Кітаптар әлемі..

Кітаптар әлемі..ЮНЕСКО-ның өлшемдері бойынша адамдардың оқыған кітап санына қарай бөлген екен:
Көп оқитын 1 жылда: 21 және одан көп кітап оқитын адам
Орташа оқитын 1 жылда: 6-20 кітап оқитын адам
Аз оқитын 1 жылда: 1-5 кітап оқитын адам
Еш кітап оқымайтын адам, оқымайтын адам
Сіз осы категорияның қайсысына жатасыз? Мысалы өткен жылы оқыған кітаптарыңызды бір санап шығыңызшы… Сосын шыныңызды бүкпей осы жерге жазыңыз… Бұл бір өтініш… Мен мысалға жиырмаға жуық кітап оқыған шығармын деп ойлаймын… Сонда мен орташа оқитындар қатарына жатады екенмін..
Негізі әр бір кітап, жеке жеке бір мұғалім, ұстаз… Сені оқытудан, саған қайталаудан жалықпайды… Тіпті бұл ұстаздың сабағына жүз рет кіремін десең де саған қабақ шытпайды, ұрыспайды… Егер сіздің кітап оқу дағдыңыз жоқ болса, бір күніңізді зая жіберместен, кірісіңіз… Кітап оқуға… Бірақ, бірінші бұл саяхатқа шықпастан бұрын, жақсылап дайындалып алыңыз… Жарты жолда шаршап, тастап кетпейтіндей… Бірінші, өзіңізге қызықты бір кітап алып асықпай оқып шығыңыз басынан аяғына дейін… Сосын біраз уақыттан кейн тағы бір кітап алыңыз..Өзіңіздің кітап оқуға ыңғайлы уақытыңызды табыңыз… Күн сайын сол уақытта бір жарты сағат кітап оқуға машықтаныңыз… Одан кейін іздеңіз… Жауап іздеңіз… Жауап іздеу үшін сұрақ сұраңыз… Мысалға қандай сұрақ? “ Мен кіммін?”… Иә, иә, мен – менмін, сен – сенсің… кете береді, бірақ… негізінде мен – ол сен, ал сен – мен… Яғни біз адамбыз… Адамзатпыз… Адамзатты танып білу үшін, бірінші өзімізді танып алуымыз керек..Өзіңді түсінген сайын, басқаларды түсіне бастайсың..Өзіңді тану арқылы, өзіңді жаратқанды танисың..
Барлық жол, бірінші қадамнан басталады… Басыңыз алғашқы қадамыңызды… Бір кітап дүкеніне кіріп, қатарда тізілген кітаптармен танысып шығыңыз… Сіз өз кітабыңызды табасыз… Кейде сіз кітапты емес, кітап сізді таңдайды… Кім біледі, бәлкім сол қаладағы кезекті бір кітап дүкеніндегі кітап сәрелерінде сіздің кітабыңыз сізді сарғая күтіп жатқан шығар… Асығыңыз… Бұл саяхаттан қалмаңыз…

Мақала сілтемесі: http://bekjan.dosym.kz/?p=328
Бөлісу:

60 пікір

omarbirat
Кітап оқымайтындардан екенмін. Оқитын бола қоюым да неғайбыл сияқты-ау.
Nurgisa
Мынандай тегеуріні жойқын дәуірде кітап оқуға уақыт та тапшы. Уақыт тапшы?
Bekjan
Ол өтірік сылтау Нұреке, адамға берілген уақыттың берекеті соншадық, үнемдеп қолдансаң бәріне жетеді…

Тек сол кітап оқудан алатын ләззаттың дәмін бір тату керек адам…

Мысалға күніне он бес минутыңызды кіта оқуға бөлсеңіз, бір айда 200-300 беттік бір кітап бітіреді екенсіз… Бір жылды 12 оқисыз сонда… Мысалға..:)
Nurgisa
Әй, Бәке, өзің айтқандай қарапайым арифметикаға мойынсұнса қане қазіргі озбыр жұмыс тәртібі. Дегенмен, әркімде әрқилы режим, еңбек ырғағы бар шығар. Шүбә келтірмен. Кітап оқудан ләззат алудан бұрын, таным-түйсікті кемелдендіре түсетініңді айтсайшы. Жақында ғана арамыздан кеткен Қадыр ағаның үйін көрсетіп еді, үйінде қаншама кітап… Ақселеу Сейдімбековте де сондай болған, қателеспесем. Бекерден-бекер көреген, абыз болмаған ғой ғұлама ағалар.
214578
мен кітапты аз оқитындардың катарында екем,,,,,,,,,,,,, Шерхан Муртазаның "Қызыл Жебесин" интернеттен табу мен оқу бир мұң болды-ау,,,,,қандай сайттан таба аламын?
Aikona
Мен аз оқитындарға жатады екем. Нақты санын білмеймін
asaubota
оқымайтындардың қатарында болған екенмін өткен жылы. ал биыл уже 1 кітап бітірдім :)

негізі сылтау екен уақыт жоқ, бала оқытпайды, анау-мынау деген.

ниет болса оқиды екенсің уақыт тауып, баланың да тілін тауып алдандырып қойсаң ол да кедергі болмайды.
Bekjan
Во во, сол ғой айтпағым… Адамды өзін өзі алдағандай ешкім алдай алмайды ғой :)) Бәріне уақыт табуға болады… Ниет болса болды…
Abilakim
біреу ағамның баласын сыра беріп ұйықтатып тастаймын деп еді…
Nurgisa
кітап оқу үшін қай құйтырқылыққа бармайсың…
Abilakim
оның құйтырқылығы кітап оқу үшін емес,әйтеуір өзінің тыныштығын күйтеген түрі ғой екідегі балаға сыра беріп…
Nurgisa
Мен ізгі қалаудан туындаған инновациялық шешім бе екен десем…
Abilakim
2010да жақсы оқығанмын, биыл бастауым керек қайтадан.
alisha
2010 — да аз оқыппын;)
monti
Сабаққа байланысты амал который оқуға тура келед, біраз кітапты :(
А так қазір көбіне, кешке Э'польға керек ертек т.б. кітаптар оқим ))) 1 клас программасын :)

Кейбір кітап болад оқығың келмейтін, даЖ басқа кітапқа тәбет жауып тастайтын :( былтр көктемде қыздар бәрміз книгодарение(басқа қалаларда да бов турад) барғанбыз. сонда бір тупой кітап аптым :( соны оқығаным бекерлік екен((( психикама әсер беріп, жыл бойы кітап оқымай кеттім…

Совет өкіметінің бір + бұрын шет елден кітап кірсе мың електен өткізіп барып шығарған дейд. Во мықт саясат. А қазір бәрі* бар.

ужас сыра беріп… ертең таза алкаголик болад ғо :(
Bekjan
иә, оның рас, біздің кітап нарығымызды ешкім қадағалап жатқан жоқ сияқты..Қазақ кітап нарығының жоқтығына қарап, қазақтар кітап оқымайды деген түйінге келесің…
Qojeke
Сұраныс болмаса кітаптардың саны артып, сапасы жақсара қоймайды.
Bekjan
сол сұранысты тудырудың жолдарын қарастыру керек қой Қожеке…
alisha
Маған Сандра Браун ұнап жүр…
omarbirat
Бұрын ақша жоқта (жұмыс істеп ақша таппай жүрген кезім) табылған кітаптарды оқушы едім. Әйтеуір аяғына жеткенше көңіл тыншымайтын. Кейін жұмыс істеп, ақша таба бастағасын, кітаптарды жинай бастадық. Бірақ оқуға уақыт жоқ. Опшым, сол оқылмай қалған кітаптардың обалы өтіп кетті-ау деймін :)
TOTY
Мен де аз оқитында қатарында екенмін. Шіркін, бала кезде бір жазда қанша кітап оқып тастаушы едік…
sammita
кітап оқуға уақыт жоқ демеймін, тәуліктің жарты сағатын бөлсек де жеткілікті ғой. Ниет керек бәріне. Газет-журнал қараймын тұрақты, көштен қалып қоймайын, жаңалықтарды оқиын деп. Ал соңғы рет кітап сатып алғаныма 2 жылға жуықтапты. «Мега» дүкенінде таңдау мол. Қазіргі тұратын үйімде кітап қоры нашарлау шынын айтайын. 10 шақты ғана. Ал өз үйімде қабырғаның ені мен ұзындығын жағалаған кітап сөресі сіресіп тұр. 5-6 жыл бұрын арнайы кітапханаға барып кітап алушы ем демалыста. Қазір.."қартайдық қайғы ойладық":))
asaubota
интернетті пайдаланып бір «косягымды» айта кетейінші (шамалы болса да мойындап, жеңілдеп қалайын):

бала кезімде 90-ші жылдардың басында, ақша жағы кәдімгідей қиын болды ғой. шешем жұмыстан қысқарып қалды, теміржолда істейтін әкеме айлықтың орнына складтағы үтік, т.б ұсақ түйек заттар береді ақшаның орнына. қысқасы ақша жоқ, бірақ кітап оқығым келеді. мен сол кезде кітап дүкеннен кітап ұрлайтынмын. ол кезде кітап қазіргіден көп еді, жақсы кітаптар шығады. әсіресе балаларға арналған Бастау сериясы күшті еді. неше түрлі повестер, әңгімелер шығады. сабаққа пакетпен барамыз ғой, кітапты сол пакетке салып жіберетінмін технично. түрім де ондай подозрительный емес, шығып жүре беретін едім :)
sammita
ұрлап оқыған кітап қызық болатын шығар, әлгі тамақтың тәттілігі сияқты:))
alisha
маған бала күнімде тап сен сияқты кітап «барымташысының» маған жала жапқаны бар...4-5 жаста шығармын, әйтеуір кітапқа тісім батпайтын кез. Дүкенге барса көрші қыз мені жанынан тастамайды, сөйтсем оған «крайный» адам керек болған екен. «Дымбілместің айға сапарын» ұрлап алыпты. Сатушы біліп қойған. Үйіне барса, Алиша алды дейтін көрінеді. Оны анама айтқан әлгі дүкенші. Ой, таяқты да жедім. Кітап ұрлағаным үшін емес, ұрлықты көре тұра айтпағаным үшін… Көрмегенімді ақыры мойындата алмадым. Жер-дөңгелек. Сол дүкеншінің анасы біздің жоғарғы қабатта тұрады. Онымен кездесіп қалудан қашқақтаймын, біртүрлі маған әлі сенбейтіндей көрінеді;)
omarbirat
Бір жерден оқып едім. Бірақ аптыры, кейіпкерлердің аттары және қайдан оқығаным есімде жоқ:

Бір жазушы студенттермен кездескенде, "Қанша кітап оқыдыңыз?" деп сұрамай ма. Сонда жазушы: "Өзімнің басымдағыны жазып бітіре алмай жүргенде, басқалардың кітабын оқуға уақыт қайдан болсын?" деп жауап берген екен дейді.
Bekjan
қатырған екен… бірақ басындағы кітаптар оған қайдан келді дейсің… Сол кітаптарды жазуға бекем болғанша, талааааай кітапты бітірген шығар…

Мұхтар Әуезов айтқан екен өзінің бір күндегі уақытын қалай өткізетіні туралы сұралғанда: Таң ертең мен жазушымын, азанда тұрғаннан түскі уақытқа дейін шығармаларын жазады екен, түс мезгілінде астанып болғаннан соң, бір ұйықтап алады екен… Түстен кейін мен ғалыммын дейді екен, кешкі уақытқа дейін, ғылыми жұмыстарымен айналысады екен, сосын кешкі асын қамдап болғаннан соң, түнде мен оқырманмын дейді екен, яғни түнде отырып әдеби кітаптар оқиды екен…

Соған қарағанда әркім өзіне ыңғайлы кітап оқу мерзімін тауып алса, кітап оқуға дағдылану жолында үлкен қадам жасаған болар еді…
omarbirat
"Қандай кітап оқып жүрсіз?" деп сұраған да болуы мүмкін, негізі. Еске түскесін жазғаным еді.
Nurkoke
Қанша кітап оқитынымды қарағам жоқ, бірақ көп оқимын, бұрын көркем әдебиетті көп оқушы едім,қазір тарихи кітаптарға көштім.Болған оқиғаларды оқығанды жақсы көремін, кеше ғана Әнес Сарайдың „Ноғайлы„ кітабын бітірдім, енді Нұршайықовтың әйеліне арналған кітабын оқуға кірістім, арасында„Арғын„ деген кітапты да қоса оқи беремін.Осы сайтқа „Көршілер„деген әңгіме қосайын деп едім,қайда қосуға болатынын білмедім.Қарап отырсам бәрі оқымаймыз дейді, сонда бұл сайтқа ол әңгіменің қажеті қанша?
asaubota
мына жерден www.dabai.kz/topic/add/ Әдебиет, кітаптарға қатысты Қауымдастық ашыңыз. сосын сол қауымдастық блогына жазып, бөліссеңіз сізге біраз адам қосылады деп ойлаймын. сәттілік!
Bekjan
Тарихи кітаптарға соңғы кездер менде қызығып жүрмін… Бір рет букинисттен «Чингизнаме» деген Отеміс Қажының `(1550 жылдары жазылған) кітабын сатып алып едім… Сол кітаптан басталды бәрі..Қызығып кетеді екенсің…

Нұршайықовтың әйеліне арналған кітабы
кітап дүкендерінде сатылады ма, аты қалай?

Ал ана «Арғын» деген кітаптың авторы кім екен?
Қарап отырсам бәрі оқымаймыз дейді, сонда бұл сайтқа ол әңгіменің қажеті қанша?
ондай функцияны админ мүмкіндік болса қосып қоятын шығар..әңгімені менің емайлімі жібере аласыз ба? tbekzhan@gmail.com
Nurkoke
Нұршайықовтың кітабының аты:„Мәңгілік махаббат жыры„.Арғын деген кітаптың авторы жоқ, Талас Омарбеков бастаған тарихшылар, арғын, тама т.б. қазақ рулары туралы, олардың тарихы туралы жазды.Ал „Ноғайлы„ кітабында да қазақ руларына жеке жеке тоқталып, сонооу ерте Теле кезінен бастап жазған.
Әңгімемді почтаңа жіберемін, сондай керемет болмаса да шынайы болған оқиға.
Bekjan
Рахмет, Нұркөке…

Кітап әлемі деген бір қауымдастық ашып қойдым, сонда келіп қосылыңыз… Ой бөлісейік..:)
monti
қазақша фантастика жанрдағы кітаптардың авторларын айта отырыңыздар ;)
Сонғы рет казакша жазушым оқыған, Келімбетовтың кітабы. Кермет жазылған, оқып/тоқып алатын кітап кен!

Сосын, қаз ауылды жерде біреуі қайтса* естелік кітап шығарад кен… хммм

хммм кітап ұрлауға келсем// кітапханадағы затты сіңіріп* кетуге өз басым қарсы. Өкімет оған қаржы төкті. және керек адам ертең сол кітапты таппай қиналады. со жағын ойлау керек ;)
ваще кітап ұрлаған күнә мес дейд ғо ага :)
Bekjan
Медеу Серсеке деген кісі бар… Сол кісінің бір әңгімесін оқығанмын… Жақсы жазады екен… Кітап дүкенінен көрсеңіз алыңыз…
omarbirat
Бұрын бір «Жұмбақ бала» деген жұқа бір кітапты оқығаным бар еді. Авторын есте сақтамаған екенмін. Опшым, бір интернатқа жаңадан келген бала туралы. Кітаптың соңында жаңағы бала басқа планетадан келгені белгілі болады. Кейін ағылшын тілін үйренуді бастаған кезде, «WOW!» (Window On The World!) деген кітаптан дәл соған ұқсас оқиғаны оқыдым. Кездейсоқ ұқсастық шығар, бәлкім :)
sammita
Интернатқа келген бала демекші. Шерхан Мұртазаның «Интернет нанын» оқығам кішкене кезімде. Нәсіреддин Сералиевтің «Зеңгір аспан» деген бірнеше повестен тұратын ересектерге арналған үлкен кітабын 5 сыныпта оқығам. Қадірбек Сегізбаевтың «Біз қалада тұрамыз», Коммунар Табейдің «Алматы. Желтоқсан-86» дегендер есімде.
AKY
Тынымбай Нұрмағамбетовтың кітаптары ұнайтын «Балалық шақтың әндері», "Қош бол, ата", «Тұнық су», «Жалғыз шартақ», Бердібек Соқпақбаев, Д.Исабеков т.б. айта берсе, толып жатыр:))
Кітапханадан кітаптарды алып-ап оқып-оқып, бірақ кейін апармайтынмын:)) Мамам жинап-жинап апарып тапсыратын. Не деген иятсыз едім((((
ken
Ол комиксті мен де оқыған едім, дәл сол WOWдан))
araika
Кітапханада өмір сүретін болсам ғой, шіркін! Тіпті ескі кітаптардың иісі де ұнайды :)
Кітапханашыларға қызығуға болады, бай адамдар ғой :)
meirzhan
Кітапханашыларға қызығуға болады, бай адамдар ғой
Бұл сөзіңді айлығы 20 мыңға жетпейтін кітапханашылар оқыса не дер екен :)
Бай дегенді тырнақшаға алуды ұмытып кетіпсің.
Ең дұрыс жол — үй кітапханасын байыту. )
araika
Басқа-басқа, керекшілер мұны түсінеді деп жаздым, мұның дәлелі- мына сен:)
Үй кітапханасы дегеңіне қосылар ем, бірақ ол әрі кеткенде бір бөлмеңді ғана алады. Сонан соң өзгелер сені түсінсе жақсы ғой, еңбегің еш болып, 1-ақ күнде сол кітаптарың қоқыс жәшігіне кететін де сәттер болады
meirzhan
Бір бөлме бір адамның басына жетерлік. Әмбебус болудың қажеті қанша. Өзіңнің қызығушылықтарыңды қанағаттандырса болды емес пе. Қоқысқа кетсе кетер, сен ең алдымен өзің үшін жинадың ғой. Ұрпақтар керек етпесе оларға керек болмағаны. Есесіне электрондық кітаптарды оқыр :)
araika
сонда да болсын, кітапхана кітап оқуға еңңңң ыңғайлы орын.
Біріншіден, ешкім кедергі келтірмейді; екіншіден, үйдегідей қисайып, жантайып, жастанып, жатып оқымайсың; үшіншіден, біреулерде әдет бар- тамақ жеп отыратын, солар үшін ДИЕТА:)
meirzhan
Әркім үшін әрқалай. Біреуге үйде, біреуге кітапханада, біреуге далада оқыған ыңғайлы.
araika
Дала демекші, саған сондай кеңес берем, тез қабылдауға көмегі тиеді
meirzhan
иә, қыста емес бірақ :)
bazuka
бір құрбым кітапханада жұмыс жасайды, кітап оқымайды екен бірақ)) қатты таң қалдым.
araika
ех деп бір күрсінуге болады :)
Zilola
Бүгін гараждағы қораптарды ақтарып қарап, неше түрлі кітаптар таптым. Қыс бойы соларды реттеп қоюым керек.
Оқығанды ұнатпаймын, бірақ жигап қойған ұнайды. Кітапқа өте қызғаншақпын, біреуге оқуға болмаса на совсем бергім келмейді :(
araika
Кітапқа өте қызғаншақпын
мен керісінше, рекомендеп, өз қолыммен тапсырамын. Сонан соң уайымдап жүргенің, мен сияқты әсер алар ма екен деп:)
meirzhan
Ал мен қызығып, сатып алам, да оқымайм :)
araika
кітаптың да кінәсі боп жатады мұндайда:))
Zilola
мен біреу әкетіп қала ма деп жаным шығады, бұрын мектепте кітапханадан кітап ұрлаудың өзі мен үшін күнә емес етін :)
Кітапты жақсы көремін :)))
bazuka
орташаға жатам шығар деп ойлап отырмын, кітаптарымды бір жылда мынадайын оқимын деп санамаппын, кітапты оқысам ішіне кіріп кетіп оқимын, менде жұмыс істеу де юхтау да жөніне қалады))
Lyaila
Рас, кітап — өзіндік сиқыры бар әлем!Қызығана бір енсең шыға алмай қаласың…
Кітап жинайтын «аурудан» арыла алмай-ақ келем, әсіресе, көшкенде қиындау… ал, тастауға көзің қимайд…
Dinara
Негізі кітапты демалу үшін оқығанды жақсы көрем. Бірақ көбіне керісінше шығып жатады менде :) Өткен жылы Alexandra Cavelius-тың Босниялы бір қыздың азапқа толы өмірін суреттейтін Leyla атты романын оқып ол жерде суреттелген оқиғалардан кәдімгідей ауырып қалғаным бар. (көбіне автобуста оқитын едім, жұмысқа барарда қайтарда. Қиын жерлерін оқып, жүрегім айнып, бей жай боп үйге әрең жеткем :)). Содан кейін сюжеті зорлық зомбылыққа толы кітап оқымаймын дегем. Қайдағы, тағы да бір соғыс туралы Лимон ағашы деген кітапты бастадым өткенде.
Қылмыстың бірінші томын бітіріп қойғалы да көп болды, ары қарай жалғастыруға батылым бармай жүр. Сабаққа қатысты оқуым керек кітап толып тұрса да, тарихи романдарға деген қызығушылығым күшейіп жүр жалпы.
e_zhalgas
Кейде сіз кітапты емес, кітап сізді таңдайды
постмодернизмнің түсініксіз, бірақ тартымды оралымдарымен аңқып жатқандай ма. ендеше, кафкаланыңдар, борхестеніп, джойстықтан, прусстыққа бара беріңдер, бастысы — өздеріңді табуға көмектесетін болса болғаны. камасутралануды да ара-тұра естен шығармаңдар :)

пы.сы. айтпақшы, жылына қанша оқитынымды есептеп көрмеппін, бірақ аз екенін кепілдік беремін, ары барса 5-6
Delhi
Жас кезімде деп бастайынЩ.әр сенбі сайын кітапханаға барып 2 кітап алатын едім. Сол кітаптарды келесі сенбіге дейін бітіріп, түсінігімді қысқаша дәптерге түсіріп отыратынмын. Кітапты қатты оқитын едім. Ол кезде жыл соңында жарыс болатын, ең көп кітап оқитын адамдар арасында. Оқыған кітапдың тізімін ұстап отырып кез келгенін сұрайтын еді. (Сонда әр сенбі сайын 2 кітап оқысам жылына біраз кітап шығатын сияқты.)
Ал қазір, қазір тіптен кітаптың бетін ашқым да келмейді. Әлде уақыт жоқ, әлде қызық емес.