан өткен ұлшыл ғып шығара аламыз ба, мәселе сонда!
Zere
Ия, шоулары жайлы дәл айттың. Мартерясян, Урганттары болмаса, қазір теликтан қарайтын дымдар болмайтын еді ғой )))
asaubota
орыс ғалымдар да еврейлер :) басшылықта болғандар да орыс емес. шынымен орыстар дым емес екен ғой :) қазіргі Медведев те еврей.
kokserek
оу оу ағайын… аттанбай тоқтаңыз!
оңдай кеудесі шіріген адамдар әр ұлтта да бар.
дәл осындай сайттар қазнетте толып тұр. мен оларды бақылап жүрмін әрдайым.
бірақ орыстар мындай анандай деп айтуға һақым жоқ.
Қазақстанды сүйетін, қазақ тілін үйренуге талпынатын әр ұлттың азаматтары жылдан жылға көбейіп жатыр елімізде. Әсіресе жастар арасында.
Соны көре алмай жүргендер әлбетте аз емес. сондай үлкен немесе кәрі кісілер (кеңес заманында туып есейген) осындай сайттарды жасайды да ақшалай қолдайды. Қазақстандағы этностарды араңдату үшін.

олармен күресудің тек бір жолы бар: қазақша сөйлесіңіз(қазақ емес болса да сәлем, сау бол, рахметті қазақша айтыңыз)бәрімен, тек қазақ телеарналарды қараңыз, тек қазақша газет сатып алыңыз, кез келген жерде (банк, мемлекеттік ұйымдар...) қағаздарды қазақша толтырыңыз және т.с.с.
saken
жаза берсін. Әйтеуір .kz доменінен кетіп тынған ғой деймін мына сайттың басшылары.

Қысқы спортқа қатты ебіміз жоқ екенін мойындау керекпіз. Мүмкін жақсылап насихатталса бірді екілі белгілі спортшы шығыпта қалар қазақ спортшылардан. Қызылорда мен Шымкенттен жүз қысқы спорт сарайын салғанмен бірде бір Әлемге әйгілі конькиші, болмаса керлингші шықпайтыны рас. Шаңғыны шынымды айтсам өмірі көрмегенмін «тірілей».

Әр өңірдің, әр ұлттың елімізде өмір сүріп жатырған спортқа деген ұлттық қабілетін ескере отырып дайындау керек деп ойлаймын. Бастысы дұрыс бағыт беріп отырсақ жеткілікті.

ПыСы: Ақ Азиададағы споршылардың 95пайызы славяндық болса, бокстан өткен Чемпионатқа қатысушылардың 95 пайызы қазақ өкілі болғанын айтып өткім келеді.