Оралу

Оралу. Өткенге оралу. Мектеп жылдарына қайта шолу жасағым келіп отыр.Оның өзінде бастауыш кластарға.Осы жерге бастауыш кластарда жаттаған (әлі ұмытылмаған)тақпақтарды жаза кетсек.
Нан қоқымын шашпаңдар
Жерде жатса баспаңдар
Теріп алып қастерлеп
Торғайларға тастаңдар!
Бөлісу:

17 пікір

asaubota
есімде дым қалмапты. бастауыш мектепті тек 1 жыл ғана оқыппын.
sammita
бастауыш мектепті 4 жыл оқымайтын ба еді? 1 жылың не?
asaubota
солай болды обшым :) адам сияқты әліппе оқып көрген жоқпын, әріптерді бір біріне жалғап жазуды үйренген жоқпын. әлі күнге шейін тасқа басып жазғандай жазам :) мені 5 жасымда ауылға қаладан келген инспекторлар байқап қалып, қаладағы интернатқа жіберткізді оқу-жазу біледі ғой деп. содан 4-ші тоқсан болып жатқан кезде 1-классқа бардым. келесі жылы 2-ші кластың басында бұл аз болады деп 3-ке секіртіп жіберді. 78-дермен оқыдым әрі қарай :)
Zilola
Кешегі өткен ер Әбіш
Елден бір асқан ерек-ті
Жүрегі жылы, бойы құрыш
Туысы жаннан бөлек-ті
или
Я сегодня сбилась с ног
У меня пропал щенок
Два часа его ждала
Два часа его звала
За уроки не садилась
и обедать не могла
в это утро очень рано
соскочил щенок с дивана деген бір жаттау бар еД :)))
Abilakim
ер Әбіштің Нұрекеңнің әкесіне қандай да бір қатысы жоқ па?
Zilola
Бұл Абай атаңның ұлы ғо, қайтыс болған соң соның қазасын көтере алмай жазған
sammita
«Бидай мен қаңбақ» мысалын толық жаттап алғам.
Өзі қаңбақ болсын,
Онда қандай салмақ болсын?
Тұрақтай алмай тегістікке,
Тірелді бір күн егістікке.
-«Сен осы бидаймысың?»
-«Иә, бидаймын».
-«Ақыл айтсам тыңдаймысың?»
-«Тыңдаймын»…
ары қарай «Ана тілі»-нен оқып алыңдар, тым ұзақ:)
«Ленин-ата, біз-ұлан,
Сенен туған шат өмір.
Сенің нұрлы шұғылаң,
Бізге әперген жақсы өмір»
(әліппеден).

«Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр мылқау танымас тірі жанды..»
осы өлеңді мұғалім мәнерлеп оқығанда, аппақ шал кіріп келетіндей тырп етпей тыңдаушы ек.
Сұлтанмахмұдтың өлеңі:
«Күзгі түн, шөптің басын қырау көмген,
Ызғар шашып, бұлт мынау жерге төнген.
Қараңғы, итпен бірге қой күзетіп,
Мен ояу, ел ұйқыда, оттар сөнген.
Ұзақ түн, жолдасым жоқ иттен басқа,
Бүтін киім менде жоқ жаурамасқа.
Бір бүтін, кірсіз киім кигенім жоқ,
Туғаннан, міне, шықтым талай жасқа.
Өкпемнен барады өтіп күзгі суық,
Бір жағынан қышытып, биттер буып.
Бит жеген ескі күпі жабағысы,
Жөргекке оралғанда іштен туып.
Бұл битке сонан бері денем азық».
alisha
Кіп-кішкентай қайыңдар,
Желмен бірге еседі,
Кіп-кішкентай қайыңдар
Үп-үлкен боп өседі. Бұл — мектеп қабырғасында жаттаған ең алғашқы тақпағым. Мұны мұғалима сергіту ойындарында қолданатын. Бірінші жолында отырамыз, екінші жолында кешегі Ахметжан көкеміз сынды қолымызды былай да-былай қозғаймыз, сосын соңғы жолында атып тұрамыз;))))))))
Abilakim
Біз бұндай жаттығуды
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы-қырлы жерлермен
ытқып-ытқып жүгірді
Қарап еді артына
Қиығын сап көзінің
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің-деген тақпақпен жасайтынбыз
alisha
Ой, көп қой ондайлар. Мен тек алғашқысын ғана жазған ем, ағасы)
asaubota
мектептегі концерттер қыздардың орындауында «Апам үшін күнде мен» деген әнсіз өтпеуші еді…
alisha
Апам үшін күнде мен,
Дүкенге де барамын,
Су құямын гүлге де,
Отынды да жарамын.

Жоқтатпаймын әпкемді,
Қоям шайын қайнатып.
Жылай қалса, бөпемді
Жұбатамын ойнатып;)
alisha
Үйде «Ауыл кеші көңілді» деген әндер жинағы болды. Сондағы әндерді кезекпен-кезекпен өтірік мақамдарға салып ап, үйді басыма көтеруші ем. Бірінші класста "Әнші балапанға" қатыстым. «Көкек» әнін айтатын болдым, сөйтсем апайым «Аты жоқ құс болады көкек деген» жолды «Аты бар құс болады көкек деген» деп өзгертіп айтқызды. «Апай, кітапта солай ғой» десем: «Аты бар ғой, аты — Көкек!» деп қоймады. Дебютім де, соңғы әнім де сол «Көкек» болды;)
Abilakim
аты жоқ келіншек бар Алиша атты
Сөздері шырындайын балдан тәтті
Nurgisa
Класс сағатында көбіне жүргізуші болатынмын. Кейде домбырамен ән айтуым керек. Өзімді өзім «жариялап», «сахнаның» сыртна барып домбырамды алып, қайта шығатынмын :)))
asaubota
:)) елестетіп көрдім :)))