23 пікір

Nurgisa
Сөзсіз керемет. Сөзбен де.
akpatscha
Осындайда ағылшынша білмейтініңе өкінесің. Битлдардың «Иес ту дей», «Хэллоу, субмаринасының», сосын «Отель Калифорнияның» мәтінінің орысша аудармасын оқығамын, тамаша әсерлі өлеңдер екен. Мағынасы біздің талай әндерімізден артық.
Қазір бір әнді таба алмай жүрмін. Қызығы, авторы кім екенін білмеймін. Ағылшынша білмегенсін, әннің атын да айта алмаймын. Ағылшынша сайрайтын жігіттерге музыкасын салып беріп едім, түк слухтары жоқ, таба алмады. Даусына қарағанда Элвис Прэсли болу керек. Общым, махаббат туралы ән.
Nurgisa
Битлдардың «Иес ту дей»
:))) мұндай вариациясын көрмеппін.
Ал ана Калифорнияның қазақша аудармасы да бар :) көзі қырағы қарарман білер.

Ал мынауыңыз әсіре сілтеушілік пе деп қалдым:
Мағынасы біздің талай әндерімізден артық.

Әлгі, шет елде жасалғанның бәрі алтын жалатылған риторикасына келіңкірейді екен аздап. Ол эпоханы аман еңсердік пе десем…
akpatscha
Битлдардың әнінің атын қате жазсам, ағылшынша қақпайтынымды басында айтқанмын.
Екіншіден, «Шет елде жасалғанның бәрі алтын жалатылған...» деп келетін пікіріңіз де маған қатысты емес. Мұқағалидың, Қадырдың, Мұхтардың сөздеріне жазылған әндерді, басқа да сұрапыл дүниелерді шетелдікінен кем санайтын адамыңыз мен емес. Фрэнк Синатра, «Битлз», Шарль Азнавур Элвис Прэслилердің әндері біздің ТАЛАЙ әндерімізден артық деп санайтыным рас. «Ойлай берме, жаным», «Ауылдағы ару қыз», «Мен саған ғашықпын, баяғыдан» деген тіркестерді жүз рет қайталайтын қыртымбайлардан тошны артық, әйтеуір.
«Шет елде жасалғанның бәрі алтын жалатылған риторикасына келіңкірейді екен аздап. Ол эпоханы аман еңсердік пе десем…»
Ондай эпоханы өз басым сезінген де емеспін…
meirzhan
Фрэнк Синатра, «Битлз», Шарль Азнавур Элвис Прэслилердің әндері біздің ТАЛАЙ әндерімізден артық деп санайтыным рас. «Ойлай берме, жаным», «Ауылдағы ару қыз», «Мен саған ғашықпын, баяғыдан» деген тіркестерді жүз рет қайталайтын қыртымбайлардан тошны артық, әйтеуір.
Әрине, артық. 20 ғасырдың үздік әншілерін қазақ эстрадасының қатардағы әншілермен салыстыруға да келмейді ғой.
omarbirat
Фрэнк Синатра демекші, мына өлеңі ұнайды:

«Крепкий орешек» фильмінің саундтрегі ғой. Как раз қазір Алматыда қар жауып тұр.
Jacqabaies_Chirac
оңли иуууу кән ду мейк ол дис уорлд сииим райд шығар нақ )))
omarbirat
Осы клипті көргенге дейін Луи Армстронг ірі денелі, толық деп елестетіп жүріппін :)
Nurgisa
Саған «стронг» дегені қатты әсер етсе керек қой, Омарбыреке :)
omarbirat
Суреттерден түрін ғана көргенбіз ғой. Оның үстіне, трубада ойнайтындар толық денелі болады деген стереотип ойда әбден орнығып алған.
Nurgisa
Трубада труба ойнап қояды екен, иәәә? деп таңырқап па :)
Ол стереотипке салсақ, екеуміз де «трубадур» болуымыз керек сияқты. Бірақ кәсібіміз мен нәпақамыз басқада. Шамасы, трубаны үрлесек, жел management жағы ақсайтынын сезуімізден болса керек…
Nurgisa
Басқаларыңызды қайдам, негізі археология күні болмаса да, өз басым мына әнді тыңдап кетуге жиі бас сұғып кететінім бар. Нақышына келтіре айтады да, е, кәйіп алып.
Erkekyz
Бұрын естіген сияқтымын, Шректе бар меді осы ән?
omarbirat
Мадагаскарда тошна бар. Шректе болған жоқ қой деймін.
Erkekyz
Аа, онда Мадагаскар шығар, сол есіме түсіре алмай отқам (ялған смайл)
meirzhan
Ассоциативті және «слуховая» памятьтің қоысындысы.
omarbirat
Видео көріне ме сендерде? Иелерінің бірі авторлық құқықты қорғау үшін тыйым салып тастады деген бірдеңе шығып тұр менде.
Erkekyz
Маған көрінбеді, ютубтан тыңдап келдім.
omarbirat
Видеоны жаңартып қойдым :)
balzaminka
Омеке қарсы болмаса сөзін осында қоялын, мүмкін бір кісіге керек болып қалар :)

What a Wonderful World

I see trees of green, red roses too
I see them bloom, for me and you,
And I think to myself, what a wonderful world.

I see skies of blue and clouds of white,
The bright blessed day, the dark sacred night,
And I think to myself, what a wonderful world.

The colors of the rainbow, so pretty in the sky
Are also on the faces of people going by
I see friends shaking hands, saying, “How do you do?”
They’re really saying: “I love you.”

I hear babies cry, I watch them grow
They’ll learn much more than I’ll ever know,
And I think to myself, what a wonderful world.
Yes I think to myself, what a wonderful world.
omarbirat
О не дегеніңіз. Керісінше, құптаймын.