«Сказ о розовой ЛОШАДИ”. Қоян жылқы болған кез…
Жоқ-жоқ, мен дұрыс жаздым, Сіздің де көзіңіз дұрыс көреді. “Все про кино” сайтының хабарлауынша, “Сказ о розовом зайце” атты туынды түсіріп, ел-жұртты алашапқын жасаған (жақсы мағынада) Фархат Шәріпов енді “Сказ о розовой лошади” атты жаңа фильмге білек сыбанып кіріспекші.
Әу баста журналистердің “Киноның аты неге мұндай” деп қойған сұрақтарына, режиссер атауға аса мән бермеуді сұрап, қалжың ретінде, егер оқиға жылқы жайында болса, ол туралы да фильм түсірер едім деген сыңайда жауап берген екен.
Ұзынқұлақтан жеткен сөзге қарағанда, Фархат Шәріпов жаңа жобаның сценарийін жазып, “Қазақфильмге” бекіттіріп те алса керек.
Жоғарыдағы сайттың мәліметіне сенсек, қоян туралы хикаяның қоюшысы аталған ақпаратты растаған, алайда егжей-тегжейіне тоқталмапты. Бірақ, бұл фильмның “Сказ о розовом зайцеге” сиквел болатынын, бірінші бөлімнің бірнеше өкілінің ғана түсіру жұмыстарына тартылатынын жеткізіпті.
Шынымды айтсам, өзім қуанып отырмын. Қанша мұрын тыжырайтқанмен де, қазақ киносының қатарын қарайтуға азды-Көпті үлесін қосқан алғашқы туынды біздің көңілге жағып қалып еді. Қоянды қойып, енді жылқыға көшкен Фархат Шәріповтың жаңа фильмі жанымызды жылытар деп сенеміз.

2 пікір