Кәріс сериалдарында кездесін 30 пункт.
Кеше «Голливуд боевик»теріндегі қателіктерді оқып, мына кәріс сериалдарындағы кездесетін(қайталана беретін) қателіктер есіме түсіп кетті. Сіздерде мұны «бір жерден» оқыған болуларыңыз мүмкін, сонда да жаза кетейінші.
1. Жас, сымбатты, бай жанұяның балалары өздерінен үлкен, ұрысқақ, тола қыздарға ғашық болып қалады.
2.Сенің досың болады, ол саған сен оған жарысың ғашықсыңдар.
3.Ағайындылар, жиендер, нағашылар әйтеуір бір қызға ғашық болып қалады.
4.Бәрі қатерлі ісікпен ауырады.
5.Ғашық болып қалған жігітіңнің н/е қызыңның отбасы әйтеуір сенің отбасыңа жамандық істеген болып шығады.
6.Егер сен байдың баласы болсаң, сен нақұрыссың.
7.Егер сен кедей болсаң-сен періштесің.
8.Әйелдері бетіндегі косметикасымен ұйықтап, косметикасыпен оянады.
9.Қатты жігерленіп сабақ оқыса н/е жұмыс істесе мұрындарынан қан кетеді.
10.Мұрыннан қан кетсе, онда ол адамда қатерлі ісік.
11.Сен жігітіңді есімімен емес, қызметіндегі лауазымына байланысты атайсың.
12.Егер жігітің екеуің бір-біріңді шынайы сүйсеңдер, онда соңында міндетті түрде бірге өлесіңдер. Кәдімгі адамдар сияқты баспана іздеп, табудың орнына далада, суықта тоңып өлулерің шарт. :D
13.Егер Америкаға оқуға кетсең, супер-табыскер болып қайтасың, ал Англияға барсаң -сәнқой болып қайтасың, ал Кореяда оқуда қалсаң, бар өзгерері, ол-сенің шаш үлгің.
14.Егер сен жаңбырдың астында 5 минуттан артық тұрып қалсаң, онда сенің дене қызуың көтеріліп, қалтырай бастайсың. Сосын жедел жәрдем шақырып, ауруханаға апарудың орнына, сені жігітің арқасына арқалап апарады.
15.Қанша тақыр, кедей болсаңда сен қайталап бір киімді кимейсің.
16.Егер сен кедей баланың рөлін сомдасаң, онда міндетті түрде бетің кір, шашың үрпе-түрпе болады.
17.Егерде сен біреуді машина соғып кетудең(н/е т.б соққылардан) құтқаратын болсаң, оны итеріп жіберіп, құтқарасың да, ал өзің сол машина сені соғып кетуін күтіп тұрасың.
18.Барлық кейіпкердің жоғалған әпкесі, ағасы н/е егізі болады. Оны кейін, арада бірнеше жыл салып біледі.
19.Кәріс жігіттері әдетте көп ішеді, шегеді, сонымен қатар ән айтады, пианинода ойнайды. Олардың ресторандарында бәріне пианиноға ойнауға рұқсат бар.
20.Аэропортта, бір жақтан ұшып келсең, сенің көзінде міндетті түрде күнге қарсы киетін көзілдірік болады. Міндетті түрде!
21.Егер қыз ашуланса, ол қашып, жігіті тоқтатпағанша жүгіре береді. Содан жігіті тоқтатып, жеңінен шап беріп ұстап қалады.
22.Жігіттері үнемі ұзын болады.
23.Жігіттері опа, далап, подводка қолданғанды ұнатады.
24.Ғимаратта 6 түрлі лифті бар болсада, сен тура барып, өзің жек көретін нақұрыспен(кейін жақсы көріп кететін) бір лифтінің ішінде қалып кетесің.
25.Сен байып, аяққа тұрып кеткенше сені қалындығыңның н/е болашақ жарыңның әке-шешесі сені жек көретін болады.
26.Әпкесі де.
27.Ал, болашақ жарыңның ағасы н/е інісі сені сағынып өліп жүреді.
28.Оларда сүйісудің екі-ақ түрі бар. Бірі ынғайсыз жағдайда, күткепеген жерден сүйіп қалу, екіншісі жай ғана жабық ернінің үстінен сүйіп алу.
29.Жігіт әрдайым қыздың саусағына тура келетін жүзік сатып алады. Саусағының өлшемін білмеседе.
30.Бас кейіпкердің әкесі бай болса, мейірімсіз келеді. (бәрінде емес әрине, бірақ көбіне солай).
1. Басты рөлдегі актерді кішкентай кезінде шешесі тастап кеткен, не шешесі қайтыс болып кеткен, ата-анасы жоқ, не ауыстырып алған, некесіз туылған, не туылғанымен шешесіне артық жүк болып қалған тарихы болады.
2. Барлық кезде махаббат болады. Махаббаттың өрше түсуіне үшінші адам келіп орталарында кедергі жасауы керек. Сөйтіп, қызғаныш өрбиді.
3. Сериалда сүйісу орын алса, ол тек еріндердің бір-біріне жақындауымен шектеледі.
4. Актер мағыналы бір сөз қозғайтын болса оны жылап тұрып айтады.
5. Жалпы ыңғайы келсе жылай береді, онда да мұрындары қызарып, көздерінен порша-порша жасын мойынына аққанша тұрады.
6. Сүйгенін күткен кезде жаңбырдың астында, қатты суықта да, қанша керек босла, сонша қалшылдап күтіп тұрады.
7. Кетуге көнбей тұрса, ұлдар қыздың қолынан сүйреп, далаға шығарып әкетеді, анадай сүйреуден қыздың қолы қайтып шығып кетпеген екен деп ойлайсың ))
8. Стресстен соджу ішіп құтылады. Ішіп алған кезде барлық шындықтарын айтады: қызы да, ұлы да…
9. Біреумен сөйлескісі келмесе ұялы телефонды өшірмейді, тек батарейкасын алып тастайды. )) Соңғы кезде шығып жүрген сериалдарда ұялы телефондардың жарнамасын көп жасайды )
10. Жеке әңгімелесу үшін пейзажы жақсы бір жердің скамейкасында отырып, кейде тұрып, он минут үнсіздіктен кейін сөйлеседі.
11. Сүйгенінің кететінін білсе, аэропортқа, вокзалға, автобусқа қарай жүгіреді, ең соңғы сәтте жетеді ғой.
12. Әйтеуір бір уақытта басты кейіпкер қыз не мас болып жүре алмай қалады, не аяғын ауыртып алады, не шаршайды, сондықтан жігіт кейіпкер оны арқалап үйіне апарады.
13. Әке-шешесі балаларын төптіштеп ұра береді.
14. Жағымсыз кейіпкер зұлым болса – сайтаннан асар зұлым болады. Жағымды кейіпкер әлбетте мейірімді – басына тек періштенің сәжі ғана жетіспейтін болады.
15. Әйтеуір біреусі жазылмайтын дертке шалдыққан болады.
16. Өлген жақын адамының моласына барып, өкініп, қайғырып, кешірім сұрап, сырын айтып жылайды.
17. Полицейскийлер әркез мейірімді, не топастау болып шығады.
18. Сериал созу мақсатымен, кейіпкер өткенді еске алу барысында алдыңғы сериаларының жартысын қайта көруге мәжбүр боласың.
19. Ұйықтағанда бетіндегі бояуды айтпағанда, киімдерін де шешпейді ғой.
Га Эльді (қателеспесем) бір жігіт қолынан "әй-шәй" жоқ, жұлқып жетектей жөнелді.
Сосын Гу Ждин Пё қызды қардың астында ыстығы көтерілгенше күтті :))
Негізі маған солардың қыздарды арқалайтыны ұнайды. Бәрін қойып Кореяға кетем-ау, мені өмір бойы арқалап жүретін жігіттен айналып кетейін :)
Жалпы сол сериал қуып кеткен сериал ғой. Мектептерінде қандай қорлық көрсетіп жатса да, билік-мектеп басшылығы тарапынан ешқандай реакция көрмейсің.
Кореяда шынымен сондай болса, біздің елімізде әділдіктің шыңы екен ғой деп ойлап қаласың.
Рас-өтірігін қайдам, еш қысылмастан жел шығарып жүре береді дейді ғой, сол рас па?
Ол көбіне әкесі, жынды ағасы, күлегеш біреулер солай істейді. )
негізі балдарының мұрны ағып жылайтыны ұнамайд. қыздары кекріп қалад :( ужас на
Қызы болсын, ұлы болсын, беттері сәбидікіндей ғой тегі, дақ жоқ.
Пластикалық операцияға көп жүгінеді-ау. Біздікілер сияқты угриін сыға бермейтін шығар.
Пунктке қосып қоян.
1. Міндетті түрле шошқа етін қурып/суп жасайтын күні достарын қызықтырп шыақырад кинода :)
Зообақ боп кетіпті есіл-дертіңіз.
дегеніңізге қарағанда қоян не шошқа етіне аңсарыңыз ауып отырған сыңайлы ма деп сескендім. Түскілік трапезаға шығып па едіңіз?… әлде… кхм… арқалап апаратын ешкім болмай тұр ма? :)
мен сенің, дәлірегі сіздің шаужайыңызға жабысып қоймай жүргендей-ақ…
Сапарға кеткен адам хат тастап кетеді сүйген адамына арнап, оны біреу арқылы табыстамақ болады, 3ші адам қастық ойлап бермей қояды.Ол хат 15 жылдан соң шығады… деп кете берсе.
Соңғы аяқталған «Сестра Золушки» — түк ұқпадым, 20 серияға дейін созатында не болды?! Жылап -сықтаумен, көрісу-қоштасумен сонша уақыт өтті. «Осы сериал ұнады» дегендер, қол көтеріңдерші?
Минсуен қайсысына күйеуге шықты?
Құшақтап тұрған жігіт ағасы ма, бірдемесі емес пе еді, ия?
— тамақты жегендері қызық, 1түрлі (бет ауыздарына күріш жабысып).
Бірақ тамақтарын бөлек-бөлек ыдысқа салып, «аппетитно» қып дайындайды ғой.
шынымен осындай ма? :)))
Бір сериал қараған едім, сонда кейіпкердің кішкентай иті болады. Соны далаға шығаруға қорқады, оны ұрлап кетсе қайтем, не түнде сен барып сойып жеп алсаң деп досына айтады ))
очм
сүйіспеңдерсеулдікпен/ресейліктермен))))сосын, барлығы кинода биік паталок, кереуеттер көрмейсің, 1 жұқа көрпені астына сала салып жата беред :) паталок биік болмаған соң, төсектіңде керегі шамашы шығар ;)
негізі барып келген адамдар айтад. неге кені, қыста онша қар жоқ бірақ қара суық. жастары. жұп/жұқа кинеді. біз қабатталып жүргенде дейд :). Бірақ метрода т.б. жерлерде түшкіріп т.б. істеп атқан адам көрмейсің дейд: О