Шарасыздық
Студент кезде бірде бай-бірде кедейсің ғой.Жалпы қай кезде болсада.Қазақ атамыз «Ер жігіт бірде малды, бірде малсыз» деп тегін айтпаған. Ойын автоматымен ауырмасамда (ауырмау себебім сол ойынханаларда күзетші болғанмын)ауыратын достарымның кесірінен қайтарға да тиын таппай қалған кезіміз бартын.Оңтүстік-Шығыс пен Майқұдықтың арасы әжептеуір жер.Жаяулатсаң таң атқанша жетпессің.5 баламыз қалтамызда екі адамға ғана жол ақы бар. Жандалбасамен соңғы автобустың біріне міндік.Адам көп. Кондуктор бірден бізге келе қоймады.түсейін деп тұрған бір-екі адамның билеттерін алып алдық.кондуктор билет сұрағанда соны көрсеттік.Ол «сендерді бірінші рет көріп тұрмын» дейд, «Біз автостанциядан бастап осы автобуста келе жатырмыз»деп біз де шылп етпейміз.сөйтіп үй жаққа да жетіп едік.
Таныс қыздарымыздың да басынан өткен бір жағдайды айта кетейін.Студенттік билеттеріне сенген қыздар, автобусқа кешігіп қалыпты.содан аялдамадағы адамдардан жолға тиын-тебен сұрап, ақыры бір жігіт жеткілікті «меліштерін» беріп, жатақханаларына маршруткамен аман-есен жеткен екен.
мен мектеп кезімде ақшаның суреттерін салуды жақсы көретін едім, копияларын жасап үйге сервантқа іліп қоятынмын. сосын проезднойлар жасауды шығардым. басында өзіме, бөлелеріме жасап жүрдім. ол үшін уақыты біткен проезднойларды жинап жүретінбіз, әр айда әр түрлі болады. бұрын қайталанғандарды алып, ай атын өшіріп, жаңа айдың атын жазатынмын да сыртын (ол кезде скоч жоқ) целофанмен қаптап, үтіктеп тастайтынмын. жаңа проездной дайын болып шыға келеді. тек бір ақ рет ұсталдым, онда да контролердің қолын қпйырып құтылып кеттім, артымнан айқайлап жатты «козел, я тебя запомнил» деп :)) ал мен еретңіне Түркияға оқуға кетіп бара жаттым, сондықтан күлдім де кете бердім.
Түркияда бұл кәсіпті тағы жалғастырдым, ақылы оқитындарға тегін жатақхана бермейтін. ал жатақханада тіркеліп, өздері үйде тұратындар көп. яғни жататын орын бар, сол ақылы оқитын балдарға пропуск жасап беретінмін. олар солай кіріп, жатып жүрді. кейін біреуі ұсталғасын қойып кеттім.